- •Жалпы гигиена пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Гигиена- алдын алу пәні жөнінде анықтама беріңіз
- •2.Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шараларын нұсқаңыз
- •3.Гигиенаның әдістерін атаңыз
- •4. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алу жөніндегі санитарлық бақылаудың рөлін сипаттаңыз
- •5.Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз
- •9.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитар дәрігері жұмысын ұйымдастырудың негіздерін түсіндіріңіз
- •10.Санитарлық ағарту жұмыстарының формалары мен әдістері. Халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс өткізу шараларын түсіндіріңіз
- •11.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметтің құрылымы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды нұсқаңыз
- •12.Гигиеналық норматив, қағидалары. Нормалаудың басымдылығын көрсетіңіз
- •13. Гигиеналық норматив қағидаларын атап көрсетіңіз
- •14.Қоршаған орта факторларын бөлу принциптерін атаңыз
- •16.Микроклимат түсінігіне анықтама беріңіз. Микроклимат көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз
- •17.Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсерін гигиеналық жағынан бағалаңыз
- •18.Ылғалдылықтың гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ылғалдылық түрлерін,өлшеу бірлігін түсіндіріңіз
- •19.Ауа қозғалысының гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз
- •20. Жел раушаны» оның қосалқы гигиеналық маңызын гигиеналық ашыңыз
- •21.Барометрлік қысымның гигиеналық маңызына түсініктеме беріп өтіңіз. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсерін талдаңыз
- •22.Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау шараларын бағалаңыз
- •23.Микроклимат түрлерін атаңыз: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын. Олардың айырмашылықтарын анықтап, ағзаға тигізетін әсерлерін табыңыз
- •25.Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •26. Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау
- •27.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз
- •28.Көрінетін жарықтың ағзаға әсерін сипаттаңыз. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы.
- •29.Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторларды атап көрсетіңіз
- •30.Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштерін атаңыз.
- •31.Инсоляцияның гигиеналық маңызын сипаттаңыз. Инсоляциялық тәртіп түрлерін атаңыз.
- •32.Жасанды жарықтандыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды атаңыз.
- •33.Жасанды жарықтану түрлері мен көздерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •34.Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •35.Люксметр аспабының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз
- •36.Судың гигиеналық маңызын сипаттаңыз
- •37.Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлін атаңыз
- •38.Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты ауруларды жіктеп түсіндіріңіз
- •39.Беткей және жер асты су көздеріне сипаттама беріңіз
- •40.Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған су көздерінің айырмашылығын атаңыз
- •41.Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасын түсіндіріңіз
- •42.Су көздерін санитарлық қорғау шараларына негіздеме беріңіз
- •43.Су сапасын жақсартудың негізгі әдістерін сипаттаңыз
- •44.Су сапасын жақсартудың арнайы әдістеріне сипаттама беріңіз
- •45.Судан сынама алу әдістерін атаңыз
- •46.Топырақтың гигиеналық маңызын ашыңыз
- •47.Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерін сипаттаңыз
- •48.Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •49.Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың рөлін түсіндіріңіз
- •50.Топырақтың санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық көрсеткіштері
- •52.Топырақтың санитарлық жағдайына «Хлебниковтың санитарлық саны» арқылы сипаттама беріңіз
- •53.Тұрғындардың тамақтану ерекшеліктерін есепке ала отырып, рационалды тамақтау қағидаларын анықтаңыз
- •54.Адамдарда тағамдық заттар мен әнергия қажеттілігін анықтау әдістерін бағалаңыз
- •55.Тамақтанудың құндылығын (жеке адамның және ұжымның) анкеталық, сұрау-салмақтық, есептеу, зертханалық, клиникалық, гигиеналық бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •56.Тағам статусының тиімділігін негіздеңіз
- •57.Еттің, сүттің және банка консервілерінің химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығына гигиеналық бағалау жүргізіңіз
- •58.Еттің санитарлық сараптамасының әдістемелері: органолептикалық зер1ттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу жұмыстарын қорытындылаңыз.
- •59.Жер учаскесін таңдауға, аурухананың құрылыс жүйелеріне, елді мекендерде епм орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •60.Ауруханалардың ішкі жоспарлануының ерекшеліктеріне гигиеналық баға беріңіз
- •61.Ауруханалардағы ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шараларын негіздеңіз
- •62.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттерінің мәнін ашыңыз.
- •63.Балалар мен жасөспірімдерідің физикалық дамуын гигиеналық бағалау әдістеріне талдау жүргізіңіз
- •64.Денсаулық анықтамасына, денсаулық топтарына түсініктеме беріңіз
- •65.Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.
- •66.Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қ олданатын тәсілдері мен амалдарын негіздеңіз
- •67.Өндірістік шаң туралы түсінік. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуіне анықтама беріңіз
- •68.Өндірістік зиянды фактор шуға анықтама беріңіз. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес әсерінің арасындағы өзара байланысты табыңыз.
- •69.Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме беріңіз, гигиеналық
- •70.Дірілді өлшеудің қазіргі заманғы аспаптары. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- •71.Жеке бас гигиенасы оқыту мақсаты мен міндеттерін негіздеңіз
- •72.Жеке бас гигиенасының адам өміріндегі мәнін ашыңыз
- •73.Тері гигиенасының адам өміріндегі ерекшелігіне сипаттама беріңіз
- •74.Әртүрлі аурулардың алдын алу жөнінегі ауыз қуысы гигиенасының маңызына сипаттама беріп, оны гигиенлық тұрғыдан бағалаңыз.
- •75.Киім және аяқ киім гигиенасының адам өмірі үшін маңызы.
48.Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
Топырақтың химиялық құрамы алуан түрлі, оған, жоғарыда көрсетілгендей, минералды және органикалық қосылыстар түріндегі барлық дерлік белгілі химиялық элементтер кіреді. Судағы, өсімдіктердегі және азық-түлік өнімдеріндегі белгілі бір минералды элементтердің құрамы, демек, адам ағзасының олармен қамтамасыз етілуі топырақтың химиялық құрамына байланысты. Сумен және мал шаруашылығы мен топырақта өсірілген егін шаруашылығы өнімдерімен бірге адам ағзасына күкірт, көміртек, азот, фосфор, кальций, натрий, калий, хлор, т.б. сияқты биогенді макроэлементтер, эссенциалды, салыстырмалы эссенциалды және уытты микроэлементтер, сол сияқты ультрамикроэлементтер түседі. Эссенциалды микроэлементтер ағзаның тіршілігі үшін өте қажет, оларға темір, йод, мыс, хром, кобальт, молибден, марганец, мырыш, селен жатады. Салыстырмалы эссенциалды микроэлементтердің адам мен жоғары сатыдағы жануарлар үшін маңызы мен олардың басқа микроэлементтермен толық алмастырылмайтындығы әлі де толық анықталмаған мәселе. Бұл топқа фтор, никель, ванадий, мышьяк, кремний, литий, бор, бром кіреді. Улы әсері бар топырақ микроэлементтерінің үлкен бір тобын: алюминий, кадмий, қорғасын, сынап, берилий, барий, висмут, таллий және т.б. құрайды. Ультрамикроэлементтердің (индий, теллур, ниобий, алтын және тағы басқалары) биологиялық әсері толық зерттелмеген, олар да ағзаның тіршілігі үшін қажетті элементтер болуы мүмкін.
Макроэлементтер ағза массасының 99% құрайды және ағзада 0,01%-дан артық мөлшерде кездеседі. Микроэлементтердің құрамы 0,001-0,00001% аралығында, ультрамикроэлементтер – 0,00001%-дан аз болады. Ағзадағы эссенциалды микроэлементтердің ролі зор. Олар, көмірсулар, белоктар және нуклеин қышқылдарының синтезделуі мен ыдырау реакцияларын қоса алғанда, тотығу-тотықсыздану реакцияларының реттелуі, жасушалық тыныс алу, т.б. түрлі зат алмасу үрдістеріне қатысатын көптеген ферменттер, гормондар мен дәрумендердің құрамына кіреді (VIII-тарау, «Минералды заттар»). Оның үстіне, олардың қолайлы әсері белгілі мөлшерлері аралығында ғана байқалады, ал артық және жеткіліксіз мөлшерде болса, керісінше, зиянды әсер етеді. Уытты микроэлементтердің әсері белгілі бір табалдырықтық дозадан асқан кезде байқалады, төмен деңгейілері биологиялық әсер етпейді.Әр түрлі аймақтардағы топырақтың химиялық құрамы бірдей болмайды, өйткені, бұл көрсеткіштер сол аудандардағы геологиялық және топырақ түзілу үрдістерінің ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Осыған байланысты, кейбір аудандарда микроэлементтердің белгілі бір түрлері артық мөлшерде болса, ал екіншілерінде керісінше, олардың жетіспеушілігі байқалады. Осындай табиғи биогеохимиялық провинциялардың (IV және VIII тараулар) тұрғындарында топырақта және осыған байланысты қоршаған ортаның басқа да нысандыранда микроэлементтердің жетіспеушілігі немесе артық мөлшерде болуына байланысты туындайтын түрлі эндемиялық аурулар байқалады. Аномалиялық биогеохимиялық провинциялар туралы ілімнің негізін салушы академик А.П.Виноградов болды. Организмдердің химиялық құрамы мен жер қыртысының химиялық құрамы арасындағы тығыз байланысты дәлелдеген В.И.Вернадскийдің еңбектерін негізге ала отырып, ол жер шарының әр түрлі аудандарында химиялық элементтердің біркелкі таралмағандығын және сол территориядағы тұрғындарда спецификалық патологияның дамуында биогеохимиялық провинциялардың элементтік құрамының маңыздылығын анықтады.
Адам ағзасына микроэлементтердің артық мөлшерде түсуімен байланысты классикалық табиғи эндемияларға селен токсикозы, молибден подаграсы, Кашин-Бек ауруы, флюороз, бор энтериті және тағы басқалар жатады.
Селен токсикозы, немесе «сілтілі ауру», АҚШ, Канада, Ирландияның сілтілі топырақты жерлерінен алынған өсімдік текті өнімдерді пайдалану кезінде байқалды, бұл жерлерде өсімдіктердің бойында селеннің мөлшері 5000 мг/кг-ға дейін жинақталған. Адамдарда бауыр, нерв жүйесінің зақымдануымен, анемия, шаш түсуі, дерматит, тіс эмалінің зақымдануымен бірге улану жағдайлары байқалған.
Молибден подаграсы (VIII тарау «Минералды заттар» бөлімі) Арменияның кейбір аудандарындағы эндемиялық ауру болып саналады. Топырақтағы молибденнің жоғары мөлшері подаграның дамуына ғана әкеп соқпай, сонымен қатар өңештің қатерлі ісігі ауруы мен репродуктивті функцияларының бұзылу қаупін арттыратынын көрсетеді.
Бор, паратгормонның белсенділігін реттеуге қатыса отырып, кальций, магний, фосфор және холекальциферол алмасуына әсер етеді. Бордың мөлшері жоғары өңірлердегі (Батыс Сібір, Алтай өлкесі, Қазақстан) тұрғындарда энтериттер, сондай-ақ анемия мен өкпе аурулары байқалады.
Эндемиялық флюороз судағы фтордың мөлшері жоғары табиғи аймақтарда кездеседі және тіс пен қызыл иектің зақымдануымен қатар (IV тарау) басқа да мүшелер мен жүйелерге: сүйек-буын, орталық жүйке, бауыр, бүйрекке әсерімен сипатталады, бұл оның Кребс циклы ферменттерінің белсенділігін тежеуімен түсіндіріледі.
Кашин-Бек (Урова) ауруы (IV тарау) Забайкалье, Шығыс Сібір, Корея, Қытайдың кейбір аудандарында кездеседі және әсіресе бақайшақ аралық сүйектердің (аю табаны), ұршық буындары мен омыртқа сүйектерінің деформациялануы - остеоартроз түрінде өтеді. Бұл өңірлердегі топырақта кальцийдің төмен мөлшерімен бірге, стронций, темір, марганец, мырыш, қорғасын, күміс, фтордың мөлшері жоғары болып, бұл осы ауруды эндемиялық полигипермикроэлементоз деп санауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, селеннің төмен концентрациясымен бірге, құдық суындағы гумин қышқылдарының жоғары мөлшері Урова ауруының дамуына олардың әсері болатыны туралы болжамды да растайды.
Микроэлементтердің тапшылығына байланысты туындайтын эндемиялық аурулардың арасында эндемиялық жемсау, гипофтороз (тіс жегі), селендік гипомикроэлементоз көп таралған. Топырақтағы йодтың төмен деңгейі, оның мөлшерінің өсімдіктер мен суда төмен болуына себеп болады, нәтижесінде рационда йод тапшы болады және эндемиялық жемсаудың дамуына әкеп соғады (VIII тарау). Субпопуляцияларда жемсаудың таралуы ересек адамдарда 30% және одан астам болғанда және балалар мен жасөспірімдерде 5%-ға жеткенде, эндемия жайында айтуға болады. Айқын йод тапшылығы эндемиялық кретинизммен, кереңдікпен және ақыл-ой дамуының артта қалуымен жүреді. Эндемиялық жемсаудың алдын алу үшін рационда 50 мкг йод болуы жеткілікті.
Селен гипомикроэлементозы – Кешан ауруы - Қытай, Финляндия, Забайкалье, Удмуртия, Карелияның селенге тапшы аудандарында байқалады. Тамақ құрамында селеннің жетіспеуі аритмия түрінде миокардтың фиброзды өзгерістерімен жүретін, ювенильді кардиомиопатияның пайда болуына әкеп соғады. Өткен кездерде Кешан ауруынан болатын өлім 80%-ға дейін құрайтын, қазіргі уақытта селен препараттарымен емдеу кезінде, бұл көрсеткіш 13-40%-ға дейін төмендеді (Г.И.Румянцев, 2000). Ағзада селен тапшылығы атеросклероздың, гипертония ауруының пайда болу қаупін, түрлі эндокринопатиялар мен қатерлі ісіктердің түзілуін, СПИД пен вирус инфекциялары мен афлотоксиндер тудыратын ауруларға шалдықкыштығын жоғарылатады.
Қазақстанның кең аумақтарында бор, марганец, хром, ванадий, қорғасын, мыс, кадмийдің мөлшері табиғи жоғары жерлер кездеседі. Құрамында бордың мөлшері жоғары топырақтар Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, Орталық (Сарысу өзенінің орта ағысында) және Шығыс Қазақстанда бар. Ванадий мөлшері қалыптағыдан 20 есе және одан да жоғары артық болатын ванадийліпровинциялар Ишим өзені маңындағы далаларда және таулы-орманды далалы Алтайда (Тарбағатай, Ульба аудандары), сондай-ақ таулы қара топырақтарда кездеседі. Хромның мөлшері жоғары табиғи аймақтар Каспий маңы ойпатында, Ақтөбе облысында орналасқан. Никельдің мөлшері Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы қара топырақты жерлерде, сондай-ақ Торғай облысының талшын топырақтарында өте көп. Табиғи полиметалдық (қорғасын, кадмий, мыс) провинциялар полиметалл кен орындары бар аймақтарда, Өскемен, Лениногорск, Зыряновск, Шымкент қалаларының аудандарында, мысты провинциялар – мыс кен орындарының аудандарында (Балқаш, Жезқазған, Шемонаиха қалалары), темір провинциялары – Қостанай облысында орналасқан. Марганецтің жоғары мөлшері Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының топырақтарында, сондай-ақ ылғалдылығы жоғары жерлерде – Сырдария өзенінің аңғарларындағы шалғынды-батпақты, Зайсан, Алакөл көлдері алаптарының топырақтарында кездеседі (қалыптағыдан 2,5 есе жоғары).
Қазақстанның көптеген аудандары йодқа тапшы аудандар болып табылады.
Эндемиялық аурулардың пайда болуының алдын алу іс-шараларының қатарына топырақ пен жануарларды, оларда жетіспейтін микроэлементтермен үстемелеп қоректендіру, тұрғындардың тамақтану жағдайларын оңтайландыру, эндемиялық жерлерге азық-түлік әкелу, тұзға немесе нанға йод (немесе басқа микроэлементтерді) қосу, фторға немесе басқа микроэлементтерге бай су көздерін алмастыру, суды фторлау немесе фторсыздандыру және т.б. жатады.
