Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

31.Инсоляцияның гигиеналық маңызын сипаттаңыз. Инсоляциялық тәртіп түрлерін атаңыз.

Инсоляция[1] (латынша: insolatio, insolo - Күнге қоямын) — Жер бетінің Күннің тура немесе жиынтық (тура және шашыраған) радиациясымен сәулеленуі. Уақыт бірлігінің ішінде алаң бірлігіне келетін калориямен өлшенеді.

Инсоляцияның шамасы Куннің биіктігіне, өңірдің теңіз деңгейінен биіктігіне, сондай-ақ Жердің ендігіне жоне т.б. байланысты. Инсоляция жер бетіндегі, атмосферадағы жылудың жайын және Жердің табиғи жарықтығын анықтайды.

Инсоляция[2] — жерге түсетін күн сәулесі мен жер бетіне келіп жететін күн энергиясының мөлшері. Кіші калориямен өрнектелетін ол, атмосфераның шегінде, жерге түсетін күн сәулесіне перпендикуляр орналасқан 1 см2 арқылы минутына өтетін 1,94 кіші калорияға тең (күн тұрақтысы).

Жер бетінде инсоляция:

күннің горизонттан биіктігіне,атмосфераның жағдайына,сондай-ақ күн дақтарына байланысты жыл және күні бойы өзгеріп тұрады.

Инсоляция барлық өсімдік пен жануарлар дүниесінің өмірінде өте үлкен роль атқарады. Инсоляция актинометр, пиргелиометр сияқты арнаулы аспаптармен өлшенеді. Күннің жерге жіберіп тұратын жылуының шамамен 40% атмосферада ұсталып қалады.

32.Жасанды жарықтандыруға қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды атаңыз.

Жасанды жарықтандыру.

Жасанды жарықтандырудың мағынасы төтенше (чрезвычайно) маңызды, барлық адам істейтін өндірістік қызметтерге, оның мәдениеті мен тұрмысына. Қазіргі уақытта жасанды жарық үшін электр энергиясын қолдануға бізде мүмкіншілік бар. Отандық өнеркәсіп әртүрлі қажетке арналған шамдар шығарады: қызу шамын, люминисценттік және т.б. газоразрядтық көз жарығын. Шамның керек түрін таңдап алып, жарықтың керек шегін және түсін қабылдауын жасауға болады.

Қазіргі уақытта көз жарығын таңдағанда, басқа шамдардың арасында люминисценттік шамдарды жоғары бағалайды, өйткені олар қызу шамдарға қарағанда көп гигиеналық, жарық техникалық, экономикалық артықшылығы бар. Отандық өнеркәсіп шығаратын люминисценттік шамдар спектрлік мінездемесі бойынша әртүрлі болады: күндізгі шамдар (ШК), күңгірт ақ шамдар (ШКА), суық ақ шамдар (ШСА), ақ шамдар (ША), түс берілісі дұрысталған шамдар.

«Санитарлық нормалар мен ережелер П – А, 9 - 71» ұсынады, қоғам үйлерге жарық түсіру үшін көбінесе ақ, күңгірт ақ люминисценттік шамдарды қолдануға, егерде түс беріліске арнайы талап қойылмаса.

Жасанды жарық ауруханалар мен емханаларда «санитарлық нормалар мен ережелер П – Л, 970» бойынша сәйкес нормаланады, бөлменің функционалдық белгілеуіне байланысты. Жарық нормалары арнайы люминисценттік жарыққа және қызу шамдарға келтіреді.

Люминисценттік жарық тек дәл түс беруі керегі жоқ жұмыстар өткізетін бөлмелерде ғана қолданылады (манипуляция жасайтын, қосымша бөлмелерде). Қызу шамдар операция, таңу өткізетін бөлмелерде, шоктан шығарылған кабинетте, дәрігерлер ранимациялық және препарация өткізетін бөлмелерде 150 лк – дан кем болмау керек, ал дәрігерлер кабинеттерінде 100 лк.

Люминисценттік жарық пайдалануға болатын бөлмелерде, жарық шегі нормаланады, рентген кабинеттерінде 100 лк кем емес, емдеу денешынықтыру кабинеттерге, флюорография, механотерапия, эндоскопия, электрокардиография, массаж, ингаляция, электр жарық емдеу және прививка істейтін кабинеттерге 150 лк болмау керек.Ауруханалардың операция жасайтын бөлмелеріндегі үстелдерге жарық түсіру үшін жергілікті көлеңке түсірмейтін шамдар қолданылады.Операция жасайтын үстелдің жарығы 3000 лк кем болмау керек (орташа 1000 лк және одан да көп, операцияның түрімен қиындығына байланысты).

Жарық мінез бойынша бөлмеде болады: жалпы жарық – барлық бөлмелерге көп жарық түсіп тұрғанда, жергілікті жұмыс орнына ғана жарық түсіп тұрғанда, бөлменің басқа жерлеріне жарық түспейді. Араласқан жарық – табиғи жарық пен жасанды жарық қосылғанда.Біріктірілген – жалпы жарық пен жергілікті жарық бірге пайдаланғанда.

Барлық бөлмелердегі, әлде кейбір жұмыс орнындағы жасанды жарықты бағалағанда мына гигиеналық талаптарды ұмытпау керек:

Бөлмелердің әлде жұмыс орындарының жарығы жеткілікті болуы керек.Жұмыс орнына ғана жарық түсіп, басқа жер қараңғы болып тұруға болмайды.Жарық біркелкі болу керек.Көз жарығы шатына тұруға болмайды.Көз жарығы экономді, қолданғанда қорықпайтындай болу керек және бөлмедегі микроклимат пен ауаның химиялық құрамын өзгертпеу керек.

Дәріхана бөлмелерін жасанды жарықтандыру қыздыру шамдары мен люминиценттік арқылы жүзеге асырылады. Дәріхананың өндірістік бөлмелерінің табиғи жарықтануына қойылатын негізгі гигиеналық талаптар жұмыстың орындалуында және бөлмелерде жеткілікті, біркелкі жарықтың болуы. Әсіресе ол провизор – аналитикалық ассистент, фасовка, провизор – техникасының нақты көру тереңдігін, ұсақ бөлшектерді айыру жылдамдығын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.Дәріхана ұжымының санитарлық тәртібі бойынша инструкцияға және санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес дәріханада жасанды жарықтандырудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету төмендегідей нормативтер бекітілген (№ 309. 21.10.97 ж) СанЕмН (23 – 05 – 95).Дәріхана бөлмелері үшін люминисцентті шамдар қолданылуының гигиеналық жағынан өте оңтайлы және ұтымды, себебі люминисценттік шамдардың беретін жарығы табиғи жарықтандырудан жақын болады.Ассистент бөлмелерінде жұмыстың орындалуында люминисценттік шамдарды пайдалану жөнінде қыздыру шамдары мен люминисценттік шамдарды қатар пайдалануға болмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]