- •1.Менеджмент түсінігіне, оның мазмұнына, пайда болуының алдын-ала жағдайларына түсініктеме беріңіз
- •2.Басқарудың ғылыми мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •3.Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
- •4.Ресми және биресми топтарына мінездеме беріп, ұқсастықтары мен айырмашылықтарына сипаттама беріңіз
- •5.Басқарудағы адамдық қарым-қатынастар мектебінің мақсатын анықтап және оның басқару теориясына қосқан үлесін баяндаңыз
- •6.Бақылаудың мәні және мазмұнын сипаттап, бақылаудың қажеттілігін анықтаңыз
- •7.Ұйымның сыртқы ортасына талдау жасап, сыртқы орта мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •8.Мотивацияның процессуалдық теорияларын салыстырмалы сипаттаңыз
- •9.Мотивацияның мазмұндылық теорияларына салыстырмалы сипаттама жасаңыз
- •10.Бақылаудың түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттама беріңіз
- •11.Коммуникация түсінігі мен басқарудағы коммуникацияның роліне сипаттама беріңіз.
- •12.Коммуникацияның түрлерін атаңыз
- •13.Коммуникациялық процесс түсінігіне анықтама беріңіз. Коммуникация процесінің элементтері мен кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •14.Тиімді бақылау мінездемелеріне сипаттама беріңіз
- •15.Ұтымды шешім қабылдау кезеңдеріне сипаттама беріңіз
- •16.Ұйымның ішкі және сыртқы орта факторларын қарастырыңыз
3.Басқарудың классикалық мектебінің мақсатына, қосқан үлесіне сипаттама беріңіз
«Классикалық» ( ғылыми менеджерлеу мектебі) кез келген ұйымды басқаруға жарайтын басқару принциптерін әзірлеуге ұмтылды.
Бұл мектеп ең алдымен Ф.Тейлордың есімімен байланыстырылып аталады (ХХ ғ.басында). Оның негізгі теориялық ережелері «Управление фабрикой» (1903 ж.); «Принципы научного управления» (1911 г.); «Покпзания перед специальной комиссией конгресса» (1912 г.) еңбектерінде баяндалған.
Ол еңбек өнімділігін арттыру қожайынға да, жұмысшыға да мол өнім әкеледі деп ұйғарған. Бұл үшін оның да, басқалардың да санасын ояту, яғни олардың психикаларына төңкерңс жасау қажет.
Ф.Тейлор тұжырымдамасының негізгі ережелерін былайша бөліп көрсетуге болады:
Тәжірибеде қалыптасқан ескі жұмыс тәсілдерін алмастыра алатын ғылыми фундаментті жасау, оның әрбір элементін ғылыми тұрғыдан зерттеу;
Ғылыми критерийлердің негізінде жұмысшыларды іріктеп, оларды жаттықтыру және үйрету;
Еңбекті ұйымдастырудың ғылыми тұрғыдан әзірленген жүйесін іс жүзіне енгізуде әкімшілік пен жұмысшылардың ынтымақтастығы;
әкімшілік пен жұмысшыларға жауапкершілікті тең бөліп беру.
«Классикалық» мектепті зерттеудің негізін Анри-Файоль (1841-1925 ж.ж.) қалады.
Оның пікірі бойынша, әкімшілік өзіне мына функцияларды құрмақ:
өндірістік,
коммерциялық,
қаржылық,
кредиттік,
есептік-бухгалтерлік,
әкімшілік.
А.Файоль кез келген әкімшілік қызметте, оның пікірі бойынша қолдануға жараайтын принциптерді әзірледі. Оған жататындар: еңбекті бөлу, билік, ( бедел әрі жауапкершілік), тәртіп, біртұтас басшылық, сыйақы, теңдік, бастама (инициатива), корпаративтік рух.
Ол сонымен қатар маңызды принциптерді бөліп көрсетті: басшылық пен бұйрықтың (әміршілдіктің) біртұтастығы.
Бұл арада Г.Эмерсонның «Двенадцать принципов производительности труда» еңбегінде кәсіпорынды басқарудың мына принциптерін қарастырып, қалыптастырды:
әрбір басшы мен оның әр түрлі деңгейдегі бағыныштылары қол жеткізуге ұмтылатын нақты белгіленген мақсаттар,
алдағы кезеңнің мақсаттарын қоса ескеретін әрбір жаңа процесті талдаудың мағнасы айқын тәсілімдемесі;
білікті кеңес –арнайы білімдердің қажеттілігі.Шынайы білікті кеңес тек алқалалық қана бола алады;
тәртіп;
қызметкерге дұрыс қарым-қатынас жасау;
жылдам, сенімді, дәл және тұрақты есебі;
диспетчерлеу –оперативтік басқару;
нормалапр және кесте;
жақсы нәтижелер арқылы қол жететін жағдайларды нормалау;
жұмысты орындаудың барлық ережелдерін дәл бекітуді қамтамасыз ететін жазбаша стандартты нұсқаулар;
әрбір қызметкерді көтермелеуге бағытталған өнімділік үшін сыйақы.
«Форд моторс» компаниясының негізін қалаған америкалық кәсіпкер Генри Форд (1863-1947 ж.ж.) «Мои достижения, моя жизнь» еңбегінде өз өндірісінің негізгі принциптерін қалыптастырды:
Іскерлікте әкімшілік аз болсын, әкімшілікте іскерлік мол болсын.
Дайын өнімдерді алып-сату нақты іспен үш қайнаса сорпасы қосылмайды, ол «заң жолымен жобаға келмейтін ұрлықтың әдетті түрі» ретінде болады.
Барлық адам тең деп санайтын қағидадан артық адамзатқа зиянды әрі ақылға сыймайтын ұғым жоқ шығар, сірә.
Біреудің ісіне қол сұғу-қылмыс, өйткені ол басқа бір адамның үстінен арам жолмен пайда табумен бірдей әрі қара күштің үстемдігін орнатады.
Көптің пайдасына арналған жұмысты қарақан басыңның қамынан жоғары қой. Пайдасы болмаса ешқандай жаманшылқ жоқ.
«Адамдық қарым-қатынастар» мектебі
Басқару теориясындағы жаңа бағыттың негізін қалаған америткалық ғалым –Элтон мэйо (1880-1949 ж.ж.) Ол жұмысшылардың тобымен бірлесіп 13 жылдай жүргізген тәжірибенің нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: жұмысшылардың еңбек жағдайы менәкімшіліктің әрекетіне ғана байланысты емес , ол, сондай-ақ, жұмысшылар ортасының (фомальды емес шағын топтар деп аталатын) психологиялық және әлеуметтік климатына да тәуелді болады.
Ф.Херцберг, Рл.Ликарт, Дуглас Макгрегор, Фоллет Мэри Паркер және т.б. осы мектептің көрнекті өкілдері.
Бұл бағыттың негізгі ережесі –бейформалды шағын таптарға қатысты анықтау және басқару іс-тәжірибесінде топтардың психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктерін анықтап, пайдалануға мүмкіндік беретін әдістердің қажеттілігіне сендіру.
Жауапкершілікті жүктеу біршама деңгейде ұйымдағы уәждемемен байланысты. Осы позиция тұрғысынан Д.Макгрегордың көзқарасы кеңінен тараған. Оның сендіруі бойынша, басқаруды ұйымдастырыудың екі негізгі тәсілдемесі бар.
Біріншісі- Х теориясы нормаланған процедурулар мен операцияларды пайдаланатын мәжбүрлеу және көтермелеу (« қамшы және жылы-жұмсақ»), әдістерін қолдануға негізделген.
Екінші- У теориясы қызметкерлерді ынталандыруға, септігін тигізетін олардың белсенділікпен бастамалар көтеруіне мүмкіндік беретін жағдай тудыруға айырықша көңіл бөледі.
Жалпы қортындысында « адамдық қарым-қатынастар» мектебі адам факторының есебіне және ұжымда тиісті психологиялық климат тудыруға баса назар аударады.
