- •1)Механикалық қозғалыс.Механикалық жүйе,Механиканың негізгі моделі.Материалдық нүкте,қатты дене,тұтас орта.
- •2 ) Механиканың негізгі ұғымдары: радиус-вектор, траектория, орын ауыстыру, жол.
- •5. Қисық сызықты қозғалыстағы жылдамдық жəне үдеу.
- •6)Айналмалы қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық жəне бұрыштық үдеу.
- •7. Механикадағы күштер: ауырлық күші жəне дененің салмағы.
- •11.Ньютон заңдары.
- •13.Күш моменті
- •14)Инерция моменті
- •15. Қозғалмайтын оське қатысты қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі.
- •16.Штейнер теоремасы
- •17.Кейбір денелердің инерция моменттері, цилиндр және диск
- •18.Механикалық жұмыс және қуат
- •19.Кинетикалық энергия.
- •20.Потенциалдық энергия
- •21.Сұйықтың қозғалысы. Стационар ағыс. Сығылмайтын сұйықтық
- •22Ламинарлық және турбуленттік ағыс. .
- •24. Б ернулли теңдеуі.
- •26.Механикалық тербелістер. Математикалық маятник.
- •27.Серіппелі маятник.
- •28.Физикалық маятник
- •29.Толқындар. Толқынның түрлері. Толқындардың негізгі сипаттамалары. Допплер эффектісі
- •34.Идеал газ. Идеал газ күйінің теңдеуі .
- •36.Жылу мөлшерi
- •38.Термодинамикадағы жұмыс.
- •39. Изопроцесстер және олардың графиктері
- •40. Идеал газдың жылусыйымдылығы.
- •42. Жылу машинасы
- •43. Тасымал құбылыстары.Жылу өткізгіштік.
- •44.Диффузия.
- •45.Нақты(реал) газдар.Ван-дер-Валльс теңдеуі.
- •46. Клапейрон - Клаузиус теңдеуі.
- •47)Джоуль-Томсон эффектісі
- •48)Электр заряды.Электр зарядының сақталу заңы.
- •50)Электр тогы.Ток күші. Ток тығыздығы .
- •51.Электр өрісінің кернеулігі. Электр өрісінің супер позиция принціпі.
- •Электр өрісінің суперпозиция принципі
- •52.Электр өрісіндегі өткізгіштер.Электр сыйымдылық.
- •53.Конденсаторларды тізбектей жəне параллель қосу қатынасы.
- •55. Тұрақты электр тоғы. Тізбек бөлігіне, толық тізбекке арналған Ом заңы.
- •56.Электр қозғаушы күш.
- •59. Джоуль – Ленц заңының дифференциалдық түрі
- •61 .Электролиттердегі электр тогы. Фарадейдің электролиз заңы.
- •62. Газдардағы жəне плазмадағы электр тоғы. Плазма туралы түсінік.
- •64. Тізбектің тармақталуы Кирхгоф заңы.
- •66. Электрлік диполь
- •67. Электр өрісінің кернеулік векторының циркуляциясы туралы теорема . Гаусс теоремасы
- •68. Зарядталған конденсатор энергиясы
- •69.Электростатикалық өріс энергиясы.
- •70. Диэлектриктер. Олардың поляризациясы
- •72. Импульстің сақталу заңы
- •73. Энергияның сақталу заңы
- •74.Пуазейль заңы
- •76. Лоренц түрлендірулері
- •77. Термодинамиканың бірінші бастамасы
- •79. Газ молекулаларының жылулық қозғалысының жылдамдығы.
- •80. Больцманның таралуы
- •82. Майер формуласы
- •84.Молекулалардың соқтығысуы. Молекулалардың эффективті диаметрі.
- •85.Молекулалардың еркін жолдарының орташа ұзындығы.
- •86. 87Бөлшектердің серпімді соқтығысуы
- •88.Орташа квадраттық жылдамдық
- •89. Ықтималдылық жылдамдық
- •90. Орташа арифметикалық жылдамдық
- •91. Күш пен потенциалдық энергия арасындағы байланыс
- •92.Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
- •94. Өшетін тербелістер. Логарифмдік өшу дикременті
- •95. Толық тізбек үшін Ом заңы
- •96)Гармоникалық тербелістер. Өшетін тербелістер. Логарифмдік өшу дикременті
- •97. Еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы және тербеліс фазасы. Механикалық резонанс.
- •98. Термодинамиканың екінші бастамасы
- •99. Ом заңының дифференциалдық бастамасы.
- •100. Плазма туралы түсінік.
- •101.Материалдық нүктенің импульс моменті.
- •102. Тасымалдау құбылысы. Тұтқырлық.
97. Еріксіз тербелістер. Еріксіз тербелістердің амплитудасы және тербеліс фазасы. Механикалық резонанс.
Еріксіз тербеліс — қандай да бір жүйеде периодты сыртқы күштің әсерінен пайда болатын тербеліс (мысалы, айнымалы магнит өрісі әсерінен болатын телефон мембранасының тербелісі, т.б.). Еріксіз тербелістің сипаты сыртқы күштің табиғаты мен жүйенің өзіне тән қасиеттері арқылы анықталады. Сыртқы күштің болуы — еріксіз тербелістің қозуы мен болуының қажетті шарты. Периодты сыртқы күштің әсерінен еріксіз тербелістің сипаты алғашқы кезде уақытқа байланысты өзгереді. Тек белгілі бір уақыт өткеннен кейін, жүйеде периодты сыртқы күштің периодына тең еріксіз тербеліс қалыптасады (орныққан еріксіз тербеліс). Дербес жағдайда, сыртқы күштің (жиілігі жүйенің меншікті тербеліс жиілігіне жуық) әсерінен сызықтық тербелмелі жүйеде еріксіз тербеліспен бір мезгілде меншікті (еркін) тербеліс пайда болады. Тербелістің бастапқы сәтінде ол тербелістердің амплитудалары бір-біріне тең де, ал фазалары қарама-қарсы болып келеді (суретті қ.). Сөйтіп, меншікті тербеліс біртіндеп өшкен соң, жүйеде тек орныққан еріксіз тербеліс қалады. Сондықтан тербелмелі жүйеде меншікті тербеліс неғұрлым ертерек өшсе, солғұрлым сол жүйеде орныққан еріксіз тербеліс тезірек қалыптасады. Еріксіз тербелістің амплитудасы әсер етуші күштің амплитудасы мен жүйедегі меншікті тербелістің өшу дәрежесіне байланысты анықталады. Егер меншікті тербелістің өшу дәрежесі аз болса, онда еріксіз тербелістің амплитудасы әсер ету күшінің жиілігі мен жүйенің меншікті тербеліс жиілігінің ара қатысына едәуір дәрежеде тәуелді. Сыртқы күштің жиілігі жүйенің меншікті жиілігіне жуықтаған кезде еріксіз тербелістің амплитудасы кенет артып, резонанс құбылысы пайда болады. Сызықтық емес жүйелерде тербелісті меншікті тербеліске және еріксіз тербеліске ажырату әрдайым мүмкін бола бермейді.
Еріксіз тербелістер
Еркін тербелістер әйтеуір бір тоқтайды. Тербелісті өшпейтін ету үшін үйкелісті жеңуге кететін энергияны толықтырып отыру қажет. Тербелмелі жүйенің энергиясын оған сыртқы периодты түрде өзгеріп отыратын күшпен әрекет ету арқылы толықтыруға болады. Жүйенің энергиясы осы сыртқы күш жұмысының есебінен толығады. Бұл жағдайда тербелістер енді еркін емес, еріксіз болады; осы тербелістерді тудырушы периодты түрде өзгеріп отыратын күш мәжбүр етуші күш деп аталады. Сонымен еріксіз тербелістер дегеніміз — сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.
Периодты түрде қайталанып отыратын күштер тіпті өздері тербелмелі жүйеге жатпайтын денелердің де периодты қозғалысын тудырады. Мысал үшін есіктің периодты түрде ашылып-жабылуын немесе тігін машинасы инесінің қозғалысын еске түсірейік. Бұл кезде периодты өзгеріп отыратын күш әрекетінен болатын қозғалыстың (тербелістің) периоды сол күштің периодына тең болатынын байқау қиын емес.
Периодты күштің тербелмелі жүйеге әрекет етуі
Ал енді периодты күштің тербелмелі жүйеге әрекет ететін жағдайын қарастырайық. Тербелмелі жүйенің езінің де меншікті тербеліс периоды болады емес пе, ал күш басқа бір периодпен өзгеруі мүмкін. Тәжірибеге жүгінейік. Тербелмелі жүйе ретінде серіппеге бекітілген жүкті алып, осы серіппелі маятникті гармоникалық тербелістер алуға арналған механизмнің жібіне ілеміз. Тұтқаны бірқалыпты айналдыра бастасақ, жүктің қозғалысы алғашқыда күрделі болады. Бірақ бірнеше айналымнан кейін біз жүктің қозғалысы дұрыс периодты тербелістерге айналғанын көреміз. Бұл кезде біз тұтқаны қандай жылдамдықпен айналдырсақ та, жүктің орныққан тербелісі тұтқаның айналу периодына тең периодпен жүзеге асады. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады.
Периодты түрде өзгеретін күш әрекет ететін тербелмелі жүйеде периодты қозғалыс орнытады. Мұндай қозғалысты еріксіз тербелістер деп атайды.
Еріксіз тербелістердің периоды мәжбүр етуші күштің периодына тең.
Жоғарыда еркін тербелістер энергияның шығын болуына байланысты біртіндеп өшетінін кердік. Ал еріксіз тербелістер болса, үйкелістің болғанына қарамастан, мәжбүр етуші күштің әрекеті бар болған кезде периодты болып табылады. Бұл еріксіз тербелістер кезінде үйкеліске шығын болған энергия жүйеге әрекет етуші периодты күш жұмысының есебінен үнемі толығып тыратындығымен түсіндіріледі. Ал еркін тербелістер кезінде жүйеге тек қозғалыстың алғашкы сәтінде ғана энергия қоры беріледі де, қозғалыс осы энергия қоры түгел таусылғанша ғана жалғасады.
Резонанс
Орныққан еріксіз тербелістердің жиілігі қашанда сыртқы күштің жиілігіне тең. Енді осы еріксіз тербелістер амплитудасының жиілікке қалай тәуелді екенін айқындайық.
Керілген жіпке екі маятник ілеміз. Мұндағы А маятнигінің ұзындығы езгермейді. Ал В маятнигінің ұзындығын жіптің бос ұшын әрлі-берлі қозғай отырып өзгертуге болады. Егер маятникті тербеліске келтірсек, онда ол керілген жіп арқылы A маятникке қайсыбір периодты күшпен әрекет етеді. Соның салдарынан енді А маятник те еріксіз тербеле бастайды.
В маятниктің ұзындығын азайта отырып, оның тербеліс жиілігін өзгертуге болады. Сөйтіп, А маятникке әрекет ететін мәжбүр етуші күштің жиілігін өзгертеміз. Сонда осы мәжбүр етуші күштің жиілігі А маятник тербелісінің меншікті жиілігіне жақындағанда (маятниктердің ұзындықтары теңелгенде), А маятниктің тербеліс амплитудасы кенет артып кететінін байқауға болады. Міне, осы мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы резонанс деп аталады.
Резонанс құбылысымен қай-қайсымыз да жиі ұшырасамыз.
Бірақ көбінесе оған мән бермейміз. Мысалы, үйдің тұсынан трамвай, трактор, пойыз, жүк машинасы, т.б. өте шыққан кезде, терезенің әйнегі дірілдеп, шыныаяқтар сылдырлайды. Өйткені сыртқы тербелістер жиілігі үйдегі денелердің меншікті жиілігімен сәйкес келеді де, соның салдарынан резонанс құбылысы пайда болады.\
Резонанс пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Пайдалы болған кезде оны арттыруға тырысады. Мысалы, жол құрылысында, үйдің іргетасын құйғанда, құйматасты (бетонды) немесе сусыма нәрселерді тығыздау үшін арнайы вибратор-тығыздағыштар пайдаланылады. Ал зиянды болғанда, резонансты болдырмау үшін әртүрлі шаралар қолданылады. Мысалы, электрқозғалтқыштар, бу және газ турбиналарының табаны іргетасқа бекітілген болса, олардың тербелісі біртұтас еден арқылы машина орналасқан үйге беріледі. Соның салдарынан іргетастың еріксіз тербелістерінің амплитудасы үлкен мәнге жетіп, нәтижесінде үйдің құлауы да мүмкін.
Мұндай жағдайларда тербелістердің меншікті жиілігі сыртқы күштің жиілігімен дәл келмейтіндей ету керек.
