- •Жалпы гигиена пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Гигиена- алдын алу пәні жөнінде анықтама беріңіз
- •2.Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шараларын нұсқаңыз
- •3.Гигиенаның әдістерін атаңыз
- •4. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алу жөніндегі санитарлық бақылаудың рөлін сипаттаңыз
- •5.Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз
- •9.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитар дәрігері жұмысын ұйымдастырудың негіздерін түсіндіріңіз
- •10.Санитарлық ағарту жұмыстарының формалары мен әдістері. Халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс өткізу шараларын түсіндіріңіз
- •11.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметтің құрылымы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды нұсқаңыз
- •12.Гигиеналық норматив, қағидалары. Нормалаудың басымдылығын көрсетіңіз
- •13. Гигиеналық норматив қағидаларын атап көрсетіңіз
- •14.Қоршаған орта факторларын бөлу принциптерін атаңыз
- •16.Микроклимат түсінігіне анықтама беріңіз. Микроклимат көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз
- •17.Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсерін гигиеналық жағынан бағалаңыз
- •18.Ылғалдылықтың гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ылғалдылық түрлерін,өлшеу бірлігін түсіндіріңіз
- •19.Ауа қозғалысының гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз
- •20. Жел раушаны» оның қосалқы гигиеналық маңызын гигиеналық ашыңыз
- •21.Барометрлік қысымның гигиеналық маңызына түсініктеме беріп өтіңіз. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсерін талдаңыз
- •22.Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау шараларын бағалаңыз
- •23.Микроклимат түрлерін атаңыз: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын. Олардың айырмашылықтарын анықтап, ағзаға тигізетін әсерлерін табыңыз
- •25.Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •26. Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау
- •27.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз
- •28.Көрінетін жарықтың ағзаға әсерін сипаттаңыз. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы.
- •29.Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторларды атап көрсетіңіз
- •30.Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштерін атаңыз.
- •31.Инсоляцияның гигиеналық маңызын сипаттаңыз. Инсоляциялық тәртіп түрлерін атаңыз.
- •32.Жасанды жарықтандыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды атаңыз.
- •33.Жасанды жарықтану түрлері мен көздерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •34.Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •35.Люксметр аспабының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз
- •36.Судың гигиеналық маңызын сипаттаңыз
- •37.Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлін атаңыз
- •38.Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты ауруларды жіктеп түсіндіріңіз
- •39.Беткей және жер асты су көздеріне сипаттама беріңіз
- •40.Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған су көздерінің айырмашылығын атаңыз
- •41.Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасын түсіндіріңіз
- •42.Су көздерін санитарлық қорғау шараларына негіздеме беріңіз
- •43.Су сапасын жақсартудың негізгі әдістерін сипаттаңыз
- •44.Су сапасын жақсартудың арнайы әдістеріне сипаттама беріңіз
- •45.Судан сынама алу әдістерін атаңыз
- •46.Топырақтың гигиеналық маңызын ашыңыз
- •47.Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерін сипаттаңыз
- •48.Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •49.Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың рөлін түсіндіріңіз
- •50.Топырақтың санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық көрсеткіштері
- •52.Топырақтың санитарлық жағдайына «Хлебниковтың санитарлық саны» арқылы сипаттама беріңіз
- •53.Тұрғындардың тамақтану ерекшеліктерін есепке ала отырып, рационалды тамақтау қағидаларын анықтаңыз
- •54.Адамдарда тағамдық заттар мен әнергия қажеттілігін анықтау әдістерін бағалаңыз
- •55.Тамақтанудың құндылығын (жеке адамның және ұжымның) анкеталық, сұрау-салмақтық, есептеу, зертханалық, клиникалық, гигиеналық бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •56.Тағам статусының тиімділігін негіздеңіз
- •57.Еттің, сүттің және банка консервілерінің химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығына гигиеналық бағалау жүргізіңіз
- •58.Еттің санитарлық сараптамасының әдістемелері: органолептикалық зер1ттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу жұмыстарын қорытындылаңыз.
- •59.Жер учаскесін таңдауға, аурухананың құрылыс жүйелеріне, елді мекендерде епм орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •60.Ауруханалардың ішкі жоспарлануының ерекшеліктеріне гигиеналық баға беріңіз
- •61.Ауруханалардағы ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шараларын негіздеңіз
- •62.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттерінің мәнін ашыңыз.
- •63.Балалар мен жасөспірімдерідің физикалық дамуын гигиеналық бағалау әдістеріне талдау жүргізіңіз
- •64.Денсаулық анықтамасына, денсаулық топтарына түсініктеме беріңіз
- •65.Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.
- •66.Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қ олданатын тәсілдері мен амалдарын негіздеңіз
- •67.Өндірістік шаң туралы түсінік. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуіне анықтама беріңіз
- •68.Өндірістік зиянды фактор шуға анықтама беріңіз. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес әсерінің арасындағы өзара байланысты табыңыз.
- •69.Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме беріңіз, гигиеналық
- •70.Дірілді өлшеудің қазіргі заманғы аспаптары. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- •71.Жеке бас гигиенасы оқыту мақсаты мен міндеттерін негіздеңіз
- •72.Жеке бас гигиенасының адам өміріндегі мәнін ашыңыз
- •73.Тері гигиенасының адам өміріндегі ерекшелігіне сипаттама беріңіз
- •74.Әртүрлі аурулардың алдын алу жөнінегі ауыз қуысы гигиенасының маңызына сипаттама беріп, оны гигиенлық тұрғыдан бағалаңыз.
- •75.Киім және аяқ киім гигиенасының адам өмірі үшін маңызы.
46.Топырақтың гигиеналық маңызын ашыңыз
Тұрғындар денсаулығы үшін топырақтың маңызы өте зор. Ол адамның тіршілік етуі мен өмір сүру ортасында түрлі жағдайларды қалыптастыруда маңызды роль атқарады.Топырақ адамға қажетті өсімдік текті азық өсірілетін және жануар текті азықтың біраз бөлігі алынатын, осыған байланысты оның құнарлылығы аса маңызды болып саналатын қоршаған ортаның объектісі болып табылады. Топырақтың химиялық құрамы сол территориядағы қоршаған ортаның басқа нысандарының– су, өсімдіктер, алынатын өнімдердің химиялық құрамын, сондай-ақ адамның өз ағзасының ұлпалары мен мүшелерінің құрамын анықтайды, осыған байланысты топырақтағы микроэлементтердің табиғи жетіспеуі немесе артық мөлшері эндемиялық аурулардың пайда болуына әкеп соғады.Топырақ кәсіпорындардан, көлік түрлерінің түтіндерінен атмосфералық ауаға бөлінген түрлі экзогенді химиялық заттармен, радионуклидтермен, ағынды сулармен, тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануы мүмкін және осы ластаушылардың тасымалдануы нәтижесінде жер астылық, жер бетілік суларды, атмосфералық ауаны, тағамдық өнімдерді ластаушы заттар көзіне айналады. Топырақтың техногенді ластануы тұрғындардың денсаулық жағдайының нашарлауына себеп болуы мүмкін.
Топырақ климатты қалыптастырушы факторлардың бірі болып табылады. Түрлі үйлер мен жергілікті жердің микроклиматтық жағдайлары топырақтың құрылымы мен физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болады, бұл көрсеткіштер құрылыс салу үшін топырақтың жарамдылығын, өздігінен тазару үрдістерінің тиімділігін анықтайды.
Топырақ үнемі биологиялық ластануға ұшырап отыратындықтан, жұқпалы және паразиттік аурулардың берілу факторы бола алады.
Топырақта – оразан зор табиғи биохимиялық зертханада – топырақ организмдерінің қатысуымен үнемі органикалық заттардың ыдырау және жаңа протеинді кешендердің синтезделу үрдістері жүзеге асып отырады, нәтижесінде топырақтың құнарлылығы артады. Өздігінен тазару үрдісінде патогенді микрофлора жойылады. Топырақтың өздігінен тазару қабілеті сұйық және қатты қалдықтарды залалсыздандыру және өңдеп, қайта пайдаға асыру үшін қолданылады.
47.Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерін сипаттаңыз
Топырақтың санитарлық жағдайын талдау үшін оның эпидемиялық, химиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіздігін анықтауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер пайдаланылады. Олардың бірі, топырақтың ластануын тікелей дәлелдейтін, тікелей көрсеткіштері. Басқалары, жанама көрсеткіштері, зерттеліп отырған топырақтың көрсеткіштерін салыстыру үшін алынған таза топырақтың көрсеткіштерімен салыстыру кезінде ластанғандығы туралы, ластану мерзімі мен оның ұзақтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Топырақтың эпидемиялық қауіпсіздігінің тікелей көрсеткіштеріне санитарлық-микробиологиялық, санитарлық-гельминтологиялық және санитарлық-энтомологиялық көрсеткіштері жатады (5.3.-кесте). Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерінәң қатарына коли-титр және анаэробтардың титрі кіреді. Бұлар, ішек таяқшасын (коли-титр) немесе Cl. Perfringens (анаэробтар титрі) өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері. Нәжіспен жаңадан ластанған кезде коли-титр мен анаэробтардың титрі күрт төмендейді, олардың басым көпшілігі спора түрінде емес болады. Ластануынан белгілі бір уақыт өткен соң, ішек таяқшалары мен патогенді спора түзбейтін бактериялар жойылған кезде, анаэробтар титрінің көрсеткіштері салыстырмалы түрде төмен кезінде коли-титрдің жоғарылауы байқалады. Бұл спора түзуші микроорганизмдердің ұзақ уақыт өздерінің тіршілігін сақтап қалуына байланысты.
Геогельминттердің деформацияланбаған тіршілікке қабілетті жұмыртқаларының көптеп табылуы топырақтың жақын арада ластанғанын білдіреді. Ал аскариданың деформацияланған жұмыртқаларының аз ғана мөлшерде кездесуі ластануынан бірталай уақыт бұрын басталғаны жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді, өйткені аскариданың жұмыртқалары көптеген басқа геогельминттердің жұмыртқаларына қарағанда, өздерінің тіршілік қабілетін ұзақ уақыт бойы – 10 жылға дейін сақтап қала алады.
Топырақта шыбын мен олардың личинкаларының болуы топырақтың әр түрлі қалдықтармен ластануының және қанағаттанарлықсыз тазартылуының көрсеткіші болып табылады.Топырақтың ластану дәрежесі туралы пікір айтуға мүмкіндік беретін санитарлық-химиялық көрсеткіштердің бірі, Хлебниковтың санитарлық саны болып табылады. Санитарлық саны деп, топырақтағы белок азотының (қарашірік азоты) ондағы органикалық азоттың жалпы мөлшеріне (қарашірік азоты+органикалық ластаушылардың азоты) қатынасын айтады. Таза топырақта Хлебниковтың санитарлық саны 0,98-1,0-ге жетеді, топырақ біршама ластанғанда, бұл көрсеткіш күрт төмендейді
Топырақтың қалдықтармен ластануының бағалау үшін бұрын қолданылған басқа санитарлық-химиялық көрсеткіштерін (жалпы органикалық азоттың, көміртегінің, хлоридтердің, аммоний тұздарының, нитриттердің, нитраттардың мөлшері) тек салыстыру үшін алынған, ластанбаған учаскенің көрсеткіштермен салыстыру арқылы бағалайды, бұның белгілі бір өзіндік қиындықтары бар. Зерттеуге алынған топырақта органикалық азоттың, көміртегінің және хлоридтердің жоғарырақ мөлшерде болуы, оның жаңадан ластанғанын көрсетеді, ал аммиактың, нитриттер мен нитраттардың жоғарырақ мөлшерде болуы, топырақтың өздігінен тазару үрдістерінің жүріп жатқанын дәлелдейді.Елді мекендер топырақтарының эпидемиялық қауіптілігін бағалау үшін басқа көрсеткіштермен қатар, патогендік микрофлораның жеке түрлерінің мөлшерін анықтауды да қолданады
Топырақтың химиялық қауіпсіздігін оның құрамындағы ластаушы экзогенді химиялық заттардың мөлшері бойынша (ЭХЗ) сол заттардың ШРЕК немесе ШАРК-мен (уақытша норматив - шамамен алынған рұқсат етілген концентрация) салыстырып бағалайды. Топырақтағы экзогенді химиялық заттардың ШРЕК дегеніміз - 1 кг абсолютті құрғақ топырақтағы мг – мен берілген, экологиялық тізбектер арқылы кез келген тасымалдану түрлерінде тікелей немесе жанама контакті кезінде адамның денсаулығына, оның ұрпақтарына және санитарлық жағдайына тікелей немесе жанама зиянды
