Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

33.Жасанды жарықтану түрлері мен көздерін атап, оларды сипаттаңыз.

Жасанды жарықтану төмендегі түрлерге бөлінеді:жұмыстық,апаттық,эвакуляциялық (көшірушілік кезінде),қорғаушылық жалпы аралас комбинацияланған жағдайлар үшін.

Жасанды жарық көздеріне газразрядтық шырақтар жатады (люменесценттік,сынаптық,ксенондық т.б.) Бұндай жарықтарды пайдалану мүмкін болмаған жағдайда қыздыру шырақтары пайдаланады. Қыздыру шырақтары 220В кернеуге арналып 15-тен 1000Вт-қа дейінгі құлттылықта шығарылады,ал 12 және 36Вт арналған шырақтар 50Вт-тық құлттылықпен шығарылады. Қыздыру шамдарының энергия шығыны бойынша жарық шығару мүмкіншілігі жоғары емес,ол 20лм/Вт-тан аспайды. Қыздыру шырақтарының жұмыс істеу мерзімі-1000 сағ.шамасында.

Өндіріс жайларында газразрядтық шырақтардың ішінен люминесценттік шырақтар көп қолданылады. Бұлар аз қысым жағдайында жұмыс істейді. Өнеркәсіпте бұндай шырақтардың 5 түрі шығарылады:

1. күндізгі жарық шырақтары (ЛД)2. суық ақ жарық (ЛХБ)3. ақ жарық (ЛБ)

4. жылы ақ жарық (ЛТБ)5. түзелген түсті шырақтар (ЛДҚ)

Люминецент шырақтар 15-тен 80 Вт-қа дейінгі қуаттылыққа шығарылады. Ал ол энергия шығыны бойынша бұлардың жарық шығаруы көбірек -75лм/Вт-қа дейін жетеді. Бұл шырақтардың жұмыс істеу мерзімі 10000 сағ.шамасында.

Жарықтану Люксметрмен (10-16) өлшенеді. Люксметрде үш негізгі және үш қосымша өлшем шектері бар. Негізгі өлшем шектері 25,100 және 500лк аралықтарында,қосымша өлшем шектері 2500,10000 және 50000лк аралықтарында. Қосымша өлшем шектері белгілі бір жарық жұтқыштардың көмегімен жүргізіледі.

34.Шамдардың түрлері. Жарықтандыру арматурасына қойылатын гигиеналық талаптарға сипаттама беріңіз

Шам – 1) жарық беруге арналған әр түрлі аспап, құрылғы; 2) жарық көзі шынымен жартылай немесе толық қоршалған аспап; 3) қараңғы үй ішіне, көшеге жарық түсіретін әр түрлі құрылғылардың жалпы атауы. Адамзат тарихында Шам ерте замандардан бері қолданылып келген. Археологиялық деректер бойынша, сан алуан Шамдардың түрлері (шырағдан, тағы басқа), Шам астындағы тағандар, май Шам қоятын қондырғылар (шамдал) табылған.

Қызу шамы — вольфрам қосылыстарынан жасаған бұранда сымднан тоқ өткізіп қыздырудың арқасында пайда болатын электрлік жарық көзі. Бұранда сым мөлдір вакуумды немесе инерт газымен толтырылған ыдысқа орналастырады. Электр тоқ вольфрам жібінен өткен кезде кең спектрде сәуле тартады соның ішінде көрінетін сәулелер бар.

Қызу шамын үйдің ішіне жарық түсіруге,сондай-ақ автомобиль фарларына, тігін машинасына, қалта фонарына ,фотосуретке түсірру кезінде тағы басқаға пайдаланылады. Тұрмыстық при борларда қуаты 15 Вт-тан 300 Вт-қа, 220 В не 127 В кернеуге есептелген қыздыру шамдары қолданылады. Жарық түсіру шамдарының криптонды және бисприральды түрлеріле болады. Криптонда шам инертті газ-криптонмен толтырылады, электр энергиясын кәдімгі шамдармен бірдей тұтынғанымен, жарық түсіру қуаты олардан жоғары болып келеді. Мұндай шамдардың қуаты 40, 60, 75 және 100 Вт болатын түрлері шығарылады.Биспиральды шамның қыздыру қылы жуантық доға не жартылай сақина түрінде болады. Ол сыртында жіңішке сым оралған вольфрам спиральдан жасалады да, қуаты кәдімгі қылдан әлде қайда жоғары болады.

Шамның цоколіне не шыны колбаның дөңес жағына завод маркасының белгісі: кернеуі-вольтпен ,қуаты-ваттпен көрсетіледі. (мыс.,220В, 40Вт немесе 220В, 100Вт.). Шамның қызмет мерзімі кернеу күші белгіленген мөлшерден артпаған жағдайда 1000 сағатқа жуық болады. Егер желідегі кернеу арттып кетсе (тіпті, қысқы уақыт болсын), шам істен тез шығады. Осы жағдайды ескере отырып өндіріс орындары кәдімгі шамдармен бірге, жоғары кернеуге арналған шамдар (мыс., 235-245В) шығарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]