Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

73.Тері гигиенасының адам өміріндегі ерекшелігіне сипаттама беріңіз

Тері көптеген қызмет атқарады. Оның бірі - қорғаныш қызметі. Зақымдалмаған тері белгілі бір дәрежеде ағзаны көптеген химиялық ластаушы заттардан, микроағзалардан, ыстық пен суықтан, ультракүлгін сәулелердің радиациясынан және басқа да физикалық факторлардан, механикалық зақымдалулардан қорғайды. Қорғаныш функциясының іске асуы барысында, эпителийдің табақшалы құрылымының, суда ерімейтін және ферменттердің әсеріне тұрақты сыртқы мүйізді қабаттың, тер және май бездерінен бөлінетін заттар мен терінің рН ортасы маңызды рөл атқарады. Терінің, қолтық асты, маңдай, мұрын-ерін тері қабаты және мойыннан басқа, көп бөліктерінде, бөлінген тердің реакциясы өте қышқыл болып, оның бактерияларға қарсы әсерін қамтамасыз етеді. Май бездерінен бөлінетін тері майы да, бактерицидтік қасиетке ие болып, қорғаныш қызмет атқарады. Терінің жоғары иілгіш қасиеті және серпінді тері астылық май қабатының болуы түрлі механикалық әсерлерді төмендетеді.

Терінің коллагенді, серпімді және аргирофильді талшықтары, сонымен қатар тығыз мүйізді қабаты, оның беріктік қасиетін қамтамасыз етеді. Терінің үнемі физиологиялық жаңарып отыруы тері беттерінің ағза үшін зиянды заттар мен микроағзалардан тазарып отыруына ықпал етеді, ал меланин пигментінің болуы ультракүлгін сәулелерінің зиянды әсерін азайтады. Тері, ағзаның жылу беру үрдістеріне қатыса отырып, жылу реттегіш құралдардың бірі болып табылады.

Тері арқылы жылу беру жолдарының ішінде тер бөлінуінің маңызы ерекше болып табылады. Ауаның температурасы жоғары болған кезде, тер бөлінуі, ағзаның қызып кетуіне мүмкіндік бермей, 10-12 есе өсуі мүмкін. Терінің маңызды қызметі - заттарды ағзадан сыртқа шығару болып табылады. Тер және май бездерінің сөлімен бірге зат алмасудың соңғы өнімдері және ағзаға түскен көптеген ксенобиотиктер бөлініп шығарылады. Бүйректің шығару қызметі бұзылған кезде, тер бездері арқылы азотты шлактардың едәуір бөлігі шығарылады.

Теріде, ағзаға әсер ететін факторлар жөнінде мәліметтерді орталық жүйке жүйесінің қабылдауын жүзеге асыратын, өте көп рецепторлар – жылулық, суықтық, тактильді, ауыру, т.б. жинақталған. Тері қоршаған ортамен ағзаның газ алмасу қызметіне қатысады. Терінің тыныс алу қызметінің нәтижесінде, ол тәулік бойына көмірқышқылының 7-9 г шығарып, оттегінің 3-4 г сіңіреді, бұл ағзаның барлық газ алмасуының 2% құрайды. Терінің беткі қабаттарында Д дәруменінің синтезі жүреді.

Осы барлық алуан түрлі қызметтердің іске асуы, едәуір дәрежеде терінің тазалығына байланысты. Терінің күтімі нашар болғанда, теріде шаңның бөлшектері, кір, микроағзалар, тер және май бездерінен бөлінетін зат алмасу өнімдері жинақталады, нәтижесінде осы бездердің шығару түтіктері бітеледі, терінің тыныс алу және заттарды шығару қызметтері бұзылады, бактерицидтілігі күрт төмендейді.

Теріден сыртқа шығарылған органикалық заттар жағымсыз иісті, ұшқыш қосылыстар түзе отырып, ыдырайды. Бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, дамуына қолайлы жағдай тауып, өсіп-өне бастайды, бұл дерматиттердің, іріңді, саңырауқұлақтар тудыратын және басқа да тері ауруларының дамуына әкеп соғады. Қол терісі және артқы өтіс аймағы мен шат аймағының терісі микроағзалармен ең көп ластанады. Тағам өнімдерінің, ыдыстың және басқа да тұрмыстық керек-жарақтарының бактерияларымен және гельминт жұмыртқыларымен негізгі ластаушы көзі жиі қол болып табылады.

Сондықтан, денені үнемі таза ұстап отыру керек және тері мен шаштарға жақсы күтім жасау қажет. Бұл үшін, теріні және шашты әр түрлі жуғыш заттардың көмегімен үнемі шайып, жуып отыру қажет. Күнделікті ұйықтар алдында және таңертең бет, қол, мойынды, сонымен қатар, қолтық астын, артқы өтіс аймағы мен шат аймақтарын міндетті түрде жуу қажет. Күнделікті ұйықтар алдында міндетті түрде аяқты сабынмен жуу және шұлықты уақтылы ауыстырып отыру қажет. Күнделікті таңертең және кешкісін душ қабылдау өте қолайлы болып табылады. Аптасына бір рет барлық денені душ астында немесе моншада, губка не жөке және сабын немесе қазіргі кездегі пайдаланатын жуғыш заттарын (сусабын, әр түрлі гель, т.б) қолдана отырып, тазарту қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]