Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontrol_kachestva.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

57. Материалдың сусымалдылығын қолдана отырып, полимерлі материалдың сапасын бағалау жолдарын жасаңыз.

Сусымалдылығы нашар болатын ұнтақтәрізді және түйіршіктелген полимерлі материалдар сақтағанда тез нығыздалады және өңдейтін құрылғы бункерінің қабырғаларына тұрып қалады, нәтижесінде біркелкі түспейді.

Экструзионды машиналарда материалдың жіберілуінің бұзылуы қысымның өзгеруіне және құрылғының өнімділігінің ауытқуына әкеледі. Алынған бұйымдардың көлденең қимасы әр түрлі қалыңдықты және беті кедір-бұдырлы болады. Үлдірлердің экструзиясында материалдың жіберуінің біркелкі еместігі қатпарлардың пайда болуына, кейде жыртылуына әкеледі.

Сусымалдылығы нашар және тұрақсыз тығыздықты ұнтақтарды таблеттегенде массалары бірдей емес таблеткалар алынады, ал бұл шикізаттың шығынына әкеліп соғады.

Сусымалдылығы төмен ұнтақтәріздес материалдарды бетке төсегенде қалыңдығы әр түрлі жабындылар алынады. Бұл әрине жабындылардың декоротивтілігін, олардың тұрақтылығы мен герметивтілігін нашарлатады. Жұқарту немесе өңдеу процесіне ұнтақтың сусымалдылығы маңызды әсер етеді. Ұнтақтың сусымалдылығы өңдеу жылдамдығын анықтайды, ұнтақ неғұрлым сусымалы болса, өңдеу процесін жүргізу оңай болады.

Қатты пластификаторлар суйықтарға қарағанда тиімдірек, олар бірікпеген кристалдық күйде болғандықтан, ұнтақтың сусымалдылын едәуір төмендетеді. Оларды композицияларға технологиялық енгізу оңай, оларды қолданғанда жабындылардың қасиеттерін реттеуге, тіпті, жоғарыэластикалық пленкалар алуға болады.

Ұнтақтың сусымалдылығына қосымша қоспалардың да тигізетін ісері бар. Пигменттерді толықтырғыштармен алмастыру, композицияның құнын түсіріп қана қоймай, олардың технологиялық және үлдіртүзгіш қасиетін, ең алдымен, ұнтақтың сусымалдылығы мен балқыманың ағуын жақсартады, сонымен қатар, жабындылардың жылтырауын да кең ауқымда өзгерту мүмкіндігі бар.

Сусымалдылығы төмен полимерлі материалды қолданғанда ақаулардың алдын алу шаралары. Ұнтақтәрізді және түйіршіктелген полимерлердің сусымалдылығын көп жағдайда кептіру арқылы жоғарылатуға болады. Осы мақсатта кептіргіштер немесе қыздырғыштар қолданылады. Ұнтақтәрізді және түйіршіктелген шикізаттың нығыздалуын алдын алу және сусымалдылығын арттыру үшін арнайы тиейтін (загрузочные) қолданылады. Онда полимерлі материалды алдын ала қопсытады және қабат биіктігін реттейді. Қопсытуды арнайы вибрационды немесе айналмалы барабаны бар машиналарда жүргізеді.

Эластомерлердің нығыздалуын болдырмау үшін, тартқышы бар көпсекциялы бункерлер қолданылады. Секциялардың саны артық материалдың санына байланысты таңдалады. Эластомер ұнтақтарының немесе түйіршіктерінің нығыздалуының болмаун алдын алу мақсатында, сақтау кезінде кейде айналмалы барабандар қолданылады. Онда материалдардың салынуы мен шығарылуы автоматты түрде іске асырылады.

58. Рентген-құрылымдық сараптау әдісімен полимердің кристалдық құрылымын қалай жасауға болады?

Рентгенқұрылымдық әдіс негізінде электромагнитті рентгенді шағылысу(λ=0.1 нм) кезіндегі сәулеленудің шағылысу центрлерімен –атомдардың электронды бұлттарымен –шағылысудан алынған дифракционды суреттің анализі жатыр. Рентгеноқұрылымды анализ әдісі кристалды құрылымның (атомдардың координаттарын, байланыс ұзындықтарын, валентті бұрыштарды және т.б.) барлық бөлшектерін анықтауға мүмкіндік береді. Полимерлерді аз бұрышта рентгенография арқылы зерттейді. Бұл әдіс полимердің кристалдану дәрежесін анықтау үшін кеңінен қолданылады. Кристалдану дәрежесін рентгенография арқылы зерттеу деп кристаллиттердің жиынтық шағылысуының аморфты және кристалды аймақтардың жалпы шағылысуының қатынасын айтады. Ол үшін аморфты эталонды үлгі, кристалды эталонды үлгі және кристалдылығы белгісіз полимерлі үлгі үшін шағылысу интенсивтіліктерінің қисықтарын бөлек зерттейді.Кристалдану дәрежесін келесі формула арқылы есептейді:

χс=(I-Ia)i-K/(Ic-Ia)I

мұндағы І-зерттелетін үлгіден шағылысу интенсивтілігі; Ia–аморфты эталонды үлгіден шағылысу интенсивтілігі , Ic– кристалды эталоннан шағылысу интенсивтілігі, K –константа , оны константа, которую определяют по наклону кривой зависимости I-Ia -діңIc-Ia тәуелділік қисығының майысуынан анықтайды;χс – кристалдану дәрежесі. Егер таза аморфты немесе кристалды формадаңы үлгіні алу мүмкін болмаса, кристалды шектер арасындағы минимумдарды байланыстыратын линия жүргізеді. Полимердің құрылымын зерттеуде бұл анализ әдісін қолдану полимер әдетте полимердің аморфты затта таралған кристалды аймақтан тұратынымен күрделендіріледі. Ол кең бұлдыр фонда кристалды заттың рентгенограммын алуына әкеледі. Мұндай рентгенограммды анализдеу арқылы кристалды фазаның пайызды мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]