Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеңес беру толық жауап.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180.77 Кб
Скачать

СПС-тің тұрғындары кеңес беруде алғашқы 4 сұрақ бір-біріне ұқсайды. Сол себепті жауап барлық сұрақты қамтып қойылды. Әрі қарай экзаменде өздерің құрастырып жазарсыңдар!!!

17-19-20 сұрақтың жауаптары жоқ, егер де тауып жатсаңдар салып қоярсыңдар.

  1. Кеңес беруді педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретінде түсіндіріңіз.

Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын  әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара. XX ғасырдың соңғы онжылдығында елімізде болған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты білім беру саласы мамандарынан тек әлеуметтік тәрбие мен оны жүзеге асыру технологияларына байланысты жұмыстар емес, сондай-ақ отбасы мен балаларды әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсету, қорғау шараларын ұйымдастыру керек болды.Осыған орай білім беру саласында әлеуметтік педагогтың жаңа қызмет саласы «әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру» пайда болды.Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру – әртүрлі проблемаларға кезіккен адамдарға әлеуметтендіру, әлеуметтік функцияларын қалпына келтіру, өмір сүруге қажет әлеуметтік нормаларды қалыптастыру мақсатында кәсіби жәрдем беру»

Әлеуметтік педагогикалық кеңес беруді үш тұрғыда қарастырамыз:

  1. Ә.п ғылым ретінде

  2. Ә.п білім беру кешені ретінде

  3. Ә.п тәжірибе ретінде

1.Ә.п ғылым ретінде қарастырылған кездегі функциялары келесідей:

  1. Сипаттайды(описание)

  2. Түсіндіретін

  3. Болжамдайтын

  4. Диагностикалық

  5. Аналитикалық

  6. Интеграциялық

Ғылым ретіндегі ерекшелігі:

  1. Категориялары

  2. Заңдары

  3. Заңдылықтары

  4. Теориялары болады.

Нысаны: Ә.п іс-әрекеттің субъектілері мен институттарының баланың толық қамтамасыз етуілуіне бағытталған әрекеттер жиынтығы, яғни әлеуметтенуі.

Пәні: әлеуметтену процесіндегі заңдылықтар, қарама-қайшылықтар, әдіс-тәсілдер.

Мақсаты: білім беру үрдісі мен тәжірибесін жақсарту.

  1. Ә.П білім беру кешені ретінде

Әлеуметтік салада жұмыс жасаушылардың ғылыми-білім берушілік іс-әрекеті сипатталады.

Нысаны: Ә.п ерекшеліктері туралы айқын ғылыми –импирикалық білімдер жиынтығы.

Пәні: Ә.педагогтарды даярлау үрдісі

Мақсаты: даярлау сапасын қамтамасыз ету

Функциялары:

  • Білімдер жүйесін қалыптастыру

  • Дағды мен біліктер жүйесін қалыптастыру

  • Кәсіби мәнді біліктер қалыптастыру

  • Эмоциялық құнды қатынастар қалыптастыру

  • Өз бетінше білім алу, жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру және т.б.

  1. Ә.П тәжірибе ретінде

Ә.п саласындағы тәжірибелік іс-әрекет.

Нысаны: жалпы адамның әлеуметтік ортамен байланысы.

Пәні: адам әлеуметтенуінің тиімді жағдайын туғызу іс-әрекеті.

Мақсаты: әлеуметтенуді қамтамасыз ету.

Функциялары: диагностика; прогностика; білім беруші; коррекция; бейімдеушіліік; бақылаушылық; реабелитациялық; профилактикалық.

Кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық қызметтің кәсіби бір бөлігі, формасы болып табылады. Яғни кеңес беру барысында кеңес беруші маман клиентке кәсіби тұрғыда әлеуметтік, педагогикалық көмек көрсетеді, әлеуметтік-педагогикалық білім негізін үйрете отырып туындаған қандай да бір мәселені шешуге бағыт көрсетеді. Әлеуметтік-педагогикалық көмектің негізгі бағыттары Л.Я. Олиференко, Т.И. Шульга, И.Ф. Дементьева бойынша келесідей: баланың психологиялық даму мәселелері; жасөспірім-балалардың жеке тұлғалық мәселелері; отбасы мен неке мәселелері; мектептік кеңес беру; кәсіби кеңес беру және т.б. Аталған мәселелерді шеше отырып кеңес беру барысында педагогикалық білімдендіру әрекет жүзеге асады.

Кеңес беру түрлі мәселелер бойынша жүргізіледі, яғни кеңес беру санқырлы. Кеңес беру кіші жастағы балалардан басталып ересектерге дейін жалғасады. Мұнда кеңес беруге жүгінуде әрбір клиенттің өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай кеңес беру үрдісі түрлі сипатта, бағытта, түрлі тәсілдер қолдану арқылы жүргізіледі. Кеңес берушінің тәжірибелелігі мен кәсіби біліктілігі оның кез келген мәселеде орынды шешім тауып, клиентке дұрыс бағыт көрсетуіне мол септігін тигізеді.

Кеңес берудегі негізгі мәселелердің бірі педагогикалық білім беру, клиентті педагогикалық тұрғыда кәсіби түрде білімдендіру. Туындаған мәселе шешімі жағдайларға байланысты педагогикалық білім беруді, клиентке түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етуі мүмкін. Педагогикалық білімдендіру кеңес беру ісін шартты түрде тиімді етуі мүмкін. Сондықтан, кеңес беруді педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретінде қарастыру орынды болып табылады. Осы тұста атап кетер жайт, кеңес беру объектілер. Кеңес беру объектісінің педагогикалық білім деңгейі төмен болуы мүмкін (мысалы, ол кіші жастағы бала; педагогика саласына қатысы жоқ, педагогика мәселелерінен мүлдем бейхабар ата-ана болуы мүмкін ). Әрине, бұл жағдайда кеңес беру тиімділігін арттыруда педагогикалық білім берудің маңызы зор болады. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің психологиялық кеңес беруден ерекшеліктерінің бірі – педагогикалық білімдендіру әрекетінде болып табылады.

Қазіргі таңда әлеуметтік-педагогтың аса зор маңызға ие негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын формасы - кеңес беру. Қоғамдық қатынастар, адамдардың жеке тұлғалық мәселелері, мінез-құлық ауытқулары, қарым-қатынастар жүйесіндегі мәселелерді шешуде кеңес беруші көмегі өте қажет. Және осы мәселелерді шешуде педагогикалық білім жүйесі қолданылуы кеңес берудің педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретіндегі рөлін түсіндіреді.

4. Кеңес беру іс-әрекетінің негізгі компоненттері мен жүргізілу барысын көрсетіңіз

Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру - бұл әлеуметтендіру, тұлғалық болмысын қайта қалпына келтіру және олардың әлеуметтік функцияларын, бағдарын, қарым-қатынас нормаларының қалыптасқан тәжірибелерін оптимальдандыру мақсатында адамға психологиялық ықпал ету тәсілімен әлеуметтік көмек көрсетудің ерекше формасы. «Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады. «Кеңес беру» сөзі латын тіліндегі consultare – ортақ шешімге келу, қамқор болу, ақылдасу деген сөзден шыққан. Қазақ тіліне аударғанда ол кеңес, қандай да бір сұрақ бойынша маманның түсіндіруі, білімдер аясын кеңейту және оны тереңдету мақсатымен әңгімелесу деген мағына береді. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет барысында адамдардың тікелей әлеуметпен байланысты туындаған мәселелері төңірегінде педагогикамен байланыстырыла отырып жұмыс істелінеді. Ал әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру кезінде туындған осындай әлеуметтік-педагогикалық мәселелерге байланысты клиентке кеңес беріледі; мәселе жайлы ақпараттандыру, яғни педагогикалық тұрғыда білімдендіру; мәселені шешуде альтернативті ұсыныстары жасалады. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді жүргізу мәселелері түрліше болады: жұмыс орнындағы мәселелер (жұмыс жағдайына қанағаттанбау, жұмыстың қызтырмаушылығы, жұмыс басшылығымен жіне әріптестермен кикілжіңдер, жұмыстан шығу қауіпі), отбасы мәселелері, жек тұлғалық мәселелер, мектептегі бала мәселелері, жеке тұлғаның өзіне деген сенімсіздігі және өзін бағалауының төмендігі, белгілі бір мәселелерді шешу кезінде өз шешіміне сенімсіздік, қарым-қатынас мәселелер, және т.б. Аталған мәселелер әлеуметтік-педагогикалық сипатта және ол әлеуметтік-педагогтың қатысы арқылы шешімін тауып, әлеуметтік-педагог тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл тұстағы кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық сипатта болады.