Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontrol_kachestva.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

11. Ішкі және сыртқы жағындылардың өзара ерекшеліктерін көрсетіңіз.

Жаққыш заттар немесе жағындылар (смазки). Бұл заттарды композицияларға өңделуін жақсарту үшін қосады. Бұл кезде өңдеу температурасы төмендеп, материалдың формалану процесі біртекті және тез өтіп, композицияның аққыштығы жақсарады.

Полимерге әсер ету сипаты бойынша жаққыштар «ішкі» және «сыртқы» жақыштар болып бөлінеді. Сыртқы жаққыштар негізінен композицияның құрылғылардың және қалыптайтын құралдың бетіне жабыспауын (олар полимер мен металл беттің арасында жұқа үлдір түзеді) қамтамасыз етеді. Олардың полимермен үйлесімділігі төмен болуы керек.

Ішкі жаққыштардың полимермен үйлесімділігі жақсы болады, ол композиция балқымасының тұтқырлығын төмендетеді және оның аққыштығын жақсартады.

Жаққыштарды дұрыс таңдамау немесе оларды дұрыс дозаламау бұйымда әр түрлі ақаулардың пайда болуына себепші болады. Полимерлі композицияларда жаққыштар ретінде май қышқылдары, күрделі эфирлер, т.б. қолданылады.

12. Өндірілетін және тауарлық формалар, олардың өзара өзгешелігін атап көрсетіңіз.

Пластмасса өндіру зауыттары мен цехтары қолдануға дайын термопластар мен реактопластарды дайындайды. Алайда кейбір жағдайда оны өзгерттетін жайт пайда болады, екіншілік материалдарды немесе бояғыштарды қосу, партияны орташаландыруға, кептіруге және де басқа дайындық операцияларды процесстің технологиялық схемасына ендіру. Өндірістен шығатын полимерлі материалдарды шикізатты және жасалмалы деп бөледі. Шикізатты пластмассаларға сусымалы материалдарды жатқызады:гранулалар, ұнтақтар, волокниттер және т.б., жасалмалы – үлдірлер, беттер(листы), плиталар, блоктар және т.б. Көптеген полимерлі композицияларды гранула мен ұнтақ түрінде өндіреді. Өңдеуге оңтайлы гранулалар болып табылады. Гранулденген материал-бірдей өлшемді сусымалы дән тәріздес өнім. Гранулалар цилиндр, шар, куб, тіктөрт бұрышты болуы мүмкін. Грануланың өлшемі оның материал түріне және оның өңдеу әдісіне тәуелді болады. Балқу температурасы артқан сайын грануланың өлшемін кішірейту жөн. Термопласты грануланың өлшемі 2-6 мм аралығында болады.

Бұрыс формалы және 2мм дейін болатын материалдарды ұнтақ ретінде қарастырады. Ұнтақ түрінде термопластарды тек оның қасиеттері нашарлағанда қолданылады, мысалы полимердің деструкциясы. Өндірісте үлкен таралуға термореативті ұнтақ тәрізді полимерлер ие болды(әдетте оларды пресс-ұнтақ дейді). Қолданыста пастотәріздес массалар да ие, мысалы ПВХ пластизолі.

Құймалы олигомерлі композициялардың компоненттері негізінде сұйық және оңай балқитын заттар, өңдеу температурасындағы тұтқырлығы 2-3 Па*с, әдетте оларды күбіде(бочка), флягада, цистернада тасымалдайды. 1 сатылы схемның реакционды қалыптау кезінде бастапқы сұйық өнімдер складтан құймалы машинаның жұмыс ыдысына жіберіледі. 2 сатылы процесс схемасын қолданғанда, мысалы полиуретаннан бұйым алу, бірінші сатысында реакцияға қабілетті изоцианатты топтардан төмен молекулалы полимер синтезделеді(преполимерлер немесе форполимерлер), олар екінші сатысында диаминмен триолдармен қатаюға ұшырайды. Преполимерлер сақтауға тұрақсыз, сондықтан оларды тікелей механикалық араластырғышы бар реакторында өңдейді.

Резиналық қоспаларды негізінде жалғыз өндірісте өңдіреді және өңдейді, бастапқы өнім ретінде каучукты, техникалық көміртекті, сұйық немесе оңай балқитын жұмсартқыштарды, ұнтақты және гранулденген химикаттарды қолданады. Гранулденген және ұнтақты компоненттер хоппер вагондармен немесе автофургондармен резинакордты немесе банкада тасымалданады, ал сұйық және оңай балқитын компоненттер темір жол цистерналарында тасымалданады. Жағары сапалы резиналық қоспа болуы үшін , оның бүкіл компоненттері біртекті, дисперсті, ылғал, ұшқыш зат мөлшері аз болуы керек. Сондықтан резиналы қоспаның кейбір компоненттері қолданыс алдында қосымша өңдеуге: фильтрацияға, дробление, декристаллтзацияға (каучуктер) ұшырайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]