- •1. Өнім сапасының сандық көрсеткішін қалай сипаттауға болады. Анықтама беріп, мысал келтіріңіз.
- •2. Өнімнің сапа деңгейін бағалау әдістерін атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.
- •3. Сапа деңгейін қалай бағалауға болатындығына анықтама беріңіз және оның этаптарын атаңыз.
- •4. Кәсіпорында өнімнің сапасын бақылау және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •5. Тексерудің түрлерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •6. Кірмелі тексеріс процесін мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.
- •7. Кірмелі және жедел тексерістің өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •8. Полимерлі материалдың құрамын сипаттай отырып, мысал келтіріңіз.
- •9. Термоэластопласттар туралы мағлұмат беріп, оларды мысал келтіре отырып сипаттаңыз.
- •10. Термопласттар мен реактопласттарға сипаттама беріп, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •11. Ішкі және сыртқы жағындылардың өзара ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •12. Өндірілетін және тауарлық формалар, олардың өзара өзгешелігін атап көрсетіңіз.
- •13. Шикізатты кіруге арналған бақылауға үлгілерді алу және дайындау процесін сипаттаңыз.
- •14. Полимерлі материалдардың түйіршікті құрамына анықтама беріп, полимерлі бұйымға әсерін сипаттаңыз.
- •15. Түйіршікті құрамды анықтау әдістерін атап, олардың өзара өзгешелігін көрсетіңіз.
- •24.Берілген ик спектрдің сипаттамалық жолақтарына сәйкес келетін топтарды анықтап, көрсетілген затты анықтаңыз.
- •25.Келтірілген ик спектрдің сипаттамалық жолақтарына сәйкес келетін топтарды көрсетіп, берілген затты анықтаңыз.
- •26.Ик спектрге қарап, полимердің қандай түріне жататындығын анықтап, берілген затты анықтаңыз.
- •27.Ик спектрді қандай затқа тән екенін анықтаңыз және топтарын толқын ұзындығына сәйкес келетіндігін атап көрсетіңіз.
- •32. Шөгудің пайда болуының әр түрлі себептерін көрсетіңіз. Термопласттар мен реактопласттардың шөгуін анықтайтын әдістерді салыстырыңыз.
- •33. Ұшқыш заттар мен ылғалдылықтың мөлшерін анықтау әдістерін салыстырыңыз.
- •34. Шикізаттың қасиеттері мен өңдеу процестерінің шөгуге әсерін өзара байланыстырыңыз.
- •35. Термопласттар мен реактопласттардың термотұрақтылығы мен температуралық сипаттамаларының өзара байланысын көрсетіңіз.
- •Аморфты (а) және кристалды (б) термопласттар мен реактопласттардың (в) термомеханикалық қисықтары: і – шыны тәрізді немесе кристалды күй; іі – жоғары эластикалық күй; ііі – тұтқыраққыш күй.
- •Вик құралы:
- •Каргин таразысы:
- •36. Полимерлі материалдардың термотұрақтылығын бақылау үшін қандай сипаттамаларды қолдануға болады?
- •Полимердің ыдырау температурасын ұшқыш заттардың қысымының өсу кинетикасы арқылы (б) анықтаудың әдістемесінің және құралының схемасы (а):
- •37. Бұйымның қасиеті мен термотұрақтылығының өзара байланысын табыңыз.
- •38. Полимерлі материалдың төмен термотұрақтылығы мен термомеханикалық қабілетінің ерекшеліктеріне негізделген ақаулардың алдын алуын пайдалануды көрсетіңіз.
- •39. Балқыма аққыштығының көрсеткіштері мен ағу қисықтарының өзара байланысын табыңыз.
- •40. Балқыма аққыштығын анықтау әдістерін бағалаңыз.
- •41. Полимерлі материалдың аққышты мен оның қасиеттерінің арасындағы байланысты табыңыз.
- •42. Реактопласттардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалауға болады?
- •43. Реактопласттардың аққыштығы мен қатаю жылдамдығын қалай бағалауға болады?
- •44. Материалдарды таблеттеу процесін талқылап, сыртқы факторлардың таблеттеу процесіне әсерін салыстырыңыз.
- •45. Реактопласттарды өңдеудің технологиялық режимдері мен технологиялық сипаттамалардың арасындағы байланысты жаса.
- •46. Пластоэластикалық сипаттамалардың негізінде резина қоспаларының сапасын қалай бағалауға болады?
- •47. Пластометриялық әдіс арқылы каучук пен резина қоспаларының иілгіштік қасиеттерін қалай түрлендіруге болады?
- •49. Резина қоспаларының вулканизациясы реограммасының негізінде резинаның қасиеттерін қалай бағалауға болады?
- •50. Полимерлі материалдарды идентификациялау әдістерін бағалап, бір полимерді негізге ала отырып түрлендіріңіз.
- •52. Тығыздықты анықтау әдістерін салыстыра отырып, олардың өзара байланысын жасаңыз.
- •53. Резина қоспаларының сапа көрсеткіштерін бақылау нәтижелерінің көмегімен технологиялық режимдерге түзетулерді қалай жасауға болады?
- •55. Олигомерлі полиуретанды композициялардың спецификалық сапа көрсеткіштерін қалай бағалап түрлендіруге болады?
- •56. Масс-спектрометрия әдісі арқылы қандай мүмкіндіктер жасауға болатындығын түсіндіріңіз.
- •57. Материалдың сусымалдылығын қолдана отырып, полимерлі материалдың сапасын бағалау жолдарын жасаңыз.
- •58. Рентген-құрылымдық сараптау әдісімен полимердің кристалдық құрылымын қалай жасауға болады?
- •59. Төмен себілмелі тығыздықты материалды өңдеу кезінде бұйымның сапасын жақсарту үшін және өнімділікті арттыру мақсатында қандай шарттарды пайдалануға болатынын атаңыз.
- •60. Бұйымның қасиеті мен көлемдік сипаттамалардың арасындағы байланысты қалай жасауға болады?
32. Шөгудің пайда болуының әр түрлі себептерін көрсетіңіз. Термопласттар мен реактопласттардың шөгуін анықтайтын әдістерді салыстырыңыз.
Полимерлі материалдарды бұйымдарға қалыптағанда негізгі технологиялық көрсеткіші шөгуі. Бұйымның сапасасы шөгу процестерінің шарттарына тәуелді болып келеді. Шөгуді бұйым және қалып өлшемдерінің айырымымен анықтайды. Шөгу көлемдік (бұйым көлемінің салқындау кезінде кішірейуі) және сызықты (бұйым ұзындық өлшемдерінің салқындау кезінде кішірейуі) болып бөлінеді. Шөгудің болуына бірнеше себеп бар: пластмасса мен темірдің сызықты (көлемдік) температуралық ұлғаю коэффициентінің әр түрлілігінен, бұйымды алғаннан кейін ылғалдылық пен ұшқыш заттардың бөлінуінен, реактопласттарға қатаю кезінде химиялық шөгудің болуы.
Шөгуді анықтау әдістері. Полимерлі материалдардың шөгуін ГОСТ 18616—80 (СТ СЭВ 890—78) бойынша анықтайды. Термопласттар үшін шөгу үлгі мен қалыптың өлшемдерінің айырмашылығымен, пайызбен анықталады. Термореактивті қалыптайтын массалар үшін үлгілердің термоөңдеуге дейінгі және кейінгі өлшемдерінің айырымын алады. Реактопласттарды арнайы прессте престейді де, қыздырады. Алынған үлгіні суытып, өлшемдерін өлшейді. Термопласттардың үлгілерін құю машиналарында қысыммен құйып, алады. Үлгінің өлшемдерін қалыптаудың бағытына перпендикуляр, ал қосымша анизотропияны анықтау үшін қалыптың бағытына паралелль және перпендикуляр нүктелерді алып, өлшейді.
Зерттеу жүргізу үшін өлшемдері мынадай болатын үлгілер алынады, яғни120X15X10, 120Х10Х4, 50X6X4, 50X10X4 мм, сонымен қатар, диаметрі 100 мм, қалыңдығы 4 және 3 мм және диаметрі 50 мм, қалыңдығы 2 мм болатын дисктер алынады.
Үлгілердің пішіні мен өлшемдері, сонымен қатар оларды алу реті мен түріне қойылатын талаптар материалдардың ГОСТ тарында ТУ ларында көрсетіледі. Реактопласттар мен термопласттардан бұйым жасау үшін қойлатын талаптар 12015—66 және 12019—66 ГОСТ ында жазылған.
Реактопласттардан жасалған бұйым үлгісін престеуді қысымы ±1 МПа (10 кгс/см2) болатын дәлдікпен престейді. Пресс форманың енгізілу (өндіру) камерасының (загрузочная камера) өлшемдері бір ретте енгізілетін реактопласттардың өлшемдерінен аспау керек.
Пресс форманы қыздырудың термореттегіш құрылғысы престеу температурасын ±3°С температура аумағынан аспайтындай етіп қамтамассыз етуі керек. Үлгінің формасын бұзып алмау мақсатында итергіштер қолданылуы мүмкін.
Егер, ГОСТ пен ТУларда бұйымдарды алдын ала дайындауға арналған арнайы талаптар берілмес, онда үлгіні дайындауда алдын ала кептірудің қажеті жоқ болады. Реактопласттарды таблеттеуге және алдын ала қыздыруға болады. Престеу кезінде үлгілерді пресс формаға салу және қысымды көтеру уақыты 15±5 с көлемінде болу керек. Үлгілерге сараптама жүргізу оларды престеу уақытынан бастағанда 16 сағаттан кейін ғана жүзеге асырылуы керек.
Термопласт үлгілерін құйғыш машиналарда қысымда құю арқылы алады. Құйғыш машинаның конструкциясы келесідей параметрлерді бақылау мен қадағалауды қамтамассыз етуі керек, яғни шашырату қарқыны, үлгінің массасын немесе көлемін, цикл уақыты мен оның негізгі параметрлерін, қыздырғыш цилиндр мен балқыманың температурасы. Қолданылатын құймалы форманың сұйықтықты термостатталу жүйесі болу керек.
Егер қажет болса, термопластты алдын ала кептіреді, қыздырады, немесе бояғышпен араластырады. Машинаны іске қосып, бір тұрақты режимге келгенде балқыманың температурасын анықтап отырады. Бұл анықтауды кем дегенде екі рет жүргізу керек.
Зерттеу жүргізуден бұрын бұымдарды кондицирлейді (бұйымда сақтау үшін тиімді жағдай жасау) (ГОСТ 12423-66). Егер, берілген материал конденсирлеудің ерекше шартын қажет етпесе, онда үлгілерді 20±2°С температурада 3 сағ көлемінде ұстайды.
Өлшеуді кез-келген дәлдігі 0,01 мм болатын құралмен 20±2°С температурада жүргізеді. Бұл кезде үлгі ауданы ретінде оның ұзындығының үш рет өлшегеннен кейінгі орташа санымен анықтайды. Реактопласттар үшін матрицаның өлшемдерін қорғасын үлгілерінен алады.
Шөгуді келесі формуламен есептейді:
S = (l1 - l)100/l1 , (%);
Мұндағы l – үлгінің ұзындығы немесе диаметрі, мм; l1 – қалып
Қосымша шөгуді есептеу үшін келесі формуланы қолданады:
HS = (l – l2)100/l , (%);
Мұндағы l – үлгінің термоөңдеу алдындағы өлшемі, мм; l2 – үлгінің термоөңдеуден кейінгі өлшемі, мм.
Зерттеу хаттамасында келесі көрсеткіштер жазылады: материалдың аты және маркасы; дайындаған кәсіпорын; үлгі саны, олардың пішіні, өлшемі және дайындау уақыты; үлгіні кондицирлеу және термоөңдеу уақыттары; шөгудің түрі, қосымша шөгу, анизотропия шөгуі, зерттеу күні және т.б.
