Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kontrol_kachestva.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.26 Mб
Скачать

39. Балқыма аққыштығының көрсеткіштері мен ағу қисықтарының өзара байланысын табыңыз.

Полимерлердің аққыштық сипаттамасы ретінде ағу қисықтары, балқыманың аққыштық көрсеткіші, балқыған полимердің спираль тәріздес қалыпқа ағу ұзындығы және т.б. қолдануға болады.

Ағу қисықтары белгілі температурада қозғалу кернеуінің немесе полимер балқымасының эффективті тұтқырлығының = / қозғалыс жылдамдығына  тәуелділігі. Көптеген полимерлердің балқымалары псевдопластикалық жүйелер болып келеді, яғни өздерін сұйықтықтар сияқты болып келеді, жылжу жылдамдығының артуынан эффективті тұтқырлығы кемиді. -тың  артуымен кему сипаты полимер табиғатына және қозғалу жылдамдығының интервалына тәуелді.

Сурет 2. Әр түрлі термопласттардың ағу қисықтары:

1 и2— литьевой и экструзионный полисуль-

фон при 350 °С; 3 — полиэтилен низкой

плотности при 350°C: 4 — поликарбонат

при 315°С; 5 полистирол прн 200 °С

Өңдеу процесінде полимер балқымасы жылжудың 10-4-10-6 с-1 жылдамдық аралығында деформацияға ұшырайды, мұнда эффективті тұтқырлық (сәйкесінше аққыштық та) үлкен шектерде өзгереді. Сондықтан полимердің аққыштығын бағалау үшін әр түрлі әдістермен өңдеу жағдайларына қозғалыс жылдамдығы және температурасы максималды кең аймақта қисықтар жиынтығы болатын шарттарды қолдану қажет. Осындай ағу қисықтар жиынтығының көмегімен бірдей немесе әр түрлі температура-деформациялық жағдайларда әр түрлі полимерлердің аққыштығын салыстыруға болады.

Балқыманың аққыштық көрсеткіштері (БАК). Термопласт балқымасының 10 мин ішінде берілген күште және температурада стандартты өлшемді капиллярдан сығылатын сандық шамасын сипаттайды. Балқыманың аққыштық көрсеткіштері әр түрлі термопласттарға әр түрлі күште және температурада материалдардың белгілі стандарттарымен анықталады. Сондықтан, балқыманың аққыштық көрсеткіштері ағу қисықтарына қарағанда полимердің аққыштығы туралы толық мәлімет береді, себебі бұл көрсеткіш әр түрлі маркалы немесе партиялы бір термопласттың белгілі температура-деформациялық жағдайларда аққыштығын салыстыруға мүмкіндік береді. Яғни, БАК полимердің аққыштығы туралы дәлірек мәлімет береді деуге болады.

Балқыманың спиральді канал қалыпқа құйылуұзындығын термопласттың құю қалыбына белгілі қысымда, балқыма және қалып температурасында енуінің шекті ұзындығымен бағаланады. Бұл көрсеткіш полимердің реалды жағдайларда қысыммен құю өңдеу әдісінде аққыштығын толық сипаттайды, бірақ пластмасстарды өңдеудің басқа әдістерінде аққыштық туралы жанама (косвенно судить) сүйенуге болады.

40. Балқыма аққыштығын анықтау әдістерін бағалаңыз.

Полимерлер балқымасының ағу қисықтарын жылжудың 10-4-10-6 с-1 жылдамдық аралығында және балқыманың аққыш көрсеткіштерін анықтау үшін капиллярлы әдіс қолданады. Капиллярлы типті құрылғыларда қозғалу деформациясы белгілі өлшемді капиллярлы каналда қозғалатын полимер балқымасының стационарлы ағын қозғалысымен анықталады. Бұл вискозиметрлерде және  капиллярлы каналда қысымның өзгеруімен және полимердің көлемінің өзгерісімен есептеледі. Кез-келген капилярлы вискозиметр келесі бөліктерден тұрады: балқыманы пластиктеу құралынан, капилярдан екі немесе біреу, қысымның өзгерісін және көлемдік шығынды өлшеуге арналған қондырғылардан тұрады.

Ротациялық әдіс. Бұл әдіс 10-4-102 с-1 жылдамдық аралығында ағу қисықтарын алу үшін қолданылады. Ротационды типті вискозиметрлерде қозғалу деформациясы біруі айналып тұратын, екі өлшенетін беттің арасындағы қуыста жүреді. Ротационды вискозиметрлерде қозғалыс жылдамдығын  жұмыс бетінің айналу бұрышымен есептейді, ал кернеу қозғалысын – айналатын немесе қозғалмалы өлшенетін беттің айналу моментімен Мк есептеледі. Ротационды өлшеуіш құрылғыларда өлшеулерді тұрақты жүктемемен (Мк =const) және тұрақты айналу жиілігінде ( =const) жүргізеді.

Кез келген ротационды вискозиметр келесі зататрдан тұрады: термостат камерасына орнатылған өлшеуіш беттерден; жетег (привод) (электрқозғалтқыш немесе еркін түсетін жүк); сатылы немесе сатысыз (коробка передач) табыстайтын қорап; айналу моменті немесе жұмыс бетінің айналу жиілігімен өлшеу жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]