- •Жалпы гигиена пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Гигиена- алдын алу пәні жөнінде анықтама беріңіз
- •2.Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шараларын нұсқаңыз
- •3.Гигиенаның әдістерін атаңыз
- •4. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алу жөніндегі санитарлық бақылаудың рөлін сипаттаңыз
- •5.Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз
- •9.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитар дәрігері жұмысын ұйымдастырудың негіздерін түсіндіріңіз
- •10.Санитарлық ағарту жұмыстарының формалары мен әдістері. Халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс өткізу шараларын түсіндіріңіз
- •11.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметтің құрылымы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды нұсқаңыз
- •12.Гигиеналық норматив, қағидалары. Нормалаудың басымдылығын көрсетіңіз
- •13. Гигиеналық норматив қағидаларын атап көрсетіңіз
- •14.Қоршаған орта факторларын бөлу принциптерін атаңыз
- •16.Микроклимат түсінігіне анықтама беріңіз. Микроклимат көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз
- •17.Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсерін гигиеналық жағынан бағалаңыз
- •18.Ылғалдылықтың гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ылғалдылық түрлерін,өлшеу бірлігін түсіндіріңіз
- •19.Ауа қозғалысының гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз
- •20. Жел раушаны» оның қосалқы гигиеналық маңызын гигиеналық ашыңыз
- •21.Барометрлік қысымның гигиеналық маңызына түсініктеме беріп өтіңіз. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсерін талдаңыз
- •22.Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау шараларын бағалаңыз
- •23.Микроклимат түрлерін атаңыз: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын. Олардың айырмашылықтарын анықтап, ағзаға тигізетін әсерлерін табыңыз
- •25.Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •26. Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау
- •27.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз
- •28.Көрінетін жарықтың ағзаға әсерін сипаттаңыз. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы.
- •29.Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторларды атап көрсетіңіз
- •30.Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштерін атаңыз.
- •31.Инсоляцияның гигиеналық маңызын сипаттаңыз. Инсоляциялық тәртіп түрлерін атаңыз.
- •32.Жасанды жарықтандыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды атаңыз.
- •33.Жасанды жарықтану түрлері мен көздерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •34.Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •35.Люксметр аспабының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз
- •36.Судың гигиеналық маңызын сипаттаңыз
- •37.Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлін атаңыз
- •38.Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты ауруларды жіктеп түсіндіріңіз
- •39.Беткей және жер асты су көздеріне сипаттама беріңіз
- •40.Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған су көздерінің айырмашылығын атаңыз
- •41.Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасын түсіндіріңіз
- •42.Су көздерін санитарлық қорғау шараларына негіздеме беріңіз
- •43.Су сапасын жақсартудың негізгі әдістерін сипаттаңыз
- •44.Су сапасын жақсартудың арнайы әдістеріне сипаттама беріңіз
- •45.Судан сынама алу әдістерін атаңыз
- •46.Топырақтың гигиеналық маңызын ашыңыз
- •47.Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерін сипаттаңыз
- •48.Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •49.Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың рөлін түсіндіріңіз
- •50.Топырақтың санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық көрсеткіштері
- •52.Топырақтың санитарлық жағдайына «Хлебниковтың санитарлық саны» арқылы сипаттама беріңіз
- •53.Тұрғындардың тамақтану ерекшеліктерін есепке ала отырып, рационалды тамақтау қағидаларын анықтаңыз
- •54.Адамдарда тағамдық заттар мен әнергия қажеттілігін анықтау әдістерін бағалаңыз
- •55.Тамақтанудың құндылығын (жеке адамның және ұжымның) анкеталық, сұрау-салмақтық, есептеу, зертханалық, клиникалық, гигиеналық бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •56.Тағам статусының тиімділігін негіздеңіз
- •57.Еттің, сүттің және банка консервілерінің химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығына гигиеналық бағалау жүргізіңіз
- •58.Еттің санитарлық сараптамасының әдістемелері: органолептикалық зер1ттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу жұмыстарын қорытындылаңыз.
- •59.Жер учаскесін таңдауға, аурухананың құрылыс жүйелеріне, елді мекендерде епм орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •60.Ауруханалардың ішкі жоспарлануының ерекшеліктеріне гигиеналық баға беріңіз
- •61.Ауруханалардағы ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шараларын негіздеңіз
- •62.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттерінің мәнін ашыңыз.
- •63.Балалар мен жасөспірімдерідің физикалық дамуын гигиеналық бағалау әдістеріне талдау жүргізіңіз
- •64.Денсаулық анықтамасына, денсаулық топтарына түсініктеме беріңіз
- •65.Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.
- •66.Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қ олданатын тәсілдері мен амалдарын негіздеңіз
- •67.Өндірістік шаң туралы түсінік. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуіне анықтама беріңіз
- •68.Өндірістік зиянды фактор шуға анықтама беріңіз. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес әсерінің арасындағы өзара байланысты табыңыз.
- •69.Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме беріңіз, гигиеналық
- •70.Дірілді өлшеудің қазіргі заманғы аспаптары. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- •71.Жеке бас гигиенасы оқыту мақсаты мен міндеттерін негіздеңіз
- •72.Жеке бас гигиенасының адам өміріндегі мәнін ашыңыз
- •73.Тері гигиенасының адам өміріндегі ерекшелігіне сипаттама беріңіз
- •74.Әртүрлі аурулардың алдын алу жөнінегі ауыз қуысы гигиенасының маңызына сипаттама беріп, оны гигиенлық тұрғыдан бағалаңыз.
- •75.Киім және аяқ киім гигиенасының адам өмірі үшін маңызы.
65.Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.
Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан – жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған депкүн режіміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестірп отыратынжас адамды айтамыз.
Елімізде ерікті дене шынықтыру – спорт қоғамдары жұмыстарын қайта жандандыра бастады. Соның бірі «Жастар» спорт қоғамы. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жасөспірімдердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен шұғылдану қажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық артады.
Дене жаттығулары, сылап – сипау, қозғалыс және спорттық ойындар, жүру, жүгіру, дене еңбегі дене тәрбиесінің құралдары болып табылады. Айтылған құралдар өсіп келе жатқан ағза үшін маңызды сауықтыру мәніне ие. Бұл біріншіден, дене жаттығулары арқылы қоршаған ортаның жағымсыз факторлары мен жұқпалы ауруларға ағзаның қарсылығы артатындығымен түсіндіріледі. Басқа сөзбен айтқанда, денесі мықты және шыныққан адам сирек ауырады. Екіншіден, өсу мен даму процесі ынталандырылады, жылуды реттеу реакциясы жетілдіреді, яғни салқын тигеннен болатын сырқаттануға қарсылық артады. Үшіншіден, ақыл-ой және дене қабілеттерінің артуына себепкер болатын шыдамдылық, күш, жылдамдық пен икемділік секілді қасиеттер дамиды. Ақырында, дене жаттығуларымен айналысу жағымды эмоционалды жағдайды туғызады, сергектік пен сенімділіктіқолдайды.
Дене тәрбиесімен шұғылдану кезінде жас, жыныс, ағзаның жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері есепке алынуы керектігі есте болған жөн. Басты талаптардың бірі – дене тәрбиесі және спортпен айналысу тәртібін сақтау, яғни олардың жүйелілігін, жүктемелердің біртіндеп арттырылуын, сабақ өткізілетіндей жағымды жағдайларды, әр түрлі құралдар мен формаларды кешенді түрде пайдалану.
Қозғалыс дегеніміз өмір деген қанатты сөз бар. Шындығында, қозғалыс – ағзаның биологиялық қажеттілігі. Күнделікті өмірде адам әр түрлі қозғалыс жасайды, олардың жиынтық көлемі қозғалыс белсенділігі деп аталады. Жүру кезінде жасалатын адам адамның саны мен жұмыс көлемінен көрінетін тәуліктік қозғалыс белсенділігі жас өскен сайын артатындығын зерттеулер көрсетіп отыр, әрі бұл көрсеткіштер ер балалар мен қыз балаларда бірдей болмайды. Яғни, жеткіншектік жастағы қыз балалардың тәуліктік адымының саны, өздерімен құрдас ер баларға қарағанда 4,9 мың адым кем екен. Дене тәрбиесі және спортпен айналысудың нормасы мен тәртібі ғылыми тұрғыдан негізделген. 15 – 17 жастағы жасөспірімдердің тәуліктік қозғалыс белсенділігі 25 – 30 мың адымды құруы керек, ал осы жастағы қыз балаларда жүру мен жүгіру еңбек және спорттық қызмет барысында орындалатын өзге қозғалыс – қимылдармен алмастырылуы мүмкін.
Қозғалыс белсенділігінің де өлшемі бар. Тәулікте қозғалыс белсенділігінің сандық сипаттамасына ие бола отырып, оның ағзаға әсер етуі туралы алдын ала айтуға болады. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ең төменгі қажетті және мүмкін болатын ең жоғарғы деңгейі гигиеналық норманың шектері болады, ол бұзылса сауықтыру белсенділігі болмайды және ағзаның жағдайында жағымсыз өзгерістер дамуы мүмкін.
Қалыптасқан өмір салты, еңбек ету мен дене тәрбиесінің жүйесі балалар мен жеткіншектердің күнделікті қозғалыс белсенділігін өзгертуі, төмендетуі не оны арттыруы мүмкін. Кіші жастағы балаларда тәуліктік қозғалыс белсенділігі көп жағдайда тұқым қуалаушылық негізде қалыптасатын биологиялық себептермен реттеледі. Жеткіншектерде ол әлеуметтік жағдайлардың әсерімен қоғамдық тәрбие беру барысында жекелей қалыптасады.
Қозғалыстың жетіспеуін «гипокинезия» («гиподинамия») деп атайды, ағзадағы көп жақты ауытқушылықтар гипокинезия жағдайын білдіреді. Шектен тыс қозғалыс белсенділігін «гиперкинезия» атауы білдіреді.
Сөйтіп қозғалыс белсенділігі адам қызметінің таптырмайтын факторы бола отырып, тек оңтайлы және қолайлы күн режімінде ғана өсіп келе жатқан организмге сауықтыру әсерін тигізеді.
Дене тәрбиесі мен спорттың барлық құралдары мен түрлерін дұрыс пайдалану арқылы ғана оңтайлы қозғалыс белсенділігіне жетуге болады. Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі және КТМ – дегі оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларымен қарастырылған дене дайындығының міндетті түрлері және үйде дербес шұғылдану әрбір оқушыға қолайлы.
Жеткіншектерде қозғалыс белсенділігіне тұрақты қажеттілікті қалыптастыруда спорттың алатын орны үлкен. Алайда, шама жетпейтіндей спорттық жүктемелер бала ағзасында жағымсыз өзгерістерді туындатуы мүмкін. Балалық жаста спорттың кез – келген түрімен айналыса беруге болмайды. ҚР – сы Білім, Денсаулық және Спорт министірлігінің дене тәрбиесі және спорт комитеті бекіткен жеке спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу топтарына балалар мен жеткіншектерді қабылдау үшін жас шектері бар. Тәуліктік қозғалыс белсенділігінің ұсынылып отырған көлемі сергектіктің (ұйықтамаған уақытта) барлық кезеңіне бірқалыпты бөлінуі тиіс: ағзаның тәуліктік ырғағына сәйкес дене қозғалысының көп бөлігін 9 – 12 және 15 – 18 сағаттардың арасында орындау керек.
Оңтайлы құрылған қозғалыс режімінің міндетті жағдайына қозғалыстың сапалық әр түрлілігі жатады. Дене жаттығуларымен шұғылдану, бұлшық ет күшін жұмсау қызметінің түрлері әр түрлі болуы тиіс және сонымен бірге өсіп келе жатқан ағзаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келуі қажет.
Оқушылар дене тәрбиесінің өзара байланысты түрлерін дене тәрбиесі сабақтары, мектептің күн режіміндегі дене шынықтыру – сауықтыру шаралары, сыныптан және мектептен тыс спорт – көпшілік жұмыстары, үйде, мектеп жанындағы және ауладағы алаңда, стадионда дене жаттығулармен дербес айналысу түрлері құрайды.
Барлық оқушылар үшін міндетті болып табылатын дене тәрбиесінің негізгі формасы бұл дене тәрбиесі сабақтары. Ол мүмкіндігінше арасында 1 -2 күн салып, аптасына (45минуттен) 3 рет өткізіледі. Сабақтарды қосарлау, қажетті жағдайда тек шаңғы дайындығында ғана болады.
Ойынның түрін, орындалу екпіні мен ұзақтығы оқушыладың өздері таңдауы тиіс . алайда, жоғрылаған дене жүктемелерін, екі жақты ойындарды (футбол, қол добы, баскетбол) пайдалануға болмайды. Олар шамадан тыс адамды қоздырады, ойыннан кейін оқу қызметіне кірісу қиынға соқпақ. Төмен және орташа қарқындылықтағы қозғалыс ойындарын келесі сабақ басталғанға дейін 5 – 6 минут қалғанда аяқтау қажет.
Үлкен әдістердегі қозғалыс ойындары мен дене жаттығуларын табысты өткізукөп жағдайда спорттық жабдықтардың (доптар, секіртпелер, шығыршықтар, батпандар, жалаушалар, эстафеталық таяқшалар және басқалар) қаншалықты бар, не жоқтығына және жаттығу өткізетін орынның дайындығына байланысты.
Денсаулық жағдайында ауытқушылығы бар балалар, әсіресе оқу күнінің дұрыс режіміне, оның ішінде шынықтыру- сауықтыру шараларына мұқтаж болады. Бұл оқушыларға дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарға (бұқаралық дене шынықтыру мейрамдары, серуендер, экскурсиялар) шамасы жеткенше қатысқаны өте пайдалы. Олар үшін күн сайын таза ауада 2-2,25 сағат демалудың үлкен маңызы бар. Демалыс күндердегі серуеннің ұзақтығы екі есе көбейтілуі тиіс. Мұндай қозғалыс режімі өзін – өзі сезінуге, дене дамуына және денсаулығы нашар оқушылардың жұмыс қабілетіне жағымды әсер етеді.
Сыныптан және мектептен тыс спорт – көпшілік жұмыстарына спорт секцияларындағы сабақтарды ұйымдастыру, сондай – ақ денсаулық және спорт күндерін өткізу енеді. Бұл жұмысты дене тәрбиесінің мұғалімі жүргізеді, әр түрлі секциялар құрылады, олардағы сабақтар аптасына 2 – 3 рет өткізіледі, жаттығу сабақтарының әрқайсысының ұзақтығы 1,5 – 2 сағат.
ҚР – сы Үкіметінің «Дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралығын одан әрі арттыру туралы» (1996, 2001, 2006) қаулыларына сәйкес жалпы білім беретін барлық мектептерде ай сайын денсаулық және спорт күндері өткізіледі. Бұл шаралар денсаулықты нығайтуға, Президент сынамалары нормаларын тапсыруға жақсы дайындалуға көмектеседі, оқушылардың белсенді демалуын қамтамассыз етеді және дене т/мен айналысуға олардың қызығушылығын арттырады.
Дене тәрбиесі және спортпен күн сайын шұғылдану жасөспірімге немесе қыз балаға өз денсаулығын нығайтуға, ауырмауына, өнімді еңбек етуіне, бос уақытын түрлендіре,т қызғылықты өткізуіне көмектеседі.
