Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

49.Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың рөлін түсіндіріңіз

Топырақ – көптеген қарапайымдылардың, жануарлардың, микроорганизмдердің, соның ішінде бактериялардың, көгеретін саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілік ететін ортасы.

Топырақта тұрғылықты немесе уақытша тіршілік ететін микроорганизмдер:

а) жануарлар мен адамға зияндық жасамайтын сапрофиттер;

б) патогендік микроорганизмдер.

Топырақтағы патогендік бактериялар мынадай жұқпалы аурулар тудырады: сібірлік жара (қарасан), газдық гангорена, тырысқақ, ботулизм. Жұқпалы ауруды адам топырақты өңдеуде, ауылшаруашылық өнімдерін жинауда, құрылыс жұмыстарында, мал жайылымдарында, жер суаруда (тырысқақ таяқшасы, газдық гангрена, сібір жарасы қоздырғыштары) немесе көкөніске, жемістерге, балыққа, саңырауқұлақтарға микробтар түскенде жұқтырады (ботулизм таяқшасы).

Жануарлар мен адамның қауіпті жұқпалы ауруларының қатарына сібір жарасы кіреді. Сібір жарасының қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы, ол ауру малдың шығаратын зәр, тезегімен бірге түсіп, спора жасайды және сол күйінде жылдар бойы, әсіресе қызғылт және қаратопырақты жерлерде сақталады. Осы таяқшалармен ластанған шөпті жануарлар жеп, сібір жарасын жұқтырады. Адам сібір жарасын ауру немесе өлген жануарларды ұстағанда, не ауру жұққан мал өнімдері мен шикізаттарын (ет, жүн, тері) ұстағанда және тікелей топырақпен жұмыс істегенде жұқтырады.

Адам ұлпалары жарақаттанса онда топырақпен ластанған газдық гангрена қоздырғышы адам денесіне кіреді. Топырақта жиі кездесетіндер А Перфрингенс тектес клостридий болады. Осы микробтар жараланған жерге түсіп, токсин өндіреді, ол ұлпалардың ісінуіне және өлуіне ұшыратады.

Ботулизмді жұқтырту тағам өнімдерін үйде сүрлеп дайындау алараларымен тығыз байланысты болады: балық тұздағанда не қақтағанда, консервіленген саңырауқұлақтар, көкөністер мен жемістер дайындауда болады. Ботулинус таяқшасы тудыратын токсин анаэробтық жағдайларда барлық басқа бактериалдық токсиндер мен химиялық уларға қарағанда адам организміне аса күшті әсер етеді.

Актиномицеттер, терінің үстіңгі қабатында және терең микоздар, сондай-ақ туберкулез, алапес, дифтерия микробактерияларын тудырады – топыраққа түскенде әжептәуір қауіп туғызады: топырақта туберкулез таяқшалары 15 айға дейін, дифтериялық таяқшалар 2-3 аптаға дейін тіршілік қабілетігін сақтайды.

Адам организміне түскен глисттер-паразиттер-гельминттерден болатын аурулар – гельминтоздардың таралуында топырақтың алатын рөлі аса үлкен болады. Кейбір гельминттердің даму кезеңдерінің бірі (жұмыртқалар жетілуі) топырақта өтеді. Гельминттармен ластанған топырақта өскен көкөніс, жеміс-жидектерді, ластанған суды қолданғанда адам органгизміне гельминттердің жетілген жұмыртқалары түседі. Гельминттер жұмыртқалары (шошқа, өгіз цепеньдері) топырақтан ірі қара мал мен шошқалар азығына түсуі мүмкін.

50.Топырақтың санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық көрсеткіштері

Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады (5.3.-кесте). Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.

Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы – 10 жылға дейін сақтап қала алады.

Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының көрсеткіші болып табылады.

Топырақтың ластану дәрежесі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін санитарлық-химиялық көрсеткіштердің бірі, Хлебниковтың санитарлық саны болып табылады. Санитарлық саны деп, топырақтағы белок азотының (қарашірік азоты) ондағы органикалық азоттың жалпы мөлшеріне (қарашірік азоты+органикалық ластаушылардың азоты) қатынасын айтады. Таза топырақта Хлебниковтың санитарлық саны 0,98-1,0-ге жетеді, топырақ біршама ластанғанда, бұл көрсеткіш күрт төмендейді (5.3.-кесте).

Топырақтың қалдықтармен ластануының бағалау үшін бұрын қолданылған басқа санитарлық-химиялық көрсеткіштерін (жалпы органикалық азоттың, көміртегінің, хлоридтердің, аммоний тұздарының, нитриттердің, нитраттардың мөлшері) тек салыстыру үшін алынған, ластанбаған учаскенің көрсеткіштермен салыстыру арқылы бағалайды, бұның белгілі бір өзіндік қиындықтары бар. Зерттеуге алынған топырақта органикалық азоттың, көміртегінің және хлоридтердің жоғарырақ мөлшерде болуы, оның жаңадан ластанғанын көрсетеді, ал аммиактың, нитриттер мен нитраттардың жоғарырақ мөлшерде болуы, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің жүріп жатқанын дәлелдейді

Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіптілігін бағалау үшін басқа көрсеткіштермен қатар, патогендік микрофлораның жеке түрлерінің мөлшерін анықтауды да қолданады (5.4.-кесте).

Топырақтың химиялық қауіпсіздігін оның құрамындағы ластаушы экзогенді химиялық заттардың мөлшері бойынша (ЭХЗ) сол заттардың ШРЕК немесе ШАРК-мен (уақытша норматив - шамамен алынған рұқсат етілген концентрация) салыстырып бағалайды. Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың ШРЕК дегеніміз - 1 кг абсолютті құрғақ топырақтағы мг – мен берілген, экологиялық тізбектер арқылы кез келген тасымалдану түрлерінде тікелей немесе жанама контакті кезінде адамның денсаулығына, оның ұрпақтарына және санитарлық жағдайына тікелей немесе жанама зиянды

51.Топырақты санитарлық-гигиеналық жағынан баға бере отырып, Топырақтың қауіптілік дәрежесінің кезеңдерін атаңыз.

Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады (5.3.-кесте). Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.

Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы – 10 жылға дейін сақтап қала алады.

Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының көрсеткіші болып табылады.

Топырақтың ластану дәрежесі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін санитарлық-химиялық көрсеткіштердің бірі, Хлебниковтың санитарлық саны болып табылады. Санитарлық саны деп, топырақтағы белок азотының (қарашірік азоты) ондағы органикалық азоттың жалпы мөлшеріне (қарашірік азоты+органикалық ластаушылардың азоты) қатынасын айтады. Таза топырақта Хлебниковтың санитарлық саны 0,98-1,0-ге жетеді, топырақ біршама ластанғанда, бұл көрсеткіш күрт төмендейді (5.3.-кесте).

Топырақтың қалдықтармен ластануының бағалау үшін бұрын қолданылған басқа санитарлық-химиялық көрсеткіштерін (жалпы органикалық азоттың, көміртегінің, хлоридтердің, аммоний тұздарының, нитриттердің, нитраттардың мөлшері) тек салыстыру үшін алынған, ластанбаған учаскенің көрсеткіштермен салыстыру арқылы бағалайды, бұның белгілі бір өзіндік қиындықтары бар. Зерттеуге алынған топырақта органикалық азоттың, көміртегінің және хлоридтердің жоғарырақ мөлшерде болуы, оның жаңадан ластанғанын көрсетеді, ал аммиактың, нитриттер мен нитраттардың жоғарырақ мөлшерде болуы, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің жүріп жатқанын дәлелдейді.

Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіптілігін бағалау үшін басқа көрсеткіштермен қатар, патогендік микрофлораның жеке түрлерінің мөлшерін анықтауды да қолданады.

Топырақтың химиялық қауіпсіздігін оның құрамындағы ластаушы экзогенді химиялық заттардың мөлшері бойынша (ЭХЗ) сол заттардың ШРЕК немесе ШАРК-мен (уақытша норматив - шамамен алынған рұқсат етілген концентрация) салыстырып бағалайды. Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың ШРЕК дегеніміз - 1 кг абсолютті құрғақ топырақтағы мг – мен берілген, экологиялық тізбектер арқылы кез келген тасымалдану түрлерінде тікелей немесе жанама контакті кезінде адамның денсаулығына, оның ұрпақтарына және санитарлық жағдайына тікелей немесе жанама зиянды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]