Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KhAMITOVA_gotovy_shpor (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.12 Mб
Скачать

2)Анаэробты

38.Құрылыс ауданының ауа бассейнің ластауының болжамын даярлау үшін қандай мәліметтер болуы тиіс?

Өнеркәсіп нысандарының құрылысын жүргізу және оларды эксплуатациялау кезінде ауа бассейнінің ластануы қоршаған ортаға әсер ететін факторлардың ең негізгілерінің бірі болып табылады.

Ауа бассейнінің ластануы ауаның жер бетінен 50-100м қалыңдығындағы ластаушы заттардың концентрациясы арқылы анықталады.

Ауаның ластану болжамын жасақтау залалдаушы заттардың(шаң тозаңдар мен газдар) мөлшерін оларды лақтырып шығаратын қайнар көзінің маңындағы мөлшерін ауданның құрылымының шифрінің өзгеру болашағы мен ластағыш заттарды өзге де өнеркәсіп және тұрмыстық-азаматтық нысандардың бөліп шығару шарттарын ескере отырып,жүргізіледі.

Құрылыс ауданының ауа бассейнінің ластануының болжамын даярлау үшін келесі мәліметтер анықталған болуы тиіс:

  1. Құрылыс ауданының физико-географиялық және табиғи-климаттық шарттары(орналасу орны ,климаттақ және өзге параметрлер)

  2. Жобаланудағы нысан туралы мәліметтер (кәсіпорыннің қуаттылығы ,негізгі өндірісітердің тізімі ,технологиялық параметрлер және сипаттамалар), негізгі өнім түрлерінің һзіндік құны,жұмыс істейтін адамдардың саны. Өндірілетін өнімдердің атаулары және энергия тасымалдаушылардың түрлері.

  3. Ауа бассейнінің фонд ластану мөлшері(қадағалауда бболатын заттардың тізімі, олардың концентрациясы, ауаны ластау мүмкіндігі зор болатын қайнар көздер жайлы мәліметтер т.б.)

  4. Жобаланудағы нысанның ластаушы заттарды бөліп шығаруының қайнар көздерінің сипаттамасы.

  5. Нысанның ұйымдастырылмаған қайнар көздерінен және газдарды тазарту қондырғыларынан шықаннан кейін атмосфераға түскен залалдаушылардың құрамы мен мөлшері жайлы мәліметтер.

  6. Болашақта ауданның өзге де инфрақұрылымдарынан атмосфераға түсетін ластаушы заттардың құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер.

39. Газ шығарындыларын тазалаудың негізгі әдістері.

Газ қалдықтарынан тазарту

Газды біртекті емес жүйе деп құрамында ұсақ қатты бөлшектер немесе сұйық тамшылары қалықтап асылып тұрған жайдайда тұратын газды атайды. Шығу тегіне байланысты газды қалықтап асылып тұрған бөлшектері бар қоспаларды екі топқа бөлуге болады: механикалық газды қалықтағыш қоспа және конденсирленген газды қалықтағыш қоспа.

Механикалық қалықтағыш қоспалар газдағы ұсақталған қатты заттың басқа жолмен таралу нәтижесінде түзіледі. Мысалы, қатты материалдарды үгіту немесе сұйықтықты тозаңдандыру кезінде түзіледі. Ал осы газда дипергирленген (лат. dispergo – себу, төгу) қатты немесе сұйық зат тозаң (шаң) деп аталады.

Конденсирленген қалықтап тұрған заттар газды (бу тәрізді) фазадан қатты немесе сұйық фазаға конденсациялануы нәтижесінде түзіледі: бірінші жағдайда түтін түзіледі, екіншісінде тұман. Мұндай қалықтап тұрған заттар екі газдың қатты немесе сұйық фаза түзілулері арқылы жүретін химиялық реакция нәтижесінде түзілуі мүмкін.

Газды қалықтап тұрған заттардың шығу тегі газ тазалағыш аппаратты немесе әдісін таңдауда үлкен мәні бар. Себебі газды біртекті емес жүйені бөлудің қиындылығы қалықтап тұрған бөлшектердің өлшемдеріне байланысты. Механикалық және конденсирленген заттардың басты айырмашылықтары қатты бөлшектердің немесе сұйық тамшылардың үлкендігімен анықталады. Мұндай жағдайларда нақты қатаң шекаралары анықталмайды және әрбір жекелеген жағдайда газды заттардың түзілуіндегі бөлшектердің өлшемдері үлкен аралықты қамтитын шекте болады. Көптеген жағдайларда механикалық заттардың диаметрі 5 мкм-ден 50мкм дейінгі аралықтан тұрады, ал конденсирленген бөлшектер үшін 0,3 (А) және 3,0 (А) аралығында жатады деп қабылдауға болады. Тазалауға түсетін өнеркәсіптік газдардың ластану дәрежесі бірнеше себептерге байланысты болады, біріншісі өндірістік процестің ерекшелігіне және газ өндіруші аппараттың құрылымына байланысты болады.

Өнеркәсіпте газды тазалау әдісін қолдану 4 негізгі топтан тұрады:

1. Механикалық және құрғақ газ тазалау әдісі. Мұнда бөлу эффектісі сыртқы механикалық күштердің газдағы қалықтап тұрған бөлшектердің массасына әсер етуәне негізделген.

2. Ылғалды газ тазалау әдісі. Бұл әдісте ластанған газды сұйықтықпен, көп жағдайда сумен шаюға негізделген.

3. Газ фильтрациясы. Газды кеуекті қалқанды қабырға арқылы өткізу кезінде қалықтап тұрған бөлшектердің осында ұсталынып қалуларына негізделген.

4. Газды электрлі тазалау. Жоғары жиілікті электр өрісі арқылы дәл сол аппараттың өзінде бөлшектің зарядына әсер ету арқылы тазалау жүзеге асырылады.

Механикалық газ тазалау (құрғақ) әдісі. Механикалық газ тазалау аппараттарының бөлу эффектісі екі жағдайға негізделген:

1) егер бұған қандай да бір сыртқы бөгде бір күш бөлшекті осыған итермелесе, газды ағындағы шаңның (тозаңның) немесе сұйықтың бөлшектері жуықтатылған деңгейде бос болуынан оның сол ортада қозғалу мүмкіндігі бар;

2) қалықтап асылып тұрған бөлшектердің массасы газдың өзінің бөлшектерінің массасынан біршама артық, соған байланысты сыртқы бөгде бір күштердің ықпал ету қаупі осы бөлшектерде көрініс табады және оларды әсер етуші күштің бағытына сәйкес бағытта қозғалуларына мәжбүр етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]