- •Ә.П білім беру кешені ретінде
- •Ә.П тәжірибе ретінде
- •Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- •1.Карвасарский б.Д:
- •2.Кочюнас р.:
- •3.Немов р.С.:
- •Құжаттар:
- •Осы заңдарды басшылыққа ала отырып әлеуметтік педагог мындай қызметтік бағыттарда жұмыс жүргізеді.
- •Рефлексия әдісі « Күн »
- •Рефлексия әдісі «Бір сөзбен » Оқушылар өздерінің көңіл күйін білдіретін 12 сөздің ішінен 3 сөзді таңдайды:
- •Осыны пайдалана отырып, әрі қарай дамытарсыңдар....
- •В.Франкл адамның əрекетін 3 типке бөлді:
- •Логотерапияның техникалары:
- •Нлб негізгі әдістері және техникалары
- •Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- •Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)
- •Кеңес берудің әңгімелесу мазмұны оның кезеңдеріне байланысты ерекшеленеді. Кеңес беру процесін шартты түрде 4 кезеңге бөледі:
- •Ақпаратты өңдеу және анализ жасау әдістері.
- •Кеңес беруді эффкетивті бағалау әдістері.
- •Қарым-қатынас мәселелері.
- •Үш адам қатынасындағы қиындықтар.
- •Тұлғалық мәселе мен қарым-қатынас арасындағы байланыс.
- •31. Үрей туғызу себебтері және оны алдын-алу жолдарына кеңес беру сауалдарын тізіңіз
- •32. Қорқыныш және фобия (аймофобия, гипсофобия, клаустрофобия, агорафобия және т.Б.) түрлеріне өмірлік мысалдар келтіріп, талдау жасаңыз.
- •33.«Жастар мен жасөспірімдердің тәртібіне ортаның әсері» тақырыбына шағын эссе жазыңыз «!!!!!!!!!!!!!!!!!! Оқып алып арасынан жазыңдар !!!!!!!!!!!!!!!!!!!»
- •34.Әлеуметтік бейімделумен қамтамассыз етуде кеңес берудің рөліне көзқарасыңыз
- •35. Үрейленуді тарқатуға байланысты аутотренинг және кеңес беру түрлерін ұсыныңыз
- •40 Тұлға бойындағы стресс кезеңіндегі кеңес беру үлгісін құрыңыз
- •41 Ұжымдық кикілжіңдер мен кикілжіңдердің негізгі типтерін ескере отырып, одан шығу жолдары мен кеңес беру бағытын ұсыныңыз
- •43 Жағдаяттың кеңес берушілік сипатына талдау жасаңыз.
- •44 Жеке және топтық кеңес беру барысында шешуге болатын өмірлік қиыншылықтар мен мәселелердің, кикілжіңдердің тізімін түзіңіз және оларды түсіндіріңіз
- •46 Диагностикалық әңгімелесу әдістерінің жүргізілу сценариін ұсыныңыз
- •47 Арттерапиялық тренингтің тұлғаға әсерін түсіндіріп, мысалмен дәйектеңіз
- •48 Кез келген отбасының немесе өз отбасыңыздың динамикасының тіршілік кезеңінің сатыларын бөліп көрсетіңіз
- •49 Педгогтардың жұмыс істеу тәсілдерін жағдаяттар құру арқылы түсіндіріңіз
- •50 Суицидтік жағдайларға жағдаят құрастырыңыз және кеңес беру үлгісін ұсыныңыз 3
- •51Үрейленуді жоюға байланысты аутотренинг арқылы кеңес беру жолдарын ұсыныңыз
- •Әлеуметтік педагогтың мектептегі іс-әрекеті
- •Әлеуметтік педагог мектепте негізгі бағыттарда жұмыс жасайды:
- •Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:
- •60.Жасөспірімдер мен балалардың жүріс-тұрысына (ерте наркомания мен ішімдіккесалынуы) т.Б. Мәселелер бойынша ата-аналар мен педагогтарға топтық кеңес беру жолдарын сипаттайтын жоспар түзіңіз.
- •1. “Кездесу”
- •2. Ассосация “Жанұя”
Ақпаратты өңдеу және анализ жасау әдістері.
Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.
Ақпаратты сақтау
Ақпаратты қайта – қайта пайдалану және оны тасымалдау үшін ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.
Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.
Ақпаратты жөнелту
Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға
телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.
Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.
Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.
Ақпаратты өңдеу
Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.
Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.
Анализ дегеніміз — объектіні бірнеше құрамдас бөліктерге бөліп алып, оларды жеке зерттеу. Ондай бөліктер ретінде объектінің белгілі бір заттық элементтері немесе оның қасиеттері, белгілері, қатынастары алынуы мүмкін. Объектінің өзін ұстау заңдарын айқындау үшін алдын ала оның маңызды және екінші қатардағы белгілерін ажыратып алу керек. Олардың жалпы объект құрылымы мен ұстанымында алатын орнын айқындау керек. Объектіні тұтастық ретінде тану оның құрамдас бөліктерін зерттеумен шектелуге болмайды. Таным үдерісінде олардың арасындағы объективтік мәнді байланыстарды ашу, оларды жинақтап, бірлікте қарастыру қажет. Таным үдерісіндегі осы екінші кезенді жүзеге асыру — объектінің жеке құрамдас бөліктерін зерттеуден оның біртұтас байланысқан жағдайын зерттеуге көшуге, анализ әдісін өзге әдіспен, яғни синтезбен алмастыруға байланысты.
Анализ аяқталған жерде синтез басталады. Синтездеу кезінде объектінің анализ жасау кезінде ажыратылып тасталған құрамдас бөліктері қайтадан біріктіріледі. Бүл жерде синтездеу деп элементтерді біртұтас жүйеге қарапайым механикалық түрде біріктіру деп түсінбеу керек. Шындығында, ол тұтас жүйедегі өр элементтің орны мен рөлін анықтайды, олардың өзара байланыстарын белгілейді. Демек, біздің көз алдымызда зерттелетін объектінің нағыз диалектикалық бірлігін көрсетіп береді.
Анализ бен синтез бір-бірінен бөлек операциялар емес, мәніне қарай олар танымның аналитикалық, синтетикалық әдісінің екі жағы болып табылады. Индукция ойдың жалпыдан жалпыға қарай бағытталуын, дедукция кері бағытта, ойдың жалпыдан жалқыға қарай бағытталуын сипаттайды. Біздің ой қорытуымызда индукция жиі көрініс береді. "Барлық адам өледі. Юлий Цезарь — адам. Демек, Юлий Цезарьдің де өлетіні белгілі". Жалпы жағдайды біле тұра, таным субъектісі оны сол сипаттағы құбылыстардың бәріне ауыстырады. Бұған дейін мұндай объектілер ұзақ индуктивті тану жолынан өткендіктен, сол білімдердің нәтижесінде жеке зерттеу логикалық қорытуға ұласады.
