Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

11.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметтің құрылымы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды нұсқаңыз

Тұтынушы - бұл жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат немесе белгілі бір ұйым.

Тұтынушылардың негізгі құқықтары:

негізгі мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, яғни өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған тауарлар мен қызметтерге; тамаққа, қиімге, баспанаға, денсаулық сақтауға, білім алуға, санитарлық жағдайға арналған құқығы;

адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы;

өзің сатып алып отырған тауар туралы мәлімет алуға: тауар жақсы ма, қандай қасиеттері бар, сапа сертификатының мерзімі өтіп кеткен жоқ па, ол кіммен берілген, тауар сатушы кімнің өкілдігін білдіріп отыр және тауар құжаттары туралы мәлімет алуға құқығы;

монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, қаңты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы;

өзінің мүдделерін ескеруге және үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығын ескеруге, ұсыныстар беруге, тыңдатуға құқығы;

сапасыз тауарлар немесе қанағаттанарлықсыз қызмет көрсетілгенде шығынның орнын өндіріп алуға құқығы;

тұтынушыға тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы.

Тұтынушылар құқығын қорғау – тұтынушылардың тиісті сападағы, өмірі мен денсаулығына қауіпсіз тауарларды (орындалатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алу; тауарлар мен олардың дайындаушылары туралы ақпарат алу; тұтынушыларды ағарту; олардың мүдделерін мемл. және қоғамдық тұрғыда қорғау; тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарға бірігу құқықтарын жүзеге асырудың мемлекет белгілеген тетігі.

3. Халықтың іш сүзегі және қылау ауруларымен сырқаттанушылығын санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтиды:

1) елді мекендердің, әсіресе халықтың сүзек, қылау инфекцияларымен сырқаттанушылығы бойынша қолайсыз елді мекендердің санитариялық жағдайы туралы ақпаратты талдау;

2) халық арасында тәуекел топтарды айқынду және эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру;

3) науқастардан және бактерия тасымалдаушылардан бөлінетін өсінділердің фаготиптерін айқындау;

4) бактерия тасымалдаушыларды айқындау мен санациялау мақсатында аурудан жазылғандарды, әсіресе тамақ кәсіпорындарының қызметкерлері мен басқа да декреттелген контингентті есепке және диспансерлік бақылауға алу;

5) профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау.

4. Сүзек, қылау инфекцияларының профилактикалық іс-шаралары қоздырғыштардың су, тамақ арқылы берілуін ескертетін санитариялық-гигиеналық іс-шараларды өткізуге бағытталады. Мына объектілердің санитариялық-техникалық жағдайына:

1) сумен қамтамасыз ету жүйелеріне, орталықтандырылған, орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздеріне, басты су шығару құрылыстарына, су көздерін санитариялық қорғау аймақтарына;

2) тамақ өнімдерін шығару өнеркәсіптеріне, азық-түлік саудасына, қоғамдық тамақтануға;

3) кәріз жүйелеріне санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізіледі.

5. Дәрігерлік қараудан соң декреттелген контингенттің ішіндегі адамдар жұмысқа қабылданар алдында қанның сарысуын тікелей гемоагглютинация әсеріне қою жолымен (бұдан әрі - ТГАӘ) серологиялық тексеруге және бір реттік нәжісі мен зәріне бактериялогиялық зерттеуге жатқызылды. Бұл адамдар серологиялық және бактериялогиялық тексерудің қорытындысы теріс болып, басқа қарсы көрсеткіштер болмаса жұмысқа жіберіледі.

Тіке гемагглютинацияның әсері оң нәтиже берген жағдайда 1-2 күн сайын дәретін бес рет бактериологиялық тексеруден қосымша жүргізіледі. Бұл тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда өтке бір реттік бактериялық зерттеу жүргізіледі. Дәреті мен өтін бактериялогиялық тексерудің нәтижесі теріс болған адамдар жұмысқа жіберіледі.

Бактериологиялық және серологиялық зерттеудің нәтижесі оң болған адамдар бактериятасымалдаушы ретінде қарастырылады. Оларға емдеу жүргізу, есепке алу жүргізіледі, медициналық бақылау орнатылады. Осындай жағдайда олар эпидемиялық қауіп төндіруі мүмкін жұмыстан шеттетіледі.

6. Тамақтандыру, сумен қамтамасыз ету саласының және басқа декреттелген контингенттің қызметкерлері осы инфекциялар бойынша эпидемиялық салауатты болған кезде іш сүзегі мен қылаудың қоздырғышын тасымалдаушылыққа жоспарлы профилактикалық зертханалық зерттеулерден өтпейді.

7. «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысы сәйкес кәріз және тазалау құрылыстарының жұмыскерлері іш сүзегіне қарсы вакцинациялауға жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]