Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontrol_kachestva.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

3. Сапа деңгейін қалай бағалауға болатындығына анықтама беріңіз және оның этаптарын атаңыз.

Сапа деңгейін бағалау бұл – өнім сапасы көрсеткіші номенклатурасын таңдауды, осы көрсеткіштердің мәнін анықтап, оны базалық мәндерімен сәйкестендіруді қамтамасыз ету.

Өнімнің сапа деңгейін бағалау келесі этаптардан тұрады:

  • Есептеу көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдау және оның маңыздылығы мен қажеттілігін негіздеу;

  • Сапа көрсеткіші мәнін анықтау әдісін құру немесе таңдау;

  • Сапа көрсеткіші мәндерінің базалық мәнін таңдау;

  • Сапа көрсеткішінің шынайы мәнідерін анықтап, оны базалық мәнмен салыстыру;

  • Салыстыра отырып тура шешім қабылдау;

  • Қабылданған тура шешімге түсініктеме негіздеме беру.

Сапа деңгейін бағалау әдістері 4-ке бөлінеді:

  • дифференциалды (жеке сапа көрсеткіші);

  • кешенді (кешенді сапа көрсеткіштері);

  • араласқан (жеке кешенді сапа көрсеткіштері);

  • статистикалық (математикалық статистиканы қолдану арқылы).

Полимерлер технологиясында сапа көрсеткішін бақылаудың әдістерінің барлығы қолданылады. Көптеген өнімнің сапа көрсеткіштері барлық дерлік полимерлер мен олардың негізіндегі композиттердің сапа деңгейін бағалау үшін қолданылады. Кейбір көрсеткіштер белгілі бір түрлерге ғана арналған. Мысалы, түйіршіктік қүрам, көлемдік сипаттамалар, сусымалылық және т.б. т. термопласттардың, реактопласттардың, резина қоспаларының және уретанды олигомерлі композициялардың себілмелі композицияларының сапасын бақылауда қолданылады. Сонымен, өнімнің сапасын бақылау (тексеру) өнімнің сапа көрсеткішінің бекітілген заңдылықтарға сәйкестігін тексеру (бақылау).

4. Кәсіпорында өнімнің сапасын бақылау және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Барлық типтегі өнімдердің сапасын тексергенде және қабылдағанда, бақылаудың келесі негізгі категорияларын қалыптастырады:

  • Қабылдап өткізу, қабылдау үшін ТУ-лардың не стандарттардың шарттары бойынша сапасын сәйкестендіру;

  • Жүйелі (периодические испытания) сараптау ол белгілі бір нақты календарь уақытында жузеге асырылады, бұл сараптаудың мақсаты технологиялық процес тұрақтылығын, өнім сапа деңгейін дәлелдеу болып табылады.

  • Типтік сараптау бұл прцесті жақсарту немесе өнім сапасын жақсарту мақсатында өнім дайындау технологиясын өзгерткенде немесе рецептураны өзгерткенде жүзеге асырылады.

  • Қазіргі уақытта көптеген пластмасса, дөңгелек өңдеу зауыттары мен резина-техникалық кәсіпорындарда мемлекеттік қабылдаумен қатар өнім сапасын басқаруының кешенді жүйесі бар (ӨСБ КЖ), ол шикізаттың, жартылай өнімнің және дайын өнімнің қасиеттерін қадағалайотырып сапасын бақылауды қамтиды.

Өнім сапасын бақылаудың кешенді жүйесінің басты звеносы немесе бөлігі техникалық тексеру болып табылады. Өндіру технологиясына байланысты тексерудің келесі түрлері жүзеге асырылады:

  • Кірмелі (Входной контроль) тексеріс – бұлбастапқы шикізатты (пресс порошок, каучук, олигомерлер, химикаттар, толтырғыштар және т.б.), қаптау жабдықтары және сырттан келген басқа дайын өнімдерді тексеру;

  • Технологиялық процесті тексеру – бұлтехнологиялық процестің көрсеткіштерінің нормативті технологиялық құжаттарға сәйкестігін тексеру, ал ол құжаттар технологиялық регламент, технологиялық инструкция, маршрутная карта және т.б, болуы мүмкін.

  • Операциялық тексеру – яғни белгілі бір технологиялық процесс аяқталғаннан кейінгі өнім мен технологиялық үрдісті тексеріп қадағалау.

  • Инспекциялық тексеріс – бұл технологиялық процесс пен өнімді бақылау.

  • Белсенді тексеріс – бұл өнімді дайындау кезінде (Синтез) технологиялық қондырғыларға орнатылған өлшеу құралдары арқылы өнім мен технологиялық процестің дұрыс өтуін қадағалау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]