Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontrol_kachestva.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

7. Кірмелі және жедел тексерістің өзара өзгешелігін көрсетіңіз.

Кірмелі бақылау – бұл бастапқы шикізатты (пресс порошок, каучук, олигомерлер, химикаттар, толтырғыштар және т.б.), қаптау жабдықтары және сырттан келген басқа дайын өнімдерді тексеру;

Полимерлі материалдардын алынатын бұйымдардың сапасы шикізаттың сапасына байланысты болып келеді (термореактивті пресс ұнтақтар, ұнтақтәріздес немесе гранулды термопластар, каучуктер, олигомерлер, толықтырғыштар, армирлеуші материалдар). Бұйымға дейін өңделуге арналған шикізат заводта және өңделетін өндіріс орнында бақыланады. Заводтың техникалық бақылау бөлімшесі маркировты анализ жүргізеді, яғни материалдың қасиеттернің ГОСТ-қа сәйкес келуін бақылайды. ГОСТ-та материалдың міндетті нормалары болу керек: сыртқы түрі, қасиеттері, алу әдісі, бақылау әдістері, сынама алу, траснспорттау мен қаптау әдістері көрсетілуі қажет. Полимерлі материалдарды өңдейтін өндіріс орындары орталық завод лабараториясы немесес цехтық бақылау лабараториясы заводқа түсетін шикізат пен материалдың сапасын бақылайды. Сапасы тұраықты шикізатпен материалдар таңдалмалы түрде анализденеді (түсетін партиядан 25-50% сынамаға алынады), ал біртектілігімен ерекшеленбейтін өнімдер толығымен барлық партиялары бақылаудан өтеді. Алынған нәтижелерге сәйкес партия ары қарай қолданысқа жіберілу не болмаса рекламацияға ұшырауы анықталынады.

Кірмелі бақылау нәтижелері барлық өндіріс орныдарында сапасы бойынша анықталынған құжаттарымен жіберіледі. Кейбір өндіріс орындарында полимерлі материалдарды өңдеу мен қатар олардан полуфабриканттар алумен қатар жүреді (резиналық қоспалар, термореактивті пресс ұнтақтар немесе талшықтар, олигомерлі жартылай өнімдер т.б). Бұл жағдайда кірмелі бақылаумен қатароперациялық(цехаралық)полуфабриканттардың бақылау анализі де қатар жүргізіледі. Бұл анализ құрамын, компоненттердің тасмалдануы мен диспергирленуін, алынатын өнімнің техникалық қасиеттерін зерттеу үшін қолданылады. Мысалы, резиналық қоспаларды дайындаған кезде, ығыстыру процессі аяқталған соң өнімнің тығыздығы, пластикалық, эластикалық қаиеттері, вулканизациялық көрсеткіштері, вулканизаттардың физика-механикалық қасиеттері анықталынады.

Экспресс(жедел) бақылау – материалдың көрсетілген қасиеттерінің дұрыс екендігін анықтайтын дәл және аз уақытты лабараториялық бақылау. Жедел бақылау операциялық бақылаудың бір түрі болып саналады. Жедел бақылау сапасыз жартылай фабриканттың технологиялық операцияларға түспеуіне жауап береді. Жедел бақылауда негізінен 2-3 көрсеткіш белгіленеді. Мысалы, шиналық және резинатехнологиялық заводтарда тығыздық, қаттылық және пластикалылық анықталынады. Жедел бақылаудың оперативті және инфориативті әдісі болып виброметриялық әдіс болып саналады. Сынамаға қажетті құралдар бақылау лабараториясында орналастырылады және шикізат жайында ақпарат бірнеше минуттың ішінде пайда болады. Кірмелі анализдің нәтижелері мен жедел бақылаудың нәтижелері полимерлі материалдарды өңдейтін цехтарға жіберіледі.

8. Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.

Полимерлі материалдар құрамына полимерден басқа компоненттер кіреді. Олардың әрқайсысы өзінің қызметін атқарады. Олар: толтырғыштар, пластификаторлар, қатайтқыштар, бояғыштар, тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) және т.б.

Толтырғыштарды полимерлі материалға пластикалық массаның көптеген көрсеткіштерін жақсарту үшін немесе арнайы қасиет беру үшін (диэлектрлік, антифрикциондық, коррозияға тұрақтылық), бояу және материалды арзандату үшін қосады.

Бұйымдардың аязға тұрақтылығын жақсартуда, қолдану мен өңдеу жағдайындағы пластикалылығы мен эластикалылығын жоғарылатуда полимерлі материалдың композициясына пластификаторлар қолданылады.Бұл заттар молекулааралық орындарға (промежутки) кіріп, макромолекулалар арасындағы байланысты үзіп, молекуланың иілгіштігін арттырады. Сөйтіп полимердің пластикалық қасиетін жақсартады. Пластификаторлар ретінде май қышқылдары мен олардың тұздары (лаурин қышқылы, мырыш стеараты, дибутилфталат, дибутилсебацинат), күрделі эфирлер және синтетикалық полимерлер (полиизобутилен, бутилкаучук, полиакрилаттар ж/е т.б.) қолданылады. Пластификатордың мөлшері артқан сайын, материалдардың эластикалық қасиеті артып температуралық қасиеттері төмендейді.

Қатайтқыштар (вулкандаушы заттар) – полимерлі композицияларда сызықты макромолекулаларды өңдеудің белгілі бір сатысында тігілген кеңістіктік құрылымға айналдыру мақсатында қолданылатын тігуші агенттер болып табылады. Қатайтқыштардың түрін полимер табиғаты мен композицияның қасиетіне байланысты таңдайды. Реактопласттарда қатайтқыш ушін гексаметилентетраамин, параформ, ди ж/е поликарбон қышқылдары қолданылады. Ал резиналар үшін күкірт, полисульфидті қосылыстар, новолакты шайырлар қолданылады.

Қартаю (бұзылу)процестерін тежеу үшін тұрақтандырғыштар (стабилизаторлар) қосады. Тұрақтандырғыштар полимерлердің жарық сәулесіне, радиацияға, жылуға, ауа оттегіне ж/е т.б. төзмділігін арттырады. Полимерлерді тұрақтандырғыш ретінде әртүрлі металл тұздары (кадмий, қалайы, барий, кальций) ж/е қышқылдардың тұздары (стеарин, щавель, құмырсқа қышқылы) қолданылады. Жылудың, ауаның, жарықтың әсерінен макромолекуланың химиялық құрамы өзгеріске ұшаруы мүмкін, яғни деструкция болуы мүмкін.

Бояғыштар ретінде полимерлерде н/е пластификаторларда ерімейтін бейорганикалық пигменттер ж/ еритін органикалық еріткіштер қосады. Бұл қоспалар жарыққа, атмосфера өзгерісіне төзе білуі керек. Бояғыштардың маңызды қасиеттерінің бірі миграциялық тұрақтылығы.Бояғыштың бұл қасиеті бояғыштың полимерде н/е пластификаторда еруіне негізделген. Пигменттердің полимерде ерімеуі олардың жоғары миграциялық қасиетін көрсетеді.

Жаққыш заттар немесе жағындылар (смазки). Бұл заттарды композицияларға өңделуін жақсарту үшін қосады. Бұл кезде өңдеу температурасы төмендеп, материалдың формалану процесі біртекті және тез өтіп, композицияның аққыштығы жақсарады. Полимерге әсер ету сипаты бойынша «ішкі» және «сыртқы» жақыштар болып бөлінеді. Жаққыштар ретінде май қышқылдары мен күрделі эфирлер қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]