- •4.9.1. Типтік бағдарлама ве 2208 бухгалтерлік есеп
- •3 Кредит
- •Түсініктеме жазбахат
- •Пәннің тақырыптық жоспары:
- •Пәннің мазмұны
- •Практикалық сабақтардың тақырыптары
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •4.9.3 Оқу жұмыс бағдарламасы
- •Пәннің қысқаша мазмұны
- •Пререквизиттері
- •4. Постреквизиттер
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары
- •Семинар сабақтарының тақырыптары
- •Соөж тақырыптары
- •Сөж тақырыптары
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер Қосымша әдебиеттер
- •4.9.3 Оқу бағдарламасы
- •1 Оқытушы жайында мәліметтер
- •2 Пән жайында мәліметтер
- •3 Пререквизиттері
- •4. Постреквизиттер
- •Пәннің қысқаша мазмұны
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары
- •Семинар сабақтарының тақырыптары
- •Зертзханалық сабақтар тақырыптары
- •Соөж тақырыптары
- •Сөж тақырыптары
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •8 Баға жайында ақпарат
- •8.1 Бағалау критерийі
- •Баллдар шкаласы
- •8.2 Студенттердің тәртіп саясаты және процедурасы
- •4.9.4 Пәннің оқу-әдістемелік қамтамассыздандырылу картасы әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •Электрондық оқулықтар мен құралдар
- •4.9.5. «Бухгалтерлік есеп негіздері» пәні бойынша дәрістік кешен
- •Тақырып 10. Меншікті және тартылған капиталдың есебі.
- •4.9.7 Тәжірибелік сабақтар жоспары
- •4.9.8. Пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Семинар сабақтың тақырыптары
- •Есептер.
- •4.9.10 Студенттің өзіндік жұмыстарына арналған материалдар «Бухгалтерлік есеп негізі » пәні бойынша сөж тақырыптары
- •Соөж тапсырмалары
- •1Тақырып. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
- •2 Тақырып. Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары
- •3 Тақырып. Екіжақтылық принципі және баланстық теңдік
- •4 Тақырып. Екі жақты жазу және бухгалтерлік есеп шоттары
- •5 Тақырып. Есепті кезең және қаржылық есептілікті дайындау.
- •6Тақырып. Кірістер және ақша қаражатының есебі
- •7 Тақырып. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны.
- •8 Тақырып. Айналымнан тыс активтер: есебі және тозуы
- •9 Тақырып. Меншікті және тартылған капиталдың есебі.
- •10 Тақырып. Шығыстар есебі, тәртібі
- •11 Тақырып. Қаржылық есептілікті дайындау
- •Сөж орындау әдістемелік нұсқамасы
- •Сөж тапсырмаларын орындау мен өткізу графигі
- •2 Аралық бақылау тапсырмалары
- •Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар
- •Емтиханға дайындалуға арналған тестілік тапсырмалар
- •4.9.13 Оқу сабақтарын программалық және мультимедиялық
- •4.9.14 Арнайыланған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі
|
Қазақ технология және бизнес университеті |
ЖН-ОБ-050-09-2011 |
Пәннің оқу-әдістемелік кешені |
Басылым №1 |
|
«Экономика және қаржы» кафедрасы |
Бет |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ технология және бизнес университеті
«Экономика, есеп және аудит» кафедрасы
«Келісілді» Оқу әдістемелік бөлімінің бастығы _____________________ «____»__________2016 ж. |
«Бекітемін» Оқу тәрбие жұмысы бойынша проректор __________________________ «____»__________2016 ж. |
4.9«Бухгалтерлік есеп негіздері»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Мамандық
5В050800 « Есеп және аудит»
Оқу түрі – күндізгі
Курс 2 семестр 3
Астана, 2016
МАЗМҰНЫ
|
|
бет |
4.9.1 |
Типтік бағдарлама |
|
4.9.3 |
Оқу бағдарламасы (силлабус) |
|
4.9.4 |
Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі |
|
4.9.5 |
Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандырылу картасы |
|
4.9.6 |
Дәрістік кешен |
|
4.9.7 |
Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспары |
|
4.9.8 |
Пәнді игеру бойынша әдістемелік нұсқаулар |
|
4.9.9 |
Типтік есептеулер, есептеме-графикалық, зартханалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар |
|
4.9.10 |
Студенттің / магистранттың өзіндік жұмыстарына арналған материалдар |
|
4.9.12 |
Студенттердің / магистранттардың оқу үлгерімін қадағалау және бағалау бойынша материалдар (жазбаша бақылау жұмыстары, тесттік тапсырмалар; өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар тізімі, емтихан билеттері және т.б.) |
|
4.9.13 |
Оқу сабақтарын программалық және мультимедиялықсүйемелдеу (пәннің мазмұнына байланысты) |
|
4.9.14 |
Арнайыланған аудиториялар, кабинеттер және зертханалар тізімі |
|
4.9.1. Типтік бағдарлама ве 2208 бухгалтерлік есеп
3 Кредит
Түсініктеме жазбахат
«Бухгалтерлік есеп» пәні бухгалтерлік есептің фундаментальдық негізі болып табылады және де теориясы мен тәжірибесінің кіріспесі ретінде түсінік береді. Бұл бағдарламада нарықтық экономика жағдайында әртүрлі салалардағы және меншіктегі ұйымдардың бухгалтерлік есеп және аудит саласының мамандарына қаржылық есептілікті құрудың халықарралық жалпы қабылданған бухгалтерлік есептің принциптері, әдістері мен тәсілдері қарастырылады.
Бухгалтерлік есеп курсы оқытылуы барысында нақты экономика кезеңіндегі бухгалтерлік есептің негізгі принциптерін, бухгалтерлік есептің шоттар жүйесін таныстырып, бухгалтерлік есеп ақпараттарын дұрыс пайдалану мен оның талаптарға сай әдістемелік тұрғысынан ұйымдастырылуы жайлы қажетті білім береді.
Курсты оқытудың мақсаты ұлттық қаржылық есептілік және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, сондай-ақ нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуының негізін оқыту болып табылады.
Бұл курста бухгалтерлік есептің негізін құрайтын базалық принциптері, әдістері мен есептеу тәсілдері (процедуралары) оқытылады.
Пәннің тақырыптық жоспары:
1-тақырып. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
2-тақырып. Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары
3-тақырып. Баланстық теңдеудің екіжақтылық принципі
4-тақырып. Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу принципі
5-тақырып Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру
6-тақырып.. Ақша қаражаттары және кірістер есебін жүргізу тәртібі
7-тақырып. Қорлар және сатылған өнімнің өзіндік құны.
8-тақырып. Айналымнан тыс активтер: тозуды есептеу тәртібі
9-тақырып. Шығыстарды есептеу тәртібі
10-тақырып. Меншікті және тартылған капиталдың есебі тәртібі.
11-тақырып Қаржылық есеп беруді дайындау.
Пәннің мазмұны
1-тақырып. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде
Бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептің қажеттілігі. Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп . Бухгалтерлік есептің нышандары және ақпараттық база ретінде маңызы.Бухгалтерлік ақпарат және басқарушылық шешім қабылдау.Бухгалтерлік есептің атқаратын қызметі және оның міндеттері. Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі. Бухгалтерлік есептегі этика. Қаржылық есептілік: экономикалық ақпарат ретінде оның жіктелінуі және оны пайдаланушылар. Халықаралық бухгалтерлік есеп және оның Қазақстандағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына әсері. Есеп принциптерінің жалпы сипаттамасы. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Актив, міндеттеме, капитал, ұйымның кірістері мен шығыстары туралы түсінік.
2-тақырып. Нарықтық экономикадағы бухгалтерлік есептің концепциялары
Бухгалтерлік есептің концептуалдық негізі.Бухгалтерлік есептің негізін құраушы қағидалар: екіжақтылық қағидасы, ақшалай өлшеу қағидасы,үздіксіздік қағидасы,өзіндік құн қағидасы, материалдық қағидасы,тарату қағидасы, салыстырмалылық қағидасы, дәйектілік қағидасы, толассыздық қағидасы. Есеп қағидаларының жалпы сипаттамасы. Қаржылық есептілік элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері. Актив, міндеттеме, капитал, ұйымның кірістері мен шығыстары туралы түсінік.
3-тақырып. Екіжақтылық принципі және баланстық теңдік
Бухгалтерлік есептің рөлі және маңызы. Негізгі бухгалтерлік теңдік. Үздіксіздік принципі. Өзіндік құн принципі. Бухгалтерлік баланстың құрамы мен құрылымы. Бухгалтерлік баланстың бөлімдері. Бухгалтерлік баланстың негізгі баптары. Активтердің құрамы және сипаттамасы .Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары мен оның эквиваленттері, қаржылық инвестициялар, қорлар, дебиторлық борыштар. Ұзақ мерзімді активтер: негізгі құралдар, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді инвестициялар және оның эквиваленттері. Қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелердің құрамы және сипаттамас. Капиталдың құрамы және сипаттамасы. Меншікті капиталдың құрамы және сипаттамасы. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс баптарына әсері. Бухгалтерлік баланстың түрлері.
4-тақырып. Екі жақты жазу принципі және бухгалтерлік есеп шоттары
«Шаруашылық операциялары» туралы түсінік. Екі жақты жазудың мәні. Бухгалтерлік есеп шоттарының анықтамасы және мақсаты. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. Бухгалтерлік есеп шоттарының құрылымы мен мазмқны. Бухгалтерлік есеп шоттарының экономикалық мазмұны бойынша және атқаратын қызметі бойынша жіктелуі ( негізгі, реттеуші, калькуляциялық, қаржылық нәтижелік, баланс сыртындағы және т.б.) жүйесі. Шоттар кореспонденциясы. Жай және күрделі бухгалтерлік жазулар. Топтамалық (синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық) шоттар мен олардың өзара байланысы.Талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есеп. Айналым ведомосттері, олардың мәні мен оларды құру, толтыру тәртібі. Бухгалтерлік шоттарды жабу процесі.Сынақ баланс.
5-тақырып. Бухгалтерлік есептегі құжат айналымын ұйымдастыру
Алғашқы есеп құжаттары туралы түсінік. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарды қолданудың қажеттілігі және оның ролі мен атқаратын қызметі. Есеп құжаттарындағы міндетті реквизиттер. Алғашқы есеп құжаттарының жіктелінуі. Құжат айналымы. «Бухгалтерлік есеп регистрлері» туралы түсінік. Бухгалтерлік есеп регистрлерінің формалары және жіктелінуі. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары. Бухгалтерлік жазулардағы қателерді түзету тәсілдері. Есеп саясаиы.
6-тақырып.Кірістер және ақша қаражатының есебі тәртібі
Консерватизм принципі. Материалдық принципі. Сату принципі. Бухгалтерлік есептегі есептеу әдістері. Ақша қаражаттарын өлшеу. Кірістер туралы түсінік және оның танылуы. «Есептік кезең» түсінігі. Есепті кезеңдегі кірістер. «Ақша қаражаттары» туралы түсінік: Кассадағы қолма-қол ақша. Кассалық кіріс және шығыс ордерлері, оларды құру, толтыру және рәсімдеу тәртібі. Касса кітабы, оның еңгізілуі. Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен олардың сипатамасы. Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалардың есебі, ақша эквиваленттерінің есебі. Есеп берілетін сомалардың есебі. (Кіші касса).
Дебиторлық борыштың танылуы мен бағалануы. Күмәнді(күдікті) дебиторлық борышттар туралы түсінік. Алынуға тиісті вексельдердің есебі. Жұмысшылардың дебиторлық борыштарының есебі. Басқадай дебиторлық борыштардың есебі. Өтелуге қосылған құн салығы сомасы. Қаржылық есептілікті ашып көрсету.
7-тақырып. Қорлар және сатылған онімнің өзіндік құны тәртібі
Қорлар жайлы түсінік. Қорлардың жіктелуі. Қорларды бағалау әдістері (орташа есептік құны бойынша, ФИФО және арнайы ұқсастық әдістері). Әдістерді салыстыру. Түгендеудің анықтамасы және мақсаты. Қорларды есептеу түрлері. Қорлардың өзіндік құнын анықтау принципі. «Өндірістік шығындар» және «мерзімдік шығындар» туралы түсінік. Үстеме шығындар мөлшері. Қорлардың айналымдылығы. Қорларды есептеудің үзіліссіз және кезеңдік жүйелерін қолдану. Төменгі құны бойынша және өзіндік құны мен нарықтық құны бойынша бағалануы.
8-тақырып. Айналымнан тыс активтер: есебі және тозуы
Ұзақ мерзімді активтер жайлы түсінік, олардың жіктелінуі. Материалдық емес активтер, негізгі құралдар және биологиялық активтердің анықтамасы және сипаттамасы. Түгендеу (Инвентарлық) объект. Ұзақ мерзімді активтердің бағалануы. Бастапқы құны, ағымдағы құны, баланстық құны, өткәзу құны және жойылу құны. Бастапқы құнның құрамы. Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы және тозуы: анықтамасы және мәні. Негізгі құралдардың табиғи және сапалық тозуы. Есептелінген амортизациялық аударым сомаларының бухгалтерлік есеп шоттарында бейнеленуі.
9-тақырып. Шығыстар есебі тәртібі
«Шығыстар» және «ұсталымдар» түсінігінің мәні. Белгіленген есепті уақыттағы шығындардың анықтамасы. Сәйкестілік принципі. Ұсталымдар мен шығындардың және есепті кезең шығыстарының өзара байланысы. Қаржылық нәтижені анықтау принципі. Қаржылық есептілікті бағалау қағидалары.(Басиапқы, ағымдағы, нарықтық, дисконтталған, сатылған және т.б.) Пайда және зиян туралы есеп баптарының маңызы. Ұйым шығыстарының бухгалтерліік есеп шоттарында бейнеленуі.Транзиттік шот туралы түсінік. Қаржылық және шаруашылық процесстері.
10-тақырып. Меншікті және тартылған капиталдың есебі тәртібі
«Меншікті айналым қорлары» туралы түсінік. Қарызға алынған және меншікті капитал. Акционерлік капитал, қалыптасуы мен өзгеруінің тәртібі. Төленбеген капитал. Резервтік капитал. Резервтік капиталды құру және пайдалану (жұмсалыну) тәртібі. Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) және есепті кезеңдегі (өткен кезеңдердегі) дивиденттер.
Міндеттемелердің анықтамасы. Міндеттемелердің жіктелуі. Міндеттемелерді есептеу. Капиталдың өзгерісін және міндеттемелерді бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу.
11-тақырып. Қаржылық есеп беруді дайындау
Есеп беру, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесін, оның қаржылық, мүліктік жағдайын анықтайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде. «Бухгалтерлік есептілік» , «қаржылық есептілік» түсінігі. Қаржылық есептіліктің сапалық мінездемелері, түсініктілік, орындылық, сенімділік және салыстырмалылық. Қаржылық есептілікті құрастыруға қойылатын қағидалар. Қаржылық есептіліктің құрамы (формалары). Бухгалтерлік байланысты ұсыну. Пайда және зиян туралы есепті ұсыну. Тікелей әдіс. Капиталдың өзгерісі туралы есепті ұсыну. Түсініктемелік жазбаның мәні. Қорытынды есептердің өзара байланыстылығы. Қаржылық есептілікті кәсіби талқылау. Бухгалтерлік (қаржылық) есептіліктің біріктірілуі. Бухгалтерлік есеп және аудитті стандарттау және үйлестіру.
