Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontrol_kachestva.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

9. Термоэластопласттар туралы мағлұмат беріп, оларды мысал келтіре отырып сипаттаңыз.

Соңғы жылдары термоэластопласттарды (ТЭП) өңдеу қарқынды дамып келеді. ТЭП бұл термопластпен эластомерлер макромолекулаларының блоктары кезектесіп орналасқан ЖМҚ. Бұл материалдар термопласт блоктарының шынылану немесе балқу температураларынан төмен температура аумағында эластомерлер сияқты, ал едәуір жоғары температураларда термопласттар сияқты, яғни тұтқыраққыш күйге кері өте алады, яғни формалау әдістеріне қолдануға ыңғайлы. Кеңінен қолданылатын ТЭП изопренстиролды және бутадиенстиролды каучуктер, сонымен қатар, полиуретандар (вольцуемые) және т.б. Таза полимерлі материалдар өндірісте, тұрмыста таза күйінде кеңінен қолданылмайды.Ол полимер балқымасының термотұрақтылығының аздығына, жоғары тұтқырлықтығына және бұйымдардың төмен физика-механикалық қасиеттеріне негізделген.Кей кездерде шикізаттың қымбаттауы одан жасалған бұйымдардың қымбаттауына алып келеді. Сондықтан да, бұндай мәселелерді, яғни бұйымдардың физика-механикалық, диэлектрлік қасиеттерін түрлендіру, УФ сәулелердің, жылудың әсерінен полимерлердің деструкциясын (құрылымының бұзылуы) болдырмау, бағасын төмендету, оптикалық қасиеттерін, түсін өзгерту, сонымен қатар, полимерлі материалдардың өңдеу қабілеттерін жақсарту сияқты мәселелерді шешу мақсатында олардың құрамына басқа полимерлер немесе полимер емес басқа заттар қосады. Сонымен, термопласттар мен реактопласттардың негізінде алынған композициялық полимерлі маетериалдар пластикалық массалар деп аталады, ал эластомердің (каучуктің) негізінде алынған материалдар резиналар деп аталады.

10. Термопласттар мен реактопласттарға сипаттама беріп, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.

Полимерлер бұл молекулалары бірдей құрылымды элементарлы буындардың жиынтығынан тұратын молекулулық массасы үлкен заттар. Мол.массасы 5000-10 000 аралығындағы полимерлер олигомерлер деп аталады, одан жоғары мм полимерлерді ЖМҚ деп аталады. Полимерлер сонымен қатар, табиғи (целлюлоза, шелк, натуральный каучук, т.б.), жасанды (химиялық жолмен мономерлердің бір бірімен химиялық ковалентті байланыс арқылы байланысуының нәтижесінен синтезделген).

Полимерлер термопласттар және реактопласттар болып бөлінеді. Термопласттан жасалған полимерлер формалағанда (формование) балқыманы шынылану мен кристалдану темературасынан төмен температурада салқындатуды қажет етеді. Қыздырған езде бұл полимерлер тұтқыр аққыш күйге өзінің химиялық құрлысын өзгертпей ауысады. Қайта қыздырып суыту бұл материалдардың қасиеттеріне айтарлықтай өзгеріс әкелмейді. Термопласттардан (полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид, т.б.) экструзия, қысымда құю, вакуумда формалау және т.б. әдістері арқылы бұйымдар алады.

Реактопласттан жасалған бұйымдар (термореактивті полимерлер) макромолекуланың химиялық реакцияның нәтижесінде үшөлшемді «тігілген» құрылымының түзілуінен тұрақты формалыққа ие болады. Бұл кезде реактопласттар өздерінің қайта тұтқыр аққыш күйге өту қасиетінен айырылады. Реактопласттардың үшөлшемді құрылымының түзілу процесі «қатаю» (отверждение) деп аталады. Реактопласттарға реакцияға қабілетті олигомерлер де көбінесе фенолформальдегидті, эпоксидті шайырлар, жай және күрделі эфирлер, қыздырғанда және онсыз да қататын соңғы функционалды топтары бар көмірсутекті олигомерлер де жатады. Реактопласттардан бұйымдарды дәстүрлі әдістермен: престеу, құйып престеу, қысымда құюмен өңдейді. Қазіргі кезде рекацияға қабілетті олигомерлерді «сұйық фазада» формалау қарқынды дамып келеді. Бұл әдіс бір уақытта материалды дайындауды, формалауды және қатайтуды бір сатыға біріктіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]