Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
музыка техн Фарида Малика бирге.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
244 Кб
Скачать
☆

52, Ұжым -тәрбие құралы

Ұжым [ лат. collektivus - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі. 2.(nam.collectivus - жинақтаушы деген сөзінен) - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы. Ұжым жай топқа қарағанда дамуы жағынан жоғары. Ұжым белгілеріне адамдардың саналы түрде бірігуі, оның тұрақтылығы, анық белгіленген ұйымдастыру құрылымдары, қызметті реттейтін органдардың болуы жатады.[1]

Тәрбие, тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.

Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Ізгілік тәрбиесі

Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.[1]

  • Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.

  • Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.

  • Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.

  • Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс.

  • 53, Мектеп жасына дейінгі балалар ойынының жіктелуі және оның тарихи жүйеленуі

    Ойын – оқуүрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретіндедербес дидактикалық категория. Сонымен біргеойынды мұғаліммен оқушылардың бірлескен оқуәрекетінің өзарабайланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақтілі сабағында ойын формаларын еңгізу барысында интерактивті тақтаныда қолданудың маңызы өтезор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгіәрекеті - ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Олсабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылыжүзеге асады. Ойын- қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің біртүрі, яғнитәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тарағандамыту ойынының қызметі:ойынғатарту, рақатберу, демалдыру, қызығушылығын тудыру. Заманталабы екітілде сөйлеуді одан әріорнықтыру, қазақ тілінүйренгісі келетінбасқа ұлтөкілдеріне мемлекеттік тілді меңгерту, сондықтан балабақшамызда қазақтілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттерін қойдық.     Ойынның мақсаты - Ойын технологиясы арқылы 5-6 жастағы балалардың сөйлеутілін дамыту, сөйлеу дағдысын қалыптастыру .  Міндеті - баланың қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.  Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерінарттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.  Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейдіжәне нақты міндетті шешеді.  Ойын сабақтың басында – өткен сабақты ескетүсіреді.  Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді,ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.  Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақтаалған білімді жинақтау мақсатын көздейді.     Ойын –оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды.

Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді.                  Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы.     Ойын –бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.  Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері,тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.  Оқушылардың ойын кезіндегі белсенділігі көбінесежарыс нәтижесін дұрыс есепке алуға байланысты. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін төмендегідей жүйеленеді:  1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша,мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;  2. Қимыл қозғалыс ойындары: «ақ серек, көксерек», «ұшты-ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен тышқан, .  3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта,қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, дәл тауып айт, т.б.  4. Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторлардыпайдалану.  5. Рөлді-сюжетті ойындар: ертегі, әңгімелердіролдерге бөле отырып орындау, сахналық көрініс көрсету.