Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

54.Адамдарда тағамдық заттар мен әнергия қажеттілігін анықтау әдістерін бағалаңыз

Халықтың әртүрлі топтарына арналған тағамдық заттар мен энергияның физиологиялық қажеттілік нормаларын тағам тану ҒЗИ немесе медициналық жоғары оқу орындарының және дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының тиісті кафедралары әзірлейді, және ол мемелкеттік нормативтік құжат болып табылады.

Физиологиялық нормалар - нақты тамақтануды бағалаудың критериясы. Ол тағамдық азықтарды өндіруді және тұтынуды жоспарлау мен азық-түлік қорларын бағалаудыңе ғылыми негіздері болып саналады және ұйымдасқан ұжымдардың рациондарын есептеу үшін де қолданылады. Тамақтану нормасы, сондай-ақ, дәрігерлік практикада жеке адамдардың тамақтануын бағалау үшін де және оны түзету жөніндегі ұсыныстарды негіздеу үшін де қолданылады.

Негізгі тағамдық заттар мен энергияның қажеттілігін анықтау кезінде, ұсынылған энергия тұтыну деңгейінің дәлдігі шешуші рөл атқарады. Ол тағам арқылы ағзаға түсетін энергия мен оның шығынының арасындағы диспропорцияны болдырмауы қажет. Дені сау адамдарға энергия қажеттілігі:

1. дене жұмысына активтілігіне (энергия шығынына),2. жынысына, жасына,3. дене салмағына,4. ағзаның жағдайына5. климат жағдайына және басқа да қоршаған ортаның факторларына байланысты анықталады.Тәуліктік энергия шығыны адамның еркімен реттелмейтін және реттелінетін түрлерінен тұрады. Реттелмейтін энергия шығынына негізгі алмасуға және тағамның спецификасына-динамикалық әсеріне кететін энергия шығындары жатады. Реттелінетініне - барлық жұмыс түрін орындауға кететін энергия шығыны жатады.

Негізгі алмасу - тыныштық жағдайында ағзаның негізгі өмірлік қызметтерін сақтауға, тыныс алуға, жүректің, бүйректің т.б. жұмысына кететін энергия шығыны. Негізгі алмасу мөлшері көп фактрларға байланысты: адамның жынысына, жасына, массасына, климат жағдайына т.б. тәулігіне 1000-нан 2000 ккалл дейінгі аралықта ауытқиды. Негізгі алмасу әйелдерге қарағанда ер адамдарда жоғары. Ол ер адамдардың массасы мен дене көлемінің үлкен болуымен, бұлшық еттерінің көбірек дамуымен, зат алмасу үрдістерінің интенсивті жүруімен байланысты. Негізгі алмасу орта есеппен ер адамдарда 1700 ккал, әйел адамдарда 1400 ккал.

Негізгі алмасу мөлшері балалар мен жасөспірімдерде үлкен адамдарға қарағанда 1,5-2 есе жоғары. Ол 2-3 жастағы балаларда-55 ккал/кг массасына, 6-7 жаста-42 ккал/кг, 16-17 жаста-34 ккал/кг, ал үлкен адамдарда орта есеппен 24 ккал/кг, немесе 1 кг массасына 1 сағатта орта есеппен 1 ккал. Бұл балаларда өсу және даму үрдістерінің интенсивтілігімен, сондай-ақ, дене бетінің дене массасына қатынасы үлкендерге қарағанда артық болуына байланысты қоршаған ортаға жылу берілуінің көп болуымен түсінідіріледі.

Негізгі алмасу ауаның температурасы төмен болғанда, стресс жағдайларында, дене қызуы көтеріліп ауырған кезде, қалқанша бездің гиперфункциясы кезінде және басқа да көптеген факторлардың әсерінен жоғарылайды. Негізгі алмасудың төмендеуі аз тамақтанғанда, эндокринді бездердің гипофункциясы, гиподинамия кездерінде және басқа да жағдайларда байқалады.

Тағамның спецификалық-динамикалық әсері - тағамның әртүрлі құрам бөліктерінің - белоктардың, майлардың, көмірсулардың әсерінен энергия шығынының бірдей емес өсуі. Негізгі алмасудың ең үлкен көбеюі - 30-40 % дейін белоктарды қабылдаған кезде байқалады, майлар мен көмірсуларды қабылдаған кезде азырақ көбейеді: 14 % дейін майларды, 4-7 % дейін көмірсуларды қабылдған кезде. Аралас тағамдарды қабылдаған кезде энергия шығыны тәулігіне орта есеппен 15 % артады. Тағамның спецификалық-динамикалық әсерін, ағзада тағамдық заттардың айналымы (алмасуы) үшін қажетті, тотығу үрдістерінің күшеюімен байланыстырады. Реттелінетін энергия шығыны балалар мен жасөспірімдерде үлкен адамдарға қарағанда, негізгі алмасу сияқты жоғарылау. Егер үлкен адамдарда энергия шығыны орта есеппен 45 ккал/кг құрса, ол 1-5 жастағы балаларда 80-100 ккал, 13-16 жастағы жасөспірімдерде-50-60 ккал. Мұндай едәуір энергия шығыны зат алмасу үрдістерінің интенсивтілігі жоғарылығымен, жылу берілуі және балалардың қимылдарының көбірек болуымен, ал ересек жаста айтылғандарға қосымша жұмыс ауырлықтарымен, спортпен, дене шынықтырумен шұғылдануларымен байланысты.

Энергиялық балансты ағзаның энергия шығыны мен тағам рационының энергиялық құндылығын салыстыру арқылы анықтайды. Егер рационның энергиялық құндылығы тәуліктік энергия шығынын жаппайтын болса теріс энергиялық баланс пайда болады, егер энергиялық құндылығы энергия шығынынан едәуір асатын болса, онда оң энергиялық баланс байқалады. Оң да, теріс те энергиялық баланс адамның денсаулығына зиян. Ол зат алмасуының бұзылуына, әртүрлі жүйелер мен мүшелерде функционалдық және морфологиялық өзгерістердің пайда болуына әкеп соғады.

Нақты халық топтары үшін немесе жеке адам үшін, қажетті энергия мөлшерін (санын) анықтаудың физиологиялық критерийі ретінде дене жұмысына активтілік (белсенділік) коэффициенті алынған.

Дене жұмысына активтілік коэффициенті - бұл жалпы энергия шығынының негізгі алмасу мөлшеріне қатынасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]