- •1. Өнім сапасының сандық көрсеткішін қалай сипаттауға болады. Анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
- •2. Өнімнің сапа деңгейін бағалау әдістерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.
- •3. Сапа деңгейін қалай бағалауға болатындығына анықтама беріңіз және оның этаптарын атаңыз.
- •4. Кәсіпорында өнімнің сапасын бақылау және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •5. Тексерудің түрлерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •6. Кірмелі тексеріс процесін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •7. Кірмелі және жедел тексерістің өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •8. Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.
- •9. Термоэластопласттар туралы мағлұмат беріп, оларды мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
- •10. Термопласттар мен реактопласттарға сипаттама беріп, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •11. Ішкі және сыртқы жағындылардың өзара ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12. Өндірілетін және тауарлық формалар, олардың өзара өзгешелігін атап көрсетіңіз.
- •13. Шикізатты кіруге арналған бақылауға үлгілерді алу және дайындау процесін сипаттаңыз.
- •14. Полимерлі материалдардың түйіршікті құрамына анықтама беріп, полимерлі бұйымға әсерін сипаттаңыз.
- •15. Түйіршікті құрамды анықтау әдістерін атап, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •24.Берілген ик спектрдің сипаттамалық жолақтарына сәйкес келетін топтарды анықтап, көрсетілген затты анықтаңыз.
- •25.Келтірілген ик спектрдің сипаттамалық жолақтарына сәйкес келетін топтарды көрсетіп, берілген затты анықтаңыз.
- •26.Ик спектрге қарап, полимердің қандай түріне жататындығын анықтап, берілген затты анықтаңыз.
- •27.Ик спектрді қандай затқа тән екенін анықтаңыз және топтарын толқын ұзындығына сәйкес келетіндігін атап көрсетіңіз.
- •32. Шөгудің пайда болуының әр түрлі себептерін көрсетіңіз. Термопласттар мен реактопласттардың шөгуін анықтайтын әдістерді салыстырыңыз.
- •33. Ұшқыш заттар мен ылғалдылықтың мөлшерін анықтау әдістерін салыстырыңыз.
- •34. Шикізаттың қасиеттері мен өңдеу процестерінің шөгуге әсерін өзара байланыстырыңыз.
- •35. Термопласттар мен реактопласттардың термотұрақтылығы мен температуралық сипаттамаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Аморфты (а) және кристалды (б) термопласттар мен реактопласттардың (в) термомеханикалық қисықтары: і – шыны тәрізді немесе кристалды күй; іі – жоғары эластикалық күй; ііі – тұтқыраққыш күй.
- •Вик құралы:
- •Каргин таразысы:
- •36. Полимерлі материалдардың термотұрақтылығын бақылау үшін қандай сипаттамаларды қолдануға болады?
- •Полимердің ыдырау температурасын ұшқыш заттардың қысымының өсу кинетикасы арқылы (б) анықтаудың әдістемесінің және құралының схемасы (а):
- •37. Бұйымның қасиеті мен термотұрақтылығының өзара байланысын табыңыз.
- •38. Полимерлі материалдың төмен термотұрақтылығы мен термомеханикалық қабілетінің ерекшеліктеріне негізделген ақаулардың алдын алуын пайдалануды көрсетіңіз.
- •39. Балқыма аққыштығының көрсеткіштері мен ағу қисықтарының өзара байланысын табыңыз.
- •40. Балқыма аққыштығын анықтау әдістерін бағалаңыз.
- •41. Полимерлі материалдың аққышты мен оның қасиеттерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •42. Реактопласттардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалауға болады?
- •43. Реактопласттардың аққыштығы мен қатаю жылдамдығын қалай бағалауға болады?
- •44. Материалдарды таблеттеу процесін талқылап, сыртқы факторлардың таблеттеу процесіне әсерін салыстырыңыз.
- •45. Реактопласттарды өңдеудің технологиялық режимдері мен технологиялық сипаттамалардың арасындағы байланысты жаса.
- •46. Пластоэластикалық сипаттамалардың негізінде резина қоспаларының сапасын қалай бағалауға болады?
- •47. Пластометриялық әдіс арқылы каучук пен резина қоспаларының иілгіштік қасиеттерін қалай түрлендіруге болады?
- •49. Резина қоспаларының вулканизациясы реограммасының негізінде резинаның қасиеттерін қалай бағалауға болады?
- •50. Полимерлі материалдарды идентификациялау әдістерін бағалап, бір полимерді негізге ала отырып түрлендіріңіз.
- •52. Тығыздықты анықтау әдістерін салыстыра отырып, олардың өзара байланысын жасаңыз.
- •53. Резина қоспаларының сапа көрсеткіштерін бақылау нәтижелерінің көмегімен технологиялық режимдерге түзетулерді қалай жасауға болады?
- •55. Олигомерлі полиуретанды композициялардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалап түрлендіруге болады?
- •56. Масс-спектрометрия әдісі арқылы қандай мүмкіндіктер жасауға болатындығын түсіндіріңіз.
- •57. Материалдың сусымалдылығын қолдана отырып, полимерлі материалдың сапасын бағалау жолдарын жасаңыз.
- •58. Рентген-құрылымдық сараптау әдісімен полимердің кристалдық құрылымын қалай жасауға болады?
- •59. Төмен себілмелі тығыздықты материалды өңдеу кезінде бұйымның сапасын жақсарту үшін және өнімділікті арттыру мақсатында қандай шарттарды пайдалануға болатынын атаңыз.
- •60. Бұйымның қасиеті мен көлемдік сипаттамалардың арасындағы байланысты қалай жасауға болады?
59. Төмен себілмелі тығыздықты материалды өңдеу кезінде бұйымның сапасын жақсарту үшін және өнімділікті арттыру мақсатында қандай шарттарды пайдалануға болатынын атаңыз.
Себілмелі тығыздық бос себілген материалдың көлем бірлігіндегі массамен (г/см3 немесе кг/м3) сипатталады.
Себілмелі тығыздығы төмен ұнтақ тәрізді немесе талшықты материалдарды экструзиялық немесе құю құрылғыларында өңдеу алдында тығыздап алу керек. Материалдардың тығыздалуы пресстеу (бір уақытта қыздыра отырып немесе қыздырмай), т.б. жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұнтақ тәрізді шикізатты алдын ала тығыздау үшін тегіс немесе үшкір біліктері бар білікті құрылғыларды немесе машинаның бункерінде орнатылған бұрамдықты тығыздағышты да қолданса болады. мұндай құрылғыларды қолданған кезде ұнтақтың тығыздығы 20-30%-ға артады, нәтижесінде құрылғының өнімділігі артады. Мысалы, полиэтиленді екі бұрамдықты экструдерде тегіс біліктерде алдын ала тығыздау нәтижесінде айналу жиілігін жоғарылатпай машинаның өнімділігін 5 есеге арттырса болады.
Құрамында көп мөлшерде ауасы бар борпылдақ шикізатты балқымадан газ тәрізді заттарды сорып алатын жүйесі қарастырылған құрылғыларды қолданған жөн. Мұндай жағдайда сапалы бұйымдарды алдын ала тығыздамай алуға болады.
60. Бұйымның қасиеті мен көлемдік сипаттамалардың арасындағы байланысты қалай жасауға болады?
Төмен себілмелі тығыздықты, яғни меншікті көлемі жоғары материалдардан бұйым алу кезінде үлкен көлемді пресс форма камерасын қолданады, сондай-ақ, жылжымалы плитаның қозғалысын арттырады және де бұл кезде қалыптау уақыты артады. Қалыптау уақыты артқанның салдарынан өнімділігі төмендеп, үлкен энергиялық шығындарға ұшырайды. Оның себебі төмен себілмелі тығыздықты материалдарды қалыптағанда қосымша операциялар да жүзеге асырылады, мысалы, полимерді нығыздау сияқты. Сондай-ақ мұндай шикізатта әдетте ауаның мөлшері көп болады, соның салдарынан материалдың жылуөткізгіштігі төмендейді, нәтижесінде қыздыру уақыты артады, энергия көп шығындалады. Төмен тығыздықты материалдардың себілмелілгі де төмен, соның салдарынан таблеттеген кезде дозалау дұрыс болмайды, нәтижесінде өнімділігі төмендейді және бракталған бұйымдардың шығуы артады. Мысалы егерде стандартты стаканды таблеттегенде массасы 8%-ға артса, ағу уақытының артуына байланысты қалыптан аққан артық масса 25%-ға артады. Егерде бұйымды престеуді көпұялы қалыптарда жасаса, онда дозалау бірқалыпты болмайды, соның салдарынан ұяларға да бірқалыпты құйылмайды. Ол кезде бұйымның физика-механикалық және диэлектрлік қасиеттері шашыраңқы болады, яғни бұйымда брак болады деген сөз.
