Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

27.Жылытудың әртүрлі жүйлерінің артықшылығы мен кемшілігін түсіндіріңіз

Жылыту – үй-жайдың температурасын адамға жайлы, кейде технологиялық процестің талаптарына сай деңгейде ұстап тұру үшін жүргізілетін жасанды жылыту процесі. Негізінен, сумен Ж. кең таралған. Мұнда жылу ыстық сумен жылыту құралдары арқылы беріледі. Сумен Ж. жүйесінің құрамына су қыздырғыштар, жылыту құралдары (радиаторлар, конвекторлар, панельдер, т.б.); су құбырлары, су қызған кезде оның артық көлемін қабылдайтын ыдыс, бекітіп реттеу арматурасы кіреді. Сумен Ж. жүйесі табиғи айналымға түсетін және мех. тәсілмен айналымға түсірілетін түрлерге бөлінеді. Біріншісінде су қыздырғышта ысытылған су және жылыту құралдары мен құбырларда салқындаған судың темп-раларының, тығыздықтарының айырымдары есебінен айналымға түседі. Екіншісінде су, негізінен, салқындаған суды қыздырғышқа беретін түтік құбырға орнатылатын циркуляциялық сорғының әрекеті есебінен жүреді. Бумен Ж-да жылу тасымалдағыш су буы бөлмелерде орнатылған жылыту құралдарына бу құбырлары арқылы беріледі. Бумен жылыту жүйелерінде будың жылыту құралдарында конденсациялануы кезінде бу түзіп жылу бөліп шығару қасиеті пайдаланылады. Бұл кезде пайда болған конденсат құбыр арқылы бір орталықтан жылумен қамтамасыз ету торабына немесе жылытылатын үй-жайдағы қазандыққа қайтып оралады. Ж. мақсатында бу машиналарынан, турбиналарынан, т.б. шығатын бу да қолданылуы мүмкін.

Жылыту жүйелері – ғимараттар мен құрылымдардың бөлмелері ауасына және ондағы қоршау беттеріне қажетті температура беріп, оны ұстап тұруға арналған инженерлік жүйелердің бірі.Жылдың суық кезіндегі бөлме ауасының температурасы тек жылыту жүйесінің жұмысына ғана байланысты емес, сонымен қатар, ол желдету жүйесінің жұмысына да байланысты. Бұл жүйелер бірлесе отырып, бөлме ауасының қажетті температурасын, ылғалдылығын, оның қозғалыс жылдамдығын, құрамын және тазалығын қамтамасыз етіп отырады.

Жылытудың гигеналық негіздері

Адам организмінің жылулық балансы оның өзі өндіретін жылудан, қоршаған ортадан алынатын жылудан және қоршаған ортаға жоғалатын жылудан тұрады.

Адам организмі өндіретін жылу оның жасына, жасаған жұмысына және т.б. факторларға байланысты.

Адам организмінің қоршаған ортаға жоғалтатын жылуының мөлшері бөлмедегі микроклимат жағдайына, яғни ауа температурасына, ылғалдылығына, оның қозғалыс жылдамдығына және қоршау беттерінің температурасына (адамнан жоғалатын жылудың бір бөлігі «салқын» беттерге сәулеленуге байланысты) тәуелді.

Қалыпты киінген, тыныштық және жылулық комфорты жағдайындағы үлкен адам организмінің қоршаған ортаға жоғалтатын жылу мөлшері шамамен 115÷130 Вт құрайды. Бұл кездегі сәулелік жылу беру 45÷60 % құрайды.

Сондықтан, жылыту жүйелері жылдың суық кезеңінде бөлмеден жоғалатын жылудың орнын толтыратындай микроклимат туғызуы керек.

Жылыту жүйелеріне қойылатын талаптар

Жылыту жүйесіне қойылатын талаптарды бес топқа жіктеуге болады:

- санитарлық-гигиеналық - ауа температурасы мен қоршаулардың ішкі бет температурасын белгілі мөлшерде ұстап тұру; жылыту аспаптарының бет температурасын шектеу;

- экономикалық - күрделі қаржы мен металл шығынының аз болуы; пайдалану кезіндегі жылу энергиясының тиімді шығыны;

- сәулеттік-құрылыстық – бөлме интерьеріне сәйкес, жинақы және құрылыс конструкцияларына үйлесімді болуы шарт; ғимараттың салыну мерзімімен келісілуі;

- өндірістік-монтаждық - түйіндер мен бөлшектердің саны мейлінше аз болуы керек, оларды дайындауды механикаландыру; монтаждау кезінде еңбек шығынының аз болуы;

- пайдалану кезіндегі– техникалық жетілген жүйенің барлық пайдалану уақытында мүлтіксіз , тиімді жұмыс істеуі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]