Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
физика1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.65 Mб
Скачать

1)Механикалық қозғалыс.Механикалық жүйе,Механиканың негізгі моделі.Материалдық нүкте,қатты дене,тұтас орта.

Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады. Механикалық қозғалыс – салыстырмалы. Бір дененің әр түрлі денелерге қатысты қозғалысы әр түрлі болады. Дененің қозғалысын сипаттау үшін, қозғалыс қай денеге қатысты қарастырылатынын белгілеу қажет. Бұл денені санақ денесі деп атайды. Санақ денесі және уақыт – санақ жүйесін құрап, ол қозғалған дененің кез келген уақыттағы орнын анықтауға мүмкіндік береді.

Қозғалыстары өзара бір-бірімен байланыста болған материялық нүктелер жүйесі механикалық жүйе делінеді. Механикалық жүйе еркін және байланыста болуы мүмкін.

Механикалық жүйе нүктелерінің қозғалысы ешқандай себеппен шектелмеген, яғни нүктелер арасындағы байланыстар өзара жердің тартылу күшінен ғана тұратын болса, осы жүйе еркін болады.

Механикалық жүйе нүктелерінің қозғалысы бір себеппен шектелген, яғни осы жүйе нүктелеріне байланыстар қойылған болса, ол байланыстағы жүйе деп атлады.

Тек механикалық процестер өтетін жүйелер механикалық жүйе деп аталады. Тұйықталған механикалық жүйеде потенциалдық және кинетикалық энергиялардың қосындысы тұрақты шама болып қалады (мұндай жүйелер консервативтік деп аталады). Дененің еркін түсуі кезінде кез келген уақыт мезетінде оның кинетикалық және потенциалдық энергиясының қосындысы тұрақты болатынын ескеру керек.  Әрбір дене белгілі бір өлшемдерге ие. Дененің әр түрлі бөліктері кеңістіктің әр түрлі жерлерінде орналасады. Берілген есептің шартында дененің өлшемі мен формасын ескермеуге болатын денені материалдық нүкте деп атайды. Мәселен, оны ғаламшарлардың Күннің айналасындағы қозғалысын зерттегенде алуға болады. Бұл нәрсе деформацияланбайды, айнала алмайды. Материалдық нүктенің механикалық энергиясы тек қана оның кинетикалық энергиясы түрінде ғана жинақтала алады. Басқаша айтқанда, материалдық нүкте ең қарапайым механикалық жүйе; ең аз еркіндік дәрежесі бар механикалық жүйе.Жүйенің кезкелген екі нүктесі арасындағы қашықтық өзгермейтін болса, ол өзгермейтін жүйе деп аталады. Бұндай жүйеге қатты дене мысал болады.

Механикалык жүйеге әсер ететін күштер шартты түрде ішкі және сыртқы күштерге бөлінеді. Механикалық жүйені құрайтын нүктелердің өзара бір-біріне болған әсері ішкі күштер делінеді.

Механикалық жүйе құрамына енбейтін денелер (нүктелер) тарапынан (16.1-сурет) қойылған күштер сыртқы күштер деп аталады. Ішкі күштер  , сыртқы

Қатты Дене– Сыртқы күштің əсерінен ешқандай өзгеріске ұшырамайтын, деформацияланбайтын денені абсолют қатты дене деп аталады.Пішінінің орнықтылығымен және  атомдарының жылулық қозғалыс әсерінен тепе-теңдік қалпының маңында мардымсыз аз тербелістер жасайтындығымен сипатталады. Атомдарының орналасу сипатына қарай Қ. д-лер кристалдар және аморф денелерге бөлінеді, Атомдарының орналасу сипатына қарай Қ. д-лер кристалдар және аморф денелерге бөлінеді. Аморфтық атомдар бей-берекет орналасқан нүктелердің төңірегінде тербеліп тұрады. Қ. д. қасиеттерін оның атомдық-молек. құрылысы, атомдық (атомдар, иондар, молекулалар) және субатомдық (электрондар, атомдық ядролар) бөлшектерінің қозғалыс заңдары арқылы түсіндіруге болады.

Тұтас орта механикасы – механиканың газдардың, сұйықтықтардың, плазманың, деформацияланатын қатты денелердің қозғалысын және тепе-теңдігін зерттейтін бөлімі.  Тұтас орта механикасында заттың молекулалық құрылысы ескерілмей, оның барлық қасиеттері (тығыздығы, механикалық кернеуі, бөлшектердің жылдамдықтары, т.б.) көлемі бойынша үздіксіз таралған тұтас орта ретінде қарастырылады.  Тұтас орта механикасында кез келген ортаны қарастырғанда механиканың негізгі заңдарына сүйеніп қорытылатын ортаның қозғалыс теңдеуі мен осы ортаның тепе-теңдік шарты, ортаның үзіліссіздік теңдеуі (массаның сақталу заңына негізделген), энергияның сақталу заңы негіз етіп алынады.Ортаның қасиеті температураға және басқа да физикалық-химиялық параметрлерге тәуелді. Газдар мен сұйықтардың тепе-теңдiгiн және қозғалысын зерттегенде оларды үздiксiз тұтас орта түрiнде қарастырады.Тұтас орта механикасында денеге әсер ететін күштер беттік немесе көлемдік таралуымен, яғни күш шамасының дене бетінің ауданына (беттік күштер үшін) немесе көлеміне (массалық күштер үшін) қатынасымен, ал сол ортаның әрбір нүктесінде пайда болатын ішкі кернеулер жанама және нормаль кернеулер жиынымен (кернеулер тензорларымен) анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]