Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

4. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алу жөніндегі санитарлық бақылаудың рөлін сипаттаңыз

Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта; адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы; адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст.[1]

Қоршаған орта мәселелерімен шұғылданатын бірнеше халықаралық ұйымдар құрылған.

Олар:

Қоршаған орта жөніндегі ғылыми к-ті (СКОПЕ, 1969 жылы құрылған),

Қоршаған орта жөніндегі мониторингінің жаһандық жүйесі (1970),

Қоршаған орта мен даму жөніндегі халықараралық институт(1971),

Қоршаған орта мен даму жөніндегі бүкіл дүниежүзілік комиссия (1983),

Қоршаған орта жөніндегі халықараралық ақпараттық жүйе (ИНФОТЕРРА, 1997), т.б.

Бұлардан басқа әр құрлықта Қоршаған орта жөніндегі алуан түрлі ғылыми-зерттеулер мекемелері, к-ттер, жүйелер, комиссиялар мен ин-ттар құрылған.[2][3]

Адам өмірінде үнемі әр түрлі физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қоршаған орта факторларының әсеріне ұшырайды.+ Қоршаған ортаның факторларының зиянды әсерінің алдын алудың бірнеше принципиальді тәсілдері бар: Өндірісті толық тоқтату ,Шығарыстардың қоршаған ортаға түсуіне тыйым салу, Зиянды факторды улылығы аз, зиянсыз факторлармен алмастыру, Қоршаған орта объектілеріндегі зиянды заттардың мөлшерін және олардың әсер ету деңгейін шектеу (регламинтация) —Профилактика стратегиясы зерттелетін фактордың адам ағзасына және оның ұрпағына жуық арадағы және кейінгі қатерлі әсерін талдауды талап етеді. —Гигиеналық нормалау – адам ағзасына қоршаған ортаның зиянды факторларының зиянсыз деңгейлерін заңды түрде бекіту: Химиялық факторлардың рұқсат шеткі концентрациялары (РШК), физикалық факторлардың рұқсат шеткі деңгейлері (РШД) Көп түрлі физикалық факторлардың рұқсатты деңгейлерін белгілеу мақсатында кең көлемді зерттеулер жүргізілді: Иондық сәулелену Шу Діріл Иондалмайтын электромагнитті сәулелену (ультрокүлгін, инфроқызыл, лазер, микротолқынды, ралиожиілікті, төмен жиіліктегі) Жарықтану Микроклимат факторлары Еңбек гигиенасында физикалық еңбектің ауырлығын гигиеналық нормалау принциптері негізделген (физикалық динамикалық жүктеме, көтеретін және тасымалданатын жүктің ауырлығы, жұмыс қалпы, дененің иілуі, кеңістікте қозғалу), еңбектің қиындығы. Химиялық қосылыстардың РШК мен физикалық факторлардың РШД бірқатар халықаралық ұйымдар бекітеді: халықаралық еңбекті ұйымдастыру (МОТ), Бүкіләлемдік денсаулықты ұйымдастыру (ВОЗ)

5.Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз

Гигиенаның көп ғасырлық дамуын 2 кезеңге бөлуге болады: эмприкалық және ғылыми-сараптамалық. Эмприкалық, халық гигиенасының жетекші элементтері болып тұрғын үй, тамақтану, су көздерін пайдалану, ауруларды оңашалау, жеке бас гигиенасын шектеу сипатындағы ұсыныстар болды. Эмприкалық гигиена ары қарай даму кезеңдері ерте Индияда, Қытайда, Египетте, Грецияда, Рим империясында жалғасты. Эмприкалық гигиена туралы алғашқы ойлар ертедегі атақты дәрігер Гиппократтың мына: «ауа, су және жер жайлы» трактатында келтірілген.Сонымен қатар, гигиенаның дамуына үлес қосқан Асклепий, Гален, Демокрит.Орта ғасырда санитарлық жағдай төменгі сипат ала бастаған кезде, араб дәрігері Авиценнаның «Медицина каноны» атты еңбегі бүкіл әлемге белгілі болған. 17-18 ғасырларда гигиена қарқынды дами бастады. Бұл кезде кәсіптік гигиена бойынша Б Рамаццинийдің алғашқы еңбектері мен М.В. Ломоносовтың атақты еңбектері жарық көре бастады. 18-19 жүзжылдықта капитализм қарқынды дами бастаған уақытта ғылыми-сараптамалық медицина пайда болды, оның негізін неміс ғалымы М.Петтенкофер салды. Л.Пастер, Р.Кох, Э.Паркс, М.Петтенкофер, И.Франктың еңбектері алдын алулық медицинаның бірінші рет ғылыми негізге жүгінуге септігін тигізді. Ресейде гигиенаның дамуына көп үлес қосқан ғалым А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды, бұлар гигиена кафедрасын алғашқы ұйымдастырушылар болып табылады, экспреминтальды жұмыстарды кеңінен қолданып, гигииена бойынша нұсқаулар жазды. Революциядан кейін алдын алу сөзі денсаулық сақтаудың даму барысында кеңінен орын алды. 1922 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдастырылды. Бұған үлкен үлес қосқан Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев және т.б. Гигиенаның мақсаты мен міндеттерінің және мазмұнының кеңеюі коммуналды гигиена,еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы тарауларының өзінше бөлінуіне әкелді. Гигиена ғылымы мен тәжірибенің дамуына ғылыми-институттар мен гигиена кафедраларының құрылуы септігін тигізді.

1932 жылы Республикада бірінші рет Алматы қаласында медициналық институт ашылды. Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі болған Н.Н.Попов негізін салды. Кафедраларды ұйымдастыру және онда жүргізілген ғылыми зерттеулер гигииенаның негізі болып табылды, осыған байланысты Республикадағы барлық гигиенаның дамуы осы негізгі сүйеніп отырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда Е.Алтынбеков, А.А.Лукашев, В.А.Козловский, Е.Н.Сраубаевтардың еңбек гигиенасы бойынша мектептері бар, коммуналдық гигиена бойынша (И.С.Корякин, Б.А.Неменко), тамақтану гигиенасы бойынша ( Т.Ш.Шарманов , С.П.Терехин және т.б.), қоршаған орта гигиенасы және экология бойынша (К.Р.Амрин, Ү.И.Кенесариев және т.б.), Еңбек гигиенасы жасаған еңбектерінің негізгі бағыттары өндіріс салалары мен ауыл шаруашылықтарында кеңінен қолданылып келеді. Қоршаған орта гигиенасы мен адам экологиясының еңбектері мұнай газ аймақтарында және ракета-ядролық сынақ аймақтарында қолданылса, ал тамақтану гигиенасының еңбектері Республика аумағында фундаментальды және қолданбалы аспектілерінің негізін салды.

6. IXжәне XX ғасырлардың басындағы гигиена ғылымның негізін қалаушылар және көрнекті өкілдері: ЭрисманФ.Ф., ДоброславинА.П., ХлопинГ.В., СысинА.Н., Мольков А.В. және т.б. ғалымдардың еңбектерін атаңыз.

Гигиена грек сөзі — Gиgіеіпоs — емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман-дәрігерлер-гигаенистер дайындалады.

Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым.

Ресейде гигиенаның дамуына көп үлес қосқан ғалым А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман болды, бұлар гигиена кафедрасын алғашқы ұйымдастырушылар болып табылады, экспреминтальды жұмыстарды кеңінен қолданып, гигииена бойынша нұсқаулар жазды. Революциядан кейін алдын алу сөзі денсаулық сақтаудың даму барысында кеңінен орын алды. 1922 жылы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдастырылды. Бұған үлкен үлес қосқан Н.А.Семашко, З.П.Соловьев, А.Н.Сысин, А.Н.Марзеев және т.б. Гигиенаның мақсаты мен міндеттерінің және мазмұнының кеңеюі коммуналды гигиена,еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы тарауларының өзінше бөлінуіне әкелді. Гигиена ғылымы мен тәжірибенің дамуына ғылыми-институттар мен гигиена кафедраларының құрылуы септігін тигізді.

7. Қазіргі замандағы ҚР-ң және ТМД елдерінің әйгілі ғалым-гигиенистері: СидоренкоГ.И., Буштуева К.А., Измеров Н.Ф., Амрин К.Р., Шарманов Т.Ш., Алтынбеков Б.Е., Неменко Б.А., КенесариевУ.И. және т.б. ғалымдардың еңбектерін атаңыз.

Төрегелді Шарманов (1930 жылы туған), гигиенист-нутрициолог, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1968), ҚР ғылым академиясының академигі (1994). Ұлытаудың түлегі. Қарағанды медицина институтын бітірген (1955). 1958-1962 жылдары Ұлытау ауданы ауруханасының бас дәрігері. 1962-1968 жылдары Қарағанды облысында Өлкелік патология ғылым зерттеу институтында қызмет атқарды. 1968-1971 жылы Ақтөбе медицина институтының ректоры, 1971-1982 жылы ҚазКСР Денсаулық сақтау министрі, 1973-1984 жылдары КСРО Медицина ҒА Тағам институты Қазақ филиалының директоры. 1985-1988 жылдары КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Орталык дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі. 1988 жылдан ҚР ҒА Тағам инститының директоры. Негізгі ғылым еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Шарманов ғылыми-зерттеу еңбектері мен монографияларында «денсаулық» ұғымын ауқымы кең категория және ең биік парасаттылық құндылық әрі дүние жүзі халықтарын түсіністікке әкелетін дәнекер ретінде қарастырады. Ол БҰҰ дүние жүзі денсаулык сақтау ісіндегі ең ірі оқиға деп таныған декларациясы «20 ғасыр денсаулық сақтау ісінің Ұлы хартиясы» атанған Алматы халықаралық конференциясын (ВОЗ/ЮНИСЕФ;1978) өткізуге басшылык жасады. 30 авторлық куәлігі бар. 8-10-сайланған ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. «Парасат», Октябрь революциясы, Халықтар достығы ордендерімен марапатталған. Жезқазған қаласының құрметті азаматы.

1932 жылы Республикада бірінші рет Алматы қаласында медициналық институт ашылды. Қазақстандағы санитарлық қызметті ұйымдастырушылардың бірі болған Н.Н.Попов негізін салды. Кафедраларды ұйымдастыру және онда жүргізілген ғылыми зерттеулер гигииенаның негізі болып табылды, осыған байланысты Республикадағы барлық гигиенаның дамуы осы негізгі сүйеніп отырды. Қазіргі уақытта Қазақстанда Е.Алтынбеков, А.А.Лукашев, В.А.Козловский, Е.Н.Сраубаевтардың еңбек гигиенасы бойынша мектептері бар, коммуналдық гигиена бойынша (И.С.Корякин, Б.А.Неменко), тамақтану гигиенасы бойынша ( Т.Ш.Шарманов , С.П.Терехин және т.б.), қоршаған орта гигиенасы және экология бойынша (К.Р.Амрин, Ү.И.Кенесариев және т.б.), Еңбек гигиенасы жасаған еңбектерінің негізгі бағыттары өндіріс салалары мен ауыл шаруашылықтарында кеңінен қолданылып келеді. Қоршаған орта гигиенасы мен адам экологиясының еңбектері мұнай газ аймақтарында және ракета-ядролық сынақ аймақтарында қолданылса, ал тамақтану гигиенасының еңбектері Республика аумағында фундаментальды және қолданбалы аспектілерінің негізін салды.

8.ҚР-ғы әртүрлі саладағы гигиена ғылымның дамуы және мазмұнын сипаттаңыз

Гигиена грек сөзі — Gиgіеіпоs — емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі. Медициналық оқу орындарында санитарлық-гигиеналық факультеттері мен кафедралар бар. Арнаулы түрде маман-дәрігерлер-гигаенистер дайындалады.

Гигиена — аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық-түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым. Неше түрлі әдістері, практикада қолданатын нақтылы тәсіддері болады. Осының бәрі адмның денсаулығын арттыруға қолданылады.

Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты — адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әрбірінің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар.

Дәрігер-гигиенистер, санитарлар айналаны қоршаған сыртқы ортаның адамдар өмірі мен жұмыс жағдайларының келеңсіз тұстарының алдын алатын ескертпе керіністеріндей күн сайын болатын санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізіп, әрбір кездескен қолайсыз жағдайлардьщ жолына тосқауыл қойып отырады. Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Неше түрлі алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешелігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, биологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ауадағы шаң-тозаңдардағы микробтарды біліп, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.

Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі. Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат баласының денсаулығы бірімен-бірі байланысты табиғи (биосфералық) және әлеуметтік-экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалылтасады. Биосфералық факторларға жататындар: атмос-фералық ауа (тропосферадағы), су (гидросферадағы), жер (литосферадағы, космостық факторлар (кун сәулесі), әлеуметгік факторларға еңбек және оқу жағдайлары, тамақ, киім-кешек, тесек-орын, жағдайы және т.б. жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты омір сүру салтын қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда неше түрлі зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шараи ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]