- •Дәлелді медицина негіздері пәнінің емтихан сұрақтары Бакалавриат 3 курс, медико-профилактикалық іс мамандығы бойынша
- •1.Дәлелді медицина негізінің анықтамасы, даму тарихын баяндап беріңіз.
- •2.Дәлелді медицинаның дүние жүзілік даму тәжірибесі туралы не білесіз?
- •3.Клиникалық эпидемиологияның анықтамасын, даму тарихын айтып беріңіз.
- •4.Клиникалық сынаулырдың негізгі стандарттары деген не? Тиісті клиникалық тәжірибе принциптері (gcp) туралы не білесіз?
- •5.Жағдайды сипаттау және жағдай сериясын сипаттау зерттеу түрлері туралы не білесіз?
- •6.Дәлелді медицина дамуының алғышарттары туралы айтып беріңіз.
- •7.Жағдай және бақылау зерттеу типі туралы не білесіз?
- •8. Рандомизацияланған контрольды зерттеу, квазирандомизацияланған контрольды зерттеу анықтамаларын және айырмашылықтарын айтып беріңіз
- •9.Ғылыми ақпараты жүйелі шолу және мета-анализ, оның негізгі анықтамасын және сипаттамасын айтып беріңіз
- •10.Дәлелді медицинаның бес сатысын атап шығыңыз және оларға түсіндірме беріңіз.
- •11.Медицина ғылымдары құрамындағы клиникалық эпидемиологияның орны туралы не ойлайсыз?
- •12.Тмд елдері мен Қазақстанда клиникалық практикадағы дәлелді медицина. Оның қазіргі даму бағытын сипаттап беріңіз.
- •13.Дәлелді медицинаның негізгі ерекшеліктері неде?
- •14.Дәлелді медицинаны қолдану аясы қандай?
- •27.Ғылыми мақалаларды талдау және сынай бағалау қандай негізгі принциптерге негізделеді?
27.Ғылыми мақалаларды талдау және сынай бағалау қандай негізгі принциптерге негізделеді?
28.Әке-шешесі темекі шегетін жанұяда жылына бала бірнеше рет пневмониямен ауырған. Шешесі дәрігерге келіп сұрайды: «Мүмкін баланың пневмониямен ауыратынына біздің темекі шегетініміз әсер етеді ме?». Дәрігер бұл сұраққа жауапты деректер базасына жүгініп іздейді. Бұл мәселенің жауабын табу үшін РІСО формуласы бойынша клиникалық сұрақ құрастырыңыз.
29. 25 жастағы пациент баскетбол ойнағанда травма алып, жедел жәрдем бөлімшесіне келеді. Дәрігер пациентті қарап, оған инверсиялық созылу диагнозын қояды. Дәрігер аяқты орап, тұрақтандырып, ісік пен ауру сезімі кеткенше балдақпен жүруге нұсқау береді. Пациент дәрігерге оның досымен сондай жағдай болғанда, оны орамай және тұрақтандырмай, физиотерапияға жіберді деп айтады. Пациент қандай емдеу шарасы жақсы болады деп сұрайды. Дәрігер деректер базасынан ақпарат іздей бастайды. Бұл мәселенің жауабын табу үшін РІСО формуласы бойынша клиникалық сұрақ құрастырыңыз.
30.Елу жастағы ер адам баспалдақтан құлап, басын ұрған. Оның көңілі және ориентациясы жақсы. Бірақ ол кісі жақында журналдан боксерлердің жиі бас травмаларын алғаннан кейін Паркинсон ауруының қаупі жоғары туралы мақала оқыды. Енді ол адам құлағаннан кейін алған травмасы бұл аурудың қаупін жағарлатады деп уайымдап жатыр. PICO конструкциясын қолданып, әдеби іздеу үшін клиникалық сұрақ құрастырыңыз.
