- •Минералды шикізатты ұсақтау принципі.
- •22. Не үшін және қандай әдістердің көмегімен денелерді ұсақтау жүргізіледі.
- •23.Ұсақтау дәрежесі дегеніміз не және ұсақтауға ұшырайтын бөлшектердің өлшемдері қандай ?
- •1) Материалдың ұсақталатын бөлшектерінің көлемдік деформациясына жұмсалған жұмыс;
- •2) Бөлшектердің өлшемі кішірею салдарынан пайда болатын жаңа беттерді құруға жұмсалған жұмыс;
- •3) Ұсақтау машиналары жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын және қоршаған ортаға пайдасыз шығындалатын жылуға жұмсалған жұмыс.
- •1) Материалдың ұсақталатын бөлшектерінің көлемдік деформациясына жұмсалған жұмыс;
- •2) Бөлшектердің өлшемі кішірею салдарынан пайда болатын жаңа беттерді құруға жұмсалған жұмыс;
- •3) Ұсақтау машиналары жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын және қоршаған ортаға пайдасыз шығындалатын жылуға жұмсалған жұмыс.
- •24. Ұсақтағыштарды орнату сызбалары. Ұсақтағыштарғы қандай талаптар қойылады?
- •1) Материалдың ұсақталатын бөлшектерінің көлемдік деформациясына жұмсалған жұмыс;
- •2) Бөлшектердің өлшемі кішірею салдарынан пайда болатын жаңа беттерді құруға жұмсалған жұмыс;
- •3) Ұсақтау машиналары жұмыс істеу нәтижесінде пайда болатын және қоршаған ортаға пайдасыз шығындалатын жылуға жұмсалған жұмыс.
- •25.Орташа, ірі, майда ұсақтау үшін пайданалатың ұсақтағыштар
- •26. Елеудің қолданылуы. Елеудің тиімділігі.
- •27. Қозғалмайтын және қозғалмалы елеуіштер.
- •28.Классификация процесі деп нені атайды?
- •29. Классификаторлар түрлері .
- •30. Гравитациялық байыту әдістері. Негізгі түсініктер.
- •Флотациялау процесі туралы жалпы түсініктер. Флотациялық реагенттер.
- •32. Флотациялау машиналарының түрлері.
- •33.Магниттібайыту әдісінің физикалық негізі
- •34. Электрлік байытудың процесі туралы жалпы түсініктер.
- •35. Жаңа кәсіпорындардың техника- экономикалық негіздеме
- •36. Құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік нысандар ортаның қандай бөліктеріне әсерін тигізеді.
- •Өндірістік ағынды сулардың сипаттамасы. Өнімдерінен бөлінген суды тазарту негіздері.
- •2)Анаэробты
- •38.Құрылыс ауданының ауа бассейнің ластауының болжамын даярлау үшін қандай мәліметтер болуы тиіс?
- •39. Газ шығарындыларын тазалаудың негізгі әдістері.
- •40. Минералдық шикізатты ұқсату кезенде еңбекті қорғау.
36. Құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік нысандар ортаның қандай бөліктеріне әсерін тигізеді.
Құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік нысандар ортаның құрамдас бөліктеріне айтарлықтай әсерін тигізеді. Олардың қатарына:
Құрылысқа жүргізуге бөлінген жер теліміндегі топырақ жамылғысының, яғни оның құнарлылығы, маңыздылығы және территорияның көлемібұзылып, зақымданады.
Жерді қазып, ұнғымалап, тілімдеп және суды қажетті бағытқа бұруға арналған бағыттағыштарсалу нәтижесінде территорияның су режимінің бұзылуына алып келеді. сонымен қатар су режимінің бұзылуы жердің беткі суларының жүру, жинақталу шарттарының өзгеруіне, ылғалмен қамтамасыз етіп тұрған табиғи су көздерінде судың болмай қалуы салдарынан территорияның құрғақшылдыққа шалдығуына алып келеді.
Жер асты және жердің беткі суларын нысанды сумен қамтамасыз ету үшін пайдалану судың көлемін төмендетеді.
Кәсіпорындардың калған қалдықтары, тастандылары және жасанды жерге ұшыраған жерлердің бетінен желдің әсерінен көтерілетін шаң-тозаңдармен атмосфераның, территорияның және сулы ортаның залалдануы мүмкін.
Сулы нысандардың қолданыстан кейін лақтырылып шығарылған сулармен ластануы.
Өнеркәсіптік нысандардың құрылысын жүргізу кезінде және эксплуатациялау кезінде қоршаған ортаның радиациялық зақымдануы болады.
Ауаның және судың температураларының көтерілуіне алып келетін жылудың бөлінуі, мұздың қатуы және еру мерзімдерінің өзгеруі, тұмандардың түзілуі.
Шуылдың, сәуленің, электроиагниттік және т.б физикалық әсерлердіңіргелес маңайларда орналасқан территорияларға әсері
Өсімдік жамылғысының және жан-жануарлар әлемінің тіршілік ету орталарындағы табиғи шарттардың бұзылуына алып келеді.
Кәсіпорынның құрылысын жүргізу және оны эксплуатациялау кезінде өнеркәсіптік нысандардың осындай атмосфераға, территорияға зияндылығын ескеріп арнайы жоспарларда қарастырылуы керек. мәселен, атмосфераға зиянды өндірістік тастандыларды бөліп шығаратын өндірістік кәсіпорындарды орналастыру кезінде желдің басым бағытын ескеру қажет. Мұндай кәсіпорындардың алаңдарын желдің бағыты бойынша орналастыру қажет.
Өндірістік ағынды сулардың сипаттамасы. Өнімдерінен бөлінген суды тазарту негіздері.
Ағынды сулардың ластануы табиғат пен оларды ластайтын шикізаттың қайнар көзіне байланысты. Ағынды сулар өндірістік және тұрмыстық деп бөлінеді. Тұрмыстық ағынды сулар көше қалдықтарымен, жуғыш құралдармен, сондай – ақ экскременттармен ластанған. Суда олар суспензиялы қатты және ұшқыш зат күйінде кездеседі. Суспензиялы қатты заттардың басым көпшілігі целлюлоза тектес, ластағыш органикалық компоненттерден, май қышқылынан, көмірсудан, ақуыздан тұрады. Ағынды суларда соңғы аталған өнімдердің ырырауы нәтижесінде жағымсыз иіс пайда болады. Мұндай сулардың микрофлорасы әр алуан. Бұлардың ішіне ішек және топырақ микроорганизмдерінің бірқатар түрі енеді: аэробты, облигатты және факультативті анаэробты. Олар ашытқы бактериялар, саңырақұлақтар, зеңдер мен вирустар қатарына жатады. Ағын суларды тазалау – ағын суларды зиянды заттардан тазалау және жойып өңдейді. Ластану тазартылған ағын суларды күрделі өндіріске жіберіледі. Онда басқа өндіріс сияқты шикізат (ағын су) және дайын өнім (тазартылған су) бар. Ағын суларды тазалау әдістерін механикалық, химиялық, физико-химиялық және биологиялық деп бөледі. Олардың барлығы бірдей қолданылса онда ағын суларды тазалау және залалсыздандыру комбинирленген деп аталады. Осы немесе басқа әдістерді қолдану нақты жағдайда ластану сипатымен және қоспалардың зияндылығының дәрежесімен анықталады.
Су тазалаудың механикалық әдісі:
Өндірістік ағын суларды тазалауда судан минералды және органикалық қоспаларды шығару үшін механикалық тазалау қолданылады. Механикалқ тазалаудың қолданылуы өндірістік ағын суларды дайындауда.Механикалық тазалау жаңа станцияларында торда өткізуден, құм аулаудан, сорып тастаудан және сүзгілеуден тұрады. Бұл қондырғылардың түрлері және өлшемдері негізінен өндірістік ағын судың құрамына, қасиетіне және шығынына байланысты.Механикалық тазалау алдын ала өндірістік ағын суларды тазалаудың бірінші сатысы болып табылады. Ол осы сулардан 90-95%-тен 20 мг/л тартылған заттарды алуға мүмкіндік береді.
Қалқымалы бөлшектер: Ірі дисперсиялық ,Коллоидтық ,Нағыз еріттінді
Қалқымалы бөлшектерің тазарту: Сүзу (елеуіш, сүзгі, торлар),Тұндуру (құмұстағыш, тұндырғыш, түссіздендіру),Фильтрлеу
Ағынды суларды тазарту – құрамындағы заттарды, сондай – ақ патогенді микроорганизмдерді жоюға немесе ажыратуға әкелетін әдістер жүйесі. Су қоймаларының өз - өзін табиғи жолмен тазарту барысында ағын сумен бірге түскен затарды да бұзылуға ұшырауы мүмкін. Бұл схема тазартылған судың қанша мөлшері өндірісті сумен жабдықтауға және қанша мөлшері суқоймаларына құйылатындығын есептеу үшін қолданылады. Ағын суларды тазартуда бірнеше қондырғы типтері пайдаланылады:Локальды (цехтік), Жалпы (зауыттық),Аудандық (қалалық) Локальды тазартқыш қондырғылар – технологиялық процестерден кейін тікелей ағын суларды тазалауға арналған. Ағын суларды локальды тазартқыш қондырғылармен су жабдықтау жүйелеріне жібермес бұрын тазартады. Мұндай қондырғыларда әдетте физико – химиялық тазарту әдісін (тұндыру, ректификация, экстракция, абсорбция, ионды алмасу, оттық) қолданады. Жалпы тазалау қондырғылары тазарту жұмыстарының бірнеше сатыларын біріктіреді: Бірінші (механикалық),Екіншілік (биологиялық),Үшіншілік (тазалауға дейінгі)Аудандық қондырғылар негізінен ағынды суларды механикалық және биологиялық әдіспен тазартады. Биологиялық тазалау әдісі микроорганизмдердің ағынды сулардағы түрлі қосылыстарды өздерінің субстраты ретінде пайдалану әрекетіне негізделген. Бұл әдістің құндылығы оның ағын су құрамындағы органикалық және бейорганикалық кең спектрлі заттарды жоюында жатыр. Алайда бұл әдістің ойдағыдай жүруі үшін тазалау қондырғыларының құрылысына көп мөлшерде қаржы бөлу қажет. Тазарту процесі барасында тазалаудың технологиялық режимін қатаң сақтау және микроорганизмдердің ластанудың жоғары концентрациясына өте сезімтал келетінін ескеру қажет. Сондықтан биологиялық тазарту жүргізбестен бұрын, ағын суларды сұйылту қажет.
Ағынды суларды биологиялық тазарту әдістері: 1)Аэробты а) Табиғи
Суару даласы, фильтрлеу даласы, биологиялық тоғандар
б) Жасанды
Аэротенктер, биофильтрлер, окситенктер
