- •Жалпы гигиена пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Гигиена- алдын алу пәні жөнінде анықтама беріңіз
- •2.Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шараларын нұсқаңыз
- •3.Гигиенаның әдістерін атаңыз
- •4. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алу жөніндегі санитарлық бақылаудың рөлін сипаттаңыз
- •5.Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз
- •9.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитар дәрігері жұмысын ұйымдастырудың негіздерін түсіндіріңіз
- •10.Санитарлық ағарту жұмыстарының формалары мен әдістері. Халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс өткізу шараларын түсіндіріңіз
- •11.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметтің құрылымы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды нұсқаңыз
- •12.Гигиеналық норматив, қағидалары. Нормалаудың басымдылығын көрсетіңіз
- •13. Гигиеналық норматив қағидаларын атап көрсетіңіз
- •14.Қоршаған орта факторларын бөлу принциптерін атаңыз
- •16.Микроклимат түсінігіне анықтама беріңіз. Микроклимат көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз
- •17.Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсерін гигиеналық жағынан бағалаңыз
- •18.Ылғалдылықтың гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ылғалдылық түрлерін,өлшеу бірлігін түсіндіріңіз
- •19.Ауа қозғалысының гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз
- •20. Жел раушаны» оның қосалқы гигиеналық маңызын гигиеналық ашыңыз
- •21.Барометрлік қысымның гигиеналық маңызына түсініктеме беріп өтіңіз. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсерін талдаңыз
- •22.Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау шараларын бағалаңыз
- •23.Микроклимат түрлерін атаңыз: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын. Олардың айырмашылықтарын анықтап, ағзаға тигізетін әсерлерін табыңыз
- •25.Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •26. Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау
- •27.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз
- •28.Көрінетін жарықтың ағзаға әсерін сипаттаңыз. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы.
- •29.Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторларды атап көрсетіңіз
- •30.Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштерін атаңыз.
- •31.Инсоляцияның гигиеналық маңызын сипаттаңыз. Инсоляциялық тәртіп түрлерін атаңыз.
- •32.Жасанды жарықтандыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды атаңыз.
- •33.Жасанды жарықтану түрлері мен көздерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •34.Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •35.Люксметр аспабының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз
- •36.Судың гигиеналық маңызын сипаттаңыз
- •37.Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлін атаңыз
- •38.Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты ауруларды жіктеп түсіндіріңіз
- •39.Беткей және жер асты су көздеріне сипаттама беріңіз
- •40.Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған су көздерінің айырмашылығын атаңыз
- •41.Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасын түсіндіріңіз
- •42.Су көздерін санитарлық қорғау шараларына негіздеме беріңіз
- •43.Су сапасын жақсартудың негізгі әдістерін сипаттаңыз
- •44.Су сапасын жақсартудың арнайы әдістеріне сипаттама беріңіз
- •45.Судан сынама алу әдістерін атаңыз
- •46.Топырақтың гигиеналық маңызын ашыңыз
- •47.Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерін сипаттаңыз
- •48.Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •49.Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың рөлін түсіндіріңіз
- •50.Топырақтың санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық көрсеткіштері
- •52.Топырақтың санитарлық жағдайына «Хлебниковтың санитарлық саны» арқылы сипаттама беріңіз
- •53.Тұрғындардың тамақтану ерекшеліктерін есепке ала отырып, рационалды тамақтау қағидаларын анықтаңыз
- •54.Адамдарда тағамдық заттар мен әнергия қажеттілігін анықтау әдістерін бағалаңыз
- •55.Тамақтанудың құндылығын (жеке адамның және ұжымның) анкеталық, сұрау-салмақтық, есептеу, зертханалық, клиникалық, гигиеналық бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •56.Тағам статусының тиімділігін негіздеңіз
- •57.Еттің, сүттің және банка консервілерінің химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығына гигиеналық бағалау жүргізіңіз
- •58.Еттің санитарлық сараптамасының әдістемелері: органолептикалық зер1ттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу жұмыстарын қорытындылаңыз.
- •59.Жер учаскесін таңдауға, аурухананың құрылыс жүйелеріне, елді мекендерде епм орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •60.Ауруханалардың ішкі жоспарлануының ерекшеліктеріне гигиеналық баға беріңіз
- •61.Ауруханалардағы ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шараларын негіздеңіз
- •62.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттерінің мәнін ашыңыз.
- •63.Балалар мен жасөспірімдерідің физикалық дамуын гигиеналық бағалау әдістеріне талдау жүргізіңіз
- •64.Денсаулық анықтамасына, денсаулық топтарына түсініктеме беріңіз
- •65.Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.
- •66.Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қ олданатын тәсілдері мен амалдарын негіздеңіз
- •67.Өндірістік шаң туралы түсінік. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуіне анықтама беріңіз
- •68.Өндірістік зиянды фактор шуға анықтама беріңіз. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес әсерінің арасындағы өзара байланысты табыңыз.
- •69.Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме беріңіз, гигиеналық
- •70.Дірілді өлшеудің қазіргі заманғы аспаптары. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- •71.Жеке бас гигиенасы оқыту мақсаты мен міндеттерін негіздеңіз
- •72.Жеке бас гигиенасының адам өміріндегі мәнін ашыңыз
- •73.Тері гигиенасының адам өміріндегі ерекшелігіне сипаттама беріңіз
- •74.Әртүрлі аурулардың алдын алу жөнінегі ауыз қуысы гигиенасының маңызына сипаттама беріп, оны гигиенлық тұрғыдан бағалаңыз.
- •75.Киім және аяқ киім гигиенасының адам өмірі үшін маңызы.
72.Жеке бас гигиенасының адам өміріндегі мәнін ашыңыз
Жеке бас гигиенасы дегеніміз – ол күнделікті денсаулықты сақтап, оны нығайтуға бағытталған шаралары. Бұл – тән күтімі, ауыз қуысын, тісті тазалау, ыңғайлы аяқ-киім кию, үй ішінде тазалық сақтау.
Күнделікті тері гигиенасы үшін қолданыатын шаралар: теріні тазалықта ұстау үшін денені, басты сабындап жуу жүйелі дағдыға айналуы қажет. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал жиірек кір алатын бет, қол, мойын қосымша күтімді қажет етеді.
Тіс пен ауыз қуысы күтіміне мыналар жатады:
1. Белгілі бір тәртіп бойынша тіс ысқышпен тіс тазарту.
2. Күніне тіс екі рет тазартылып тұрса, ысқышты орта есеппен алғанда төрт айда бір рет, ал талшықтары синтетикалық болса, 6-8 айда 1 рет отыру керек.
Қолдағы барлық микробтардың 90 % тырнақ астында орналасады және оларды тек шеткамен ғана тазартуға болатынын ескерту керек. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар алдында жуса болғаны.
Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жазда, күнде жуып тұру қажет. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, бармақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану ұсынылады, арнайы ұнтақшалар себіледі.
Жеке бас гигиенасы гигиеналық ғылымның ерекше бөлігі болып табылады, себебі, ол,қоғамдық гигиенадағы сияқты орындауға міндетті түрде мәжбүр ететін мемлекеттік механизмдерсіз, адамның өз еркімен өзінің жеке өмірі мен әрекеттері үрдісіндегигиеналық нормалар мен ережелерді сақтау арқылы өзінің денсаулығын сақтауы мен нығайтуы жөніндегі, мәселелерді зерттейді.
«Өмірді ұзарту өнері - оны қысқарту емес» деген ертеде. Қазіргі кездегі адамның аурулары, ең алдымен, оның қалыптасқан өмір сүру сипаты мен мінез-құлқына байланысты.Өркениет адамға қолайлы жағдайлар тудырып қана қоймай, сонымен бірге, қоршаған ортаға түсетін техногенді жүктемелерінің ұлғайуына, адамға түсетін ақпараттық жүктемелерінің жоғарлауына, шектен артық психоэмоционалдық зорлануына, қозғалыс белсенділігінің азайуына, артық немесе жеткіліксіз тамақтануына, маскүнемдіктің, темекі шегудің, нашақорлықтың, соз аурулары, ЖИТС өсуіне және т.б жағымсыз құбылыстардың туындауына себеп болды. Бұл факторлардың көпшілігі, таралуы бойынша, халықтың еңбекке қабілеттілігінің нашарлауы мен өлім-жітімі жағынан алдыңғы орындардың бірін алатын, жүрек-қан тамырлары аурулар дамуының қауіп-қатер факторлары болып табылады.
Олардың басқа да кең таралған аурулардың: бауыр, ас қорыту мүшелері, ұйқы асты безі ауруларының, семіздік, сусамыр ауруы, қатерлі ісіктер, невроздар, т.б. дамуында рөлі аз емес. Ішімдікке салыну мен есірткі заттарды пайдалану, бұдан басқа, жеке тұлғаның деградациясына, суицидқа, өмір сүру ұзақтығының едәуір қысқаруына, денсаулығында ақаулары бар ұрпақтың дүниеге келуіне, АИВ (ВИЧ), соз аурулары, С гепатитін, т.б. ауруларды жұқтыру деңгейінің өсуіне әкеп соғады.
Мұндай жағдайда, жеке бас гигиенасының негізі болып табылатын салауатты өмір салты жеке бас адамның денсаулығын қалыптастыру үшін өмір сүрудің негізгі стилі болып табылады. Академик Н.М. Амосов: «Дені сау болу үшін, адам едәуір және үнемі өз күшін салу тиіс. Оларды ешнәрсемен алмастыруға болмайды» деген. Салауатты өмір салты бір-бірімен өзара байланысты бірнеше элементтерден құралады: тамақтану мәдениетінен, қозғалыс мәдениетінен және эмоция мәдениетінен. .Жеке бас гигиенасы салауатты өмір салтының барлық аспектілерін қамтитын кең ауқымды сұрақтарды қарастырады. Оның сферасына дене және ауыз қуысы гигиенасы, дене шынықтыру және шынығу, киім және аяқ киім гигиенасы, жыныстық гигиенасы, жеке тамақтанудың гигиенасы, зиянды әдеттердің алдын алу, психогигиена, еңбек және демалу гигиенасы, тұрғын үй гигиенасы кіреді.Жеке бас гигиенасы ұсынатын ережелер мен нормативтері, оларды адам ұғынып қолданған кезде, гипокинезиямен, артық тамақтанумен, семіздікпен, жүйке-психикалық және ақыл-ой жүктемелерінің шамадан тыс болуымен тиімді күресуге; сондай-ақ, аутоагрессивті әсерлердің және көптеген аурулардың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау жеке алғандағы адамның өзі үшін ғана емес, оның айналасындағы адамдар мен бүкіл қоғам үшін де маңызды болып табылады. Мысалы, жеке бас гигиена ережелерін орындамау, жұқпалы және паразиттік аурулардың, соның ішінде, соз ауруы мен ЖИТС-тің таралуына себеп болатын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Темекі шегу темекі шеккен адамның ғана емес, көбінесе оның жанында болған, бірақ темекі шекпейтін адамдардың өкпесінде қатерлі ісіктердің даму қаупін тудырады.
Салауатты өмір салтын ұстаудағы мотивация, жеке бас гигиенасын білу және оған дағдылану адамның жас кезінен бастап қалыптасуы тиіс және әр түрлі тіршілік жағдайларға байланысты болмай, бүкіл өмірі бойына сақталып тұру қажет. Тек осы жағдайда ғана олар, аурулардың тиімді түрде бірінші және екінші реттік алдын алудың, өз денсаулығын нығайтудың, ағзаның пайдаланылмаған мүмкіншіліктерін жетілдірудің иінтірегі (рычагы) болады.
Жеке бас гигиенасының жекелеген аспектілері оқулықтың басқа да тарауларында келтірілген. Бұл тарауда тек, тері және ауыз қуыс гигиенасы, киім мен аяқ киім гигиенасы сияқты, жеке бас гигиенасының негізгі сұрақтары қарастырылады.
