- •Жалпы гигиена пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •1.Гигиена- алдын алу пәні жөнінде анықтама беріңіз
- •2.Гигиенаның мақсаты мен міндеттері. Аурудың екіншілік, үшіншілік алдын алу шараларын нұсқаңыз
- •3.Гигиенаның әдістерін атаңыз
- •4. Қоршаған орта факторларының қолайсыз әсерлерінің алдын алуда күнделікті және алдын алу жөніндегі санитарлық бақылаудың рөлін сипаттаңыз
- •5.Гигиенаның қысқаша даму тарихын сипаттаңыз
- •9.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының санитар дәрігері жұмысын ұйымдастырудың негіздерін түсіндіріңіз
- •10.Санитарлық ағарту жұмыстарының формалары мен әдістері. Халық арасында санитарлық-эпидемиологиялық жұмыс өткізу шараларын түсіндіріңіз
- •11.Тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының қызметтің құрылымы. Санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды нұсқаңыз
- •12.Гигиеналық норматив, қағидалары. Нормалаудың басымдылығын көрсетіңіз
- •13. Гигиеналық норматив қағидаларын атап көрсетіңіз
- •14.Қоршаған орта факторларын бөлу принциптерін атаңыз
- •16.Микроклимат түсінігіне анықтама беріңіз. Микроклимат көрсеткіштеріне мысал келтіріңіз
- •17.Ауаның жоғарғы және төменгі температурасының ағзаға әсерін гигиеналық жағынан бағалаңыз
- •18.Ылғалдылықтың гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз. Ылғалдылық түрлерін,өлшеу бірлігін түсіндіріңіз
- •19.Ауа қозғалысының гигиеналық маңызына түсініктеме беріңіз
- •20. Жел раушаны» оның қосалқы гигиеналық маңызын гигиеналық ашыңыз
- •21.Барометрлік қысымның гигиеналық маңызына түсініктеме беріп өтіңіз. Ағзаға жоғары және төменгі барометрлік қысымның әсерін талдаңыз
- •22.Бөлменің оптималды микроклиматын қамтамасыз ету бойынша шаралар негізінде микроклимат көрсеткіштерін гигиеналық нормалау шараларын бағалаңыз
- •23.Микроклимат түрлерін атаңыз: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын. Олардың айырмашылықтарын анықтап, ағзаға тигізетін әсерлерін табыңыз
- •25.Микроклиматтық жағдайлардың қолайсыз әсерін алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •26. Ауаның температурасын, ылғалдылығын және қозғалу жылдамдығын анықтау
- •27.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз
- •28.Көрінетін жарықтың ағзаға әсерін сипаттаңыз. Бөлмені рационалды жарықтандырудың маңызы.
- •29.Бөлменің табиғи жарықтануын анықтайтын факторларды атап көрсетіңіз
- •30.Бөлменің табиғи жарықтануының көрсеткіштерін атаңыз.
- •31.Инсоляцияның гигиеналық маңызын сипаттаңыз. Инсоляциялық тәртіп түрлерін атаңыз.
- •32.Жасанды жарықтандыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды атаңыз.
- •33.Жасанды жарықтану түрлері мен көздерін атап, оларды сипаттаңыз.
- •34.Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •35.Люксметр аспабының жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз
- •36.Судың гигиеналық маңызын сипаттаңыз
- •37.Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлін атаңыз
- •38.Судың табиғи химиялық құрамы мен химиялық ластануына байланысты ауруларды жіктеп түсіндіріңіз
- •39.Беткей және жер асты су көздеріне сипаттама беріңіз
- •40.Шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелері: орталықтандырылған, орталықтандырылмаған су көздерінің айырмашылығын атаңыз
- •41.Суды пайдаланумен байланысты аурулардың алдын алу жөніндегі шаралар, санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасын түсіндіріңіз
- •42.Су көздерін санитарлық қорғау шараларына негіздеме беріңіз
- •43.Су сапасын жақсартудың негізгі әдістерін сипаттаңыз
- •44.Су сапасын жақсартудың арнайы әдістеріне сипаттама беріңіз
- •45.Судан сынама алу әдістерін атаңыз
- •46.Топырақтың гигиеналық маңызын ашыңыз
- •47.Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерін сипаттаңыз
- •48.Топырақтың табиғи химиялық құрамымен, химиялық және биологиялық ластануымен байланысты болатын аурулардың алдын алу бойынша шараларды негіздеңіз
- •49.Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың дамуындағы топырақтың рөлін түсіндіріңіз
- •50.Топырақтың санитарлық-гигиеналық, токсикологиялық көрсеткіштері
- •52.Топырақтың санитарлық жағдайына «Хлебниковтың санитарлық саны» арқылы сипаттама беріңіз
- •53.Тұрғындардың тамақтану ерекшеліктерін есепке ала отырып, рационалды тамақтау қағидаларын анықтаңыз
- •54.Адамдарда тағамдық заттар мен әнергия қажеттілігін анықтау әдістерін бағалаңыз
- •55.Тамақтанудың құндылығын (жеке адамның және ұжымның) анкеталық, сұрау-салмақтық, есептеу, зертханалық, клиникалық, гигиеналық бағалау әдістеріне сипаттама беріңіз
- •56.Тағам статусының тиімділігін негіздеңіз
- •57.Еттің, сүттің және банка консервілерінің химиялық құрамы, тағамдық және биологиялық құндылығына гигиеналық бағалау жүргізіңіз
- •58.Еттің санитарлық сараптамасының әдістемелері: органолептикалық зер1ттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу жұмыстарын қорытындылаңыз.
- •59.Жер учаскесін таңдауға, аурухананың құрылыс жүйелеріне, елді мекендерде епм орналастыруға қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз
- •60.Ауруханалардың ішкі жоспарлануының ерекшеліктеріне гигиеналық баға беріңіз
- •61.Ауруханалардағы ауруханаішілік инфекцияның алдын алу шараларын негіздеңіз
- •62.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мақсаты мен міндеттерінің мәнін ашыңыз.
- •63.Балалар мен жасөспірімдерідің физикалық дамуын гигиеналық бағалау әдістеріне талдау жүргізіңіз
- •64.Денсаулық анықтамасына, денсаулық топтарына түсініктеме беріңіз
- •65.Балалар мен жасөспірімдердің дене тәрбиесі, дене тәрбиесінің топтарын белгілеңіз.
- •66.Еңбек гигиенасы, міндеттері. Кәсіптік аурулардың алдын алудағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу бойынша санитарлық дәрігердің қ олданатын тәсілдері мен амалдарын негіздеңіз
- •67.Өндірістік шаң туралы түсінік. Шығу тегі бойынша, түзілу әдісі бойынша, дисперстік құрамы бойынша өндірістік шаңның жіктелуіне анықтама беріңіз
- •68.Өндірістік зиянды фактор шуға анықтама беріңіз. Ағзаға шудың әсері. «Шу ауруының» спецификалық және спецификалық емес әсерінің арасындағы өзара байланысты табыңыз.
- •69.Жергілікті және жалпы өндірістік дірілге түсініктеме беріңіз, гигиеналық
- •70.Дірілді өлшеудің қазіргі заманғы аспаптары. Жұмыс істеу принципін түсіндіріңіз.
- •71.Жеке бас гигиенасы оқыту мақсаты мен міндеттерін негіздеңіз
- •72.Жеке бас гигиенасының адам өміріндегі мәнін ашыңыз
- •73.Тері гигиенасының адам өміріндегі ерекшелігіне сипаттама беріңіз
- •74.Әртүрлі аурулардың алдын алу жөнінегі ауыз қуысы гигиенасының маңызына сипаттама беріп, оны гигиенлық тұрғыдан бағалаңыз.
- •75.Киім және аяқ киім гигиенасының адам өмірі үшін маңызы.
37.Жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуындағы су факторының рөлін атаңыз
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды. Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар:Ішек аурулары;Жоғарғы тыныс жолдары аурулары;Қан немесе трансмиссивті аурулар ;Сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді.Ішек аурулары (мысалы А-гепатиті) вирус ас қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және организмге вирус: ауамен кіреді.Қан немесе трансмиссивті аурулар (әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі, кейде қосалқы көмекшілері болады, көбінесе табиғи-ошақты болып келеді.Сыртқы қабықтардың аурулары (құтыру, аусыл, делбе) жанасудан, қарым-қатынаста болудан тарайды. Вирустардьң организмде өсіп-өну және шоғырлану ерекшеліктеріне сай оларды ошақты және жалпы деп бөледі.
Біріншісінде қоздырғыштардың әсері тек енген жерде көрінеді, ол сол жерде есіп-өнеді (мысалы ішекте, не тыныс жолдарында). Екіншісінде вирустар енген жерінде көбейіп, денеге тарайды да, басқа ағзаларда екінші үлкен ошақ құрайды (шешек, қызылша, полиомиелит). Аурудың мерзімінің ұзақтығына, белгілерінің көрінуіне және қоздырғыштың сыртқы ортаға шығып тұруына байланысты олар жіті және созылмалы болып бөлінеді. Жітілері тез жазылады, вирустан да тез құтылады. Ал созылмалысы біресе айығып, біресе қайталап көпке созылады. Өз алдына бір бөлек түрі — баяу ауру. Бұл түрінде вирус организмде көпке дейін сақталып, ауру ұзаққа созылады және клиникалық белгілері көмескілеу болады. Ал ауру белгілерінің мүлдем болмайтын түрін инаппаранттык деп атайды. Мұнда организмнен ауру қоздырғышы, шығып кетеді де, иммунитет пайда болады. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді.[1]
Паразиттер – басқа ағза ішінде не сыртында өмір сүретін және онымен қоректенетін ағзалар. Бұл топқа микробтардың 0,1% кіреді. Бұл микроағзалар эволюция нәтижесінде паразитті түрде өмір сүруге дағдыланған.Олар ағзадан көмірқышқыл мен аммиакты сіңіріп, күрделі көміртегі мен аминқышқылдарын синтездейді. Паразиттерге құрттар яғни гельминттер, вирустар, қарапайымдардың (саңырауқұлақтар) кейбір түрлері жатады. Вирустар мен микробтар Вирустар мен микробтар жасушаішілік паразиттер болып табылады. Олар тұмау, гепатит, полиомиелит, герпес,лимфагранулематоз, СПИД вирустары болып табылады. Вирустар ағзаға шырышты қабық не тері арқылы енеді. Олар ағзаға өз әсерлерін тигізбеуі де мүмкін, өлімге әкеліп соғуы да мүмкін. Қарапайымдар Қарапайымдар да вирустар сияқты ағзаға шырышты қабық не тері арқылы енеді. Бас сүйектегі гаймор қойнаулары ірің туғызатын бактерияларға қолайлы жер болып табылады. Ал ағзаның сілтілі-қышқылды тепе-теңдігінің бұзылуы саңырауқұлақтарға ыңғайлы орта болады. Сонымен қоса қалыпты микрофлораның бұзылуы дисбактериозға әкеліп соғады. Қарапайымның бір түрі хламидияларқан тамырларының қабырғасын бұзып инфаркт, миокард, бедеулік,бауырдың асқынуына әкеліп соғады. Ауыз қуысындағы кандида саңырауқұлақтары да осы топқа жатады. Гельминттер Адам ағзасында 1-16 дейін гельминттер болуы мүмкін. Мысалы, бауырда эхинакокк, тері астында дракунулез, асқазан-ішек жолында аскарида, цепендер. Паразиттік құрттарды зерттейтін ғылым гельминтология деп аталады. Құрттардың қазіргі таңда 260 жуық түрі адам ағзасында өмір сүреді. Ал жер бетінде 12000 астам құрттар зерттелген.
