- •1. Өнім сапасының сандық көрсеткішін қалай сипаттауға болады. Анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
- •2. Өнімнің сапа деңгейін бағалау әдістерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.
- •3. Сапа деңгейін қалай бағалауға болатындығына анықтама беріңіз және оның этаптарын атаңыз.
- •4. Кәсіпорында өнімнің сапасын бақылау және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •5. Тексерудің түрлерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •6. Кірмелі тексеріс процесін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •7. Кірмелі және жедел тексерістің өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •8. Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.
- •9. Термоэластопласттар туралы мағлұмат беріп, оларды мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
- •10. Термопласттар мен реактопласттарға сипаттама беріп, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •11. Ішкі және сыртқы жағындылардың өзара ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12. Өндірілетін және тауарлық формалар, олардың өзара өзгешелігін атап көрсетіңіз.
- •13. Шикізатты кіруге арналған бақылауға үлгілерді алу және дайындау процесін сипаттаңыз.
- •14. Полимерлі материалдардың түйіршікті құрамына анықтама беріп, полимерлі бұйымға әсерін сипаттаңыз.
- •15. Түйіршікті құрамды анықтау әдістерін атап, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •24.Берілген ик спектрдің сипаттамалық жолақтарына сәйкес келетін топтарды анықтап, көрсетілген затты анықтаңыз.
- •25.Келтірілген ик спектрдің сипаттамалық жолақтарына сәйкес келетін топтарды көрсетіп, берілген затты анықтаңыз.
- •26.Ик спектрге қарап, полимердің қандай түріне жататындығын анықтап, берілген затты анықтаңыз.
- •27.Ик спектрді қандай затқа тән екенін анықтаңыз және топтарын толқын ұзындығына сәйкес келетіндігін атап көрсетіңіз.
- •32. Шөгудің пайда болуының әр түрлі себептерін көрсетіңіз. Термопласттар мен реактопласттардың шөгуін анықтайтын әдістерді салыстырыңыз.
- •33. Ұшқыш заттар мен ылғалдылықтың мөлшерін анықтау әдістерін салыстырыңыз.
- •34. Шикізаттың қасиеттері мен өңдеу процестерінің шөгуге әсерін өзара байланыстырыңыз.
- •35. Термопласттар мен реактопласттардың термотұрақтылығы мен температуралық сипаттамаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Аморфты (а) және кристалды (б) термопласттар мен реактопласттардың (в) термомеханикалық қисықтары: і – шыны тәрізді немесе кристалды күй; іі – жоғары эластикалық күй; ііі – тұтқыраққыш күй.
- •Вик құралы:
- •Каргин таразысы:
- •36. Полимерлі материалдардың термотұрақтылығын бақылау үшін қандай сипаттамаларды қолдануға болады?
- •Полимердің ыдырау температурасын ұшқыш заттардың қысымының өсу кинетикасы арқылы (б) анықтаудың әдістемесінің және құралының схемасы (а):
- •37. Бұйымның қасиеті мен термотұрақтылығының өзара байланысын табыңыз.
- •38. Полимерлі материалдың төмен термотұрақтылығы мен термомеханикалық қабілетінің ерекшеліктеріне негізделген ақаулардың алдын алуын пайдалануды көрсетіңіз.
- •39. Балқыма аққыштығының көрсеткіштері мен ағу қисықтарының өзара байланысын табыңыз.
- •40. Балқыма аққыштығын анықтау әдістерін бағалаңыз.
- •41. Полимерлі материалдың аққышты мен оның қасиеттерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •42. Реактопласттардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалауға болады?
- •43. Реактопласттардың аққыштығы мен қатаю жылдамдығын қалай бағалауға болады?
- •44. Материалдарды таблеттеу процесін талқылап, сыртқы факторлардың таблеттеу процесіне әсерін салыстырыңыз.
- •45. Реактопласттарды өңдеудің технологиялық режимдері мен технологиялық сипаттамалардың арасындағы байланысты жаса.
- •46. Пластоэластикалық сипаттамалардың негізінде резина қоспаларының сапасын қалай бағалауға болады?
- •47. Пластометриялық әдіс арқылы каучук пен резина қоспаларының иілгіштік қасиеттерін қалай түрлендіруге болады?
- •49. Резина қоспаларының вулканизациясы реограммасының негізінде резинаның қасиеттерін қалай бағалауға болады?
- •50. Полимерлі материалдарды идентификациялау әдістерін бағалап, бір полимерді негізге ала отырып түрлендіріңіз.
- •52. Тығыздықты анықтау әдістерін салыстыра отырып, олардың өзара байланысын жасаңыз.
- •53. Резина қоспаларының сапа көрсеткіштерін бақылау нәтижелерінің көмегімен технологиялық режимдерге түзетулерді қалай жасауға болады?
- •55. Олигомерлі полиуретанды композициялардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалап түрлендіруге болады?
- •56. Масс-спектрометрия әдісі арқылы қандай мүмкіндіктер жасауға болатындығын түсіндіріңіз.
- •57. Материалдың сусымалдылығын қолдана отырып, полимерлі материалдың сапасын бағалау жолдарын жасаңыз.
- •58. Рентген-құрылымдық сараптау әдісімен полимердің кристалдық құрылымын қалай жасауға болады?
- •59. Төмен себілмелі тығыздықты материалды өңдеу кезінде бұйымның сапасын жақсарту үшін және өнімділікті арттыру мақсатында қандай шарттарды пайдалануға болатынын атаңыз.
- •60. Бұйымның қасиеті мен көлемдік сипаттамалардың арасындағы байланысты қалай жасауға болады?
55. Олигомерлі полиуретанды композициялардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалап түрлендіруге болады?
Олигомерлерден сұйық қалыптау арқылы алынатын кең таралған полимерлік материалдардың бірі полиуретандар болып табылады. Полиуретандарды реакциялық қалыптаудағы бастапқы заттар ретінде изоцианатты компонент пен құрамында гидроксил тобы бар компоненттер жатады, олар берілген қатынаста араластырғышта араласады . Бұл реакциялық масса нәтижесінде түзілетін қосылыстың негізгі көрсеткіші изоцианатты индекс болып табылады, ол пайыз түрінде стехиометриялық қажетті изоцианат мөлшеріне алынған мөлшерінің қатынасы арқылы есептеледі.
Компонент ағындарының массалық қатынасының ағынын бақылау үшін құйма құрылғысындағы жүйені дозалаудан кейін әрбір компоненттің екі стаканға үлгілерін алып отырады.
Олигомер композицияларының технологиялық қасиеттері реакциялық қалыптау әдісімен өңделеді, нәтижесінде үздіксіз режимде сапалы араласуға қабілеттілігі анықталады.
Реакциялық олигомерлі композициялардың сапалы араластыруға қабілеттілігін өңдеу температурасы кезінде компонент тұтқырлығын бағалау арқылы жүзеге асыруға болады. сонымен қатар , композицияның өмір сүру қабілеттілігінің уақытымен және араластырғыштағы компонент ағынының массалық қатынасы арқылы да бағалауға болады. компоненттердің тұтқырлығы шекті өлшемнен аспау керек . Ал өмір сүру қабілеттілігінің уақыты t0 яғни азтұтқырлыққа ие сұйықтықтың сақталуы аралстырғыш басындағы мәннен он есеге дейін артық болуы керек.
Өмір сүру қабілеттілігінің уақыты , технологиялық әдістемелердің қабылданған шарттарына байланысты төмендегі суретте көрсетілген әдіс арқылы анықталуы мүмкін.
Сурет. Олигомерлі композицияларды қатырғандағы тұтқырлықтың өзгеруі.
Олигомерлі композициялардың құрылымдану үрдісін бақылау үшін ,әсіресе сұйық каучуктердікін , вибрационды әдістер қолданған ыңғайлы, нәтижесінде серпімділік модулін толықтай бақылауға мүмкіндік аламыз.
56. Масс-спектрометрия әдісі арқылы қандай мүмкіндіктер жасауға болатындығын түсіндіріңіз.
Заттың сапалық және сандық, элементтік, функционалдық, молекулалық және изотоптық құрамын анықтайтын эксперстік және мәліметтік әдіске-масс-спектрометрия –затты зерттеу және оның құрамына кіретін атомдар мен молекулалардың массалары арқылы олардың санын анықтау. Бұл әдіс көлденең магнит немесе электр өрісінде қозғалған, массаның зарядқа қатынасы әртүрлі болып келетін, зарядталған бөлшектерді (иондарды) кеңістіктік бөлу эффектісіне негізделген. Зерттейтін зат алдымен иондалынады. Зерттейтін зат сұйық немесе қатты күйінде болса, онда оларды алдымен буландырады, содан соң иондайды немесе күшті, жиілігі жоғары ұшқын, лазер сәулесі әлде басқа бір әдіс арқылы бет қабатты иондану процесін жүргізеді.
Зарядтталған бөлшектер (иондар) зерттейтін заттың молекулаларының электрондармен немесе энергиялары жоғары басқа бір бөлшектермен (фотондармен) соқтығысуы нәтижесінде түзіледі. Түзілген иондар иондық қабылдағышта тіркелінеді, алынған сигналдар спектрді құрады. Сигналдың жағдайы бөлшектің массасының зарядына қатынасына, ал интенсивтілік-иондардың концентрацияларына сәйкес келеді. Бұл шамалар зерттейтін заттың құрылымына, молекулалық құрамына және конценрациясына тәуелді болады. Массалар мәндерінің жинағы және олардың салыстырмалы мөлшерлері масс-спектр (МС) деп аталады. Бүгінге дейін бұл-ядролар мен атомдардың массалары жайында мәліметтер алатын маңызды әдістердің бірі болып саналады. МС зерттелетін кез-келген заттың элементтік және молекулалық құрамын өте дәл анықтайды. МС әдіс заттың өте аз мөлшерімен (10-6~10-8 г) жұмыс істеуге мүмкіндік береді және өзінің қарапайымдылығы, жылдамдығы, жоғары селективтілігі арқасында химиялық әдістерден едәуір артықшылығы болады. Заттың өте аз мөлшерін зерттеу үшін ұшқындық және лазерлік иондану көздері бар МС қолданады. Бұл әдістің негізгі артықшылығы: қоспаларға сезімділігі жоғары (10-5-10-6 %) және іс жүзінде барлық элементтерді анықтай алатын мүмкіншілігі.
МС талдау масс-спектрлерде жүргізіледі.Бұл аспаптар ағынына вакуумда ұшып келе жатқан иондар магнит және өрісінің әсері арқылы иондалған молекулалармен атомдарды массалары бойынша бөледі. Масс-спектрлерде иондарды электрлік әдістер арқылы, ал масс-спектрографтарда-фотосезгішті қабаттың қараюы арқылы тіркейді.
Қазіргі уақытта талдаудың дәлдігін жоғарылату және көбірек мәліметтер алу үшін хроматография және масс-спектрометрлі әдістерді көп жағдайда бірге қолданатын болды. Бұл өте күрделі көп компонентті органикалық және бейорганикалық заттардың қоспаларын зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай зерттеулерге құрастырылған жүйелерді, яғни газдың (сұйықтың) хроматограф және масс-спектрометрден тұратын жүйені пайдаланады. Оны-хромато-масс-спектрограф деп атайды.
