Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гигиена Жауаптары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
238.68 Кб
Скачать

23.Микроклимат түрлерін атаңыз: комфорттық, дискомфорттық қыздыратын және салқындататын. Олардың айырмашылықтарын анықтап, ағзаға тигізетін әсерлерін табыңыз

Микроклимат, қалыптасатын жеріне байланысты, жабық бөлмелердегі (тұрғын, қоғамдық, өндірістік, арнайы қондырғылардың, әскери техниканың, көліктің) және жеке аумақтардың (елді мекендердің, жердің, ықшам аудандардың және т.б.) микроклиматы деп бөлінеді. Адамның жылу тепе-теңдігіне әсер ету дәрежесі бойынша микроклиматты комфортты және дискомфортты - салқындататын және қыздыратын деп бөледі.

Комфортты микроклимат жылу реттейтін механизмдердің зорлануын тудырмайды. Жылу сезінуі жақсы және орталық жүйке жүйесінің жұмысы да оңтайлы, дене және ой жұмысына қабілеттілігі, сонымен қатар, қолайсыз факторлардың әсеріне төзімділігі де жоғары болады.

Дискомфортты микроклимат, керісінше, жылу реттейтін үрдістердің зорлануымен, жүйке жүйесі мен анализаторлардың жұмыс көрсеткіштерінің нашарлауымен, әр түрлі мүшелер мен жүйелердің функционалдық жағдайының бұзылуымен, ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуімен сипатталады, сонымен қатар, әр түрлі жедел және созылмалы аурулардың дамуына себепші болуы мүмкін. Қыздыратын дискомфортты микроклимат жедел және созылмалы гипертермиялардың әр түрлі белгілерінің дамуына (жоғарыдан қараңыз), ал салқындататын дискомфортты микроклимат – жергілікті және жалпы гипотермияларға және олармен байланысты ауруларға және ағзаның функционалдық жағдайының бұзылуларына әкеледі.

Микроклимат факторларының кешенді түрде әсер ететінін ескеріп, өте жоғары да емес және тым төмен де емес температуралар ауаның ылғалдылығы мен қозғалысының қолайсыз шамаларымен бірге әсер еткенде, ағзаның қатты қызыуна және қатты салқындауына әкелуі мүмкін екендігі есте болуы керек. Созылмалы дененің қатты қызуы тіпті, ауа температурасы 26-28ºС кезінде де, бірақ ылғалдылығы 80% жоғары және ауа қозғалысы 0,3 м/сек төмен микроклимат жағдайында ұзақ уақыт болған кезде, пайда болуы мүмкін. Созылмалы дененің салқындауы ауаның температурасы 12-14ºС және одан төмен, салыстырмалы ылғалдылығы 60% және одан да жоғары болған кезде байқалуы мүмкін. Жедел суықтан болатын патология 0ºС төмен температура кезінде жиі дамиды, бірақ ауның жоғары ылғалдылығы мен ауаның жоғары қозғалу жылдамдығы бірге әсер еткенде, плюс температура кезінде де дамуы мүмкін.

24. Адам ағзасына қолайсыз микроклиматтық жағдайлардың әсерін сипаттаңыз

Ағза немесе Организм (гр. organon және лат. organіzo – келісті түрге келтіру) – белгілі ортаға өз бетімен тіршілік етуге бейімделген, тірі және тарихи қалыптасқан біртұтас жүйе. Тұқым қуалаушылық қасиеттеріне сәйкес өзіне тән құрылысы мен даму ерекшелігі бар.

Құрылысы мен қызмет ерекшелігіне байланысты органдар жүйелері мен аппараттары:дене(сомалық),ішкіоргандар(висцералды)жәнебайланыстырғыш (интегралды) органдар жүйелері болып бөлінеді. Органдар жүйелер құрылысы әртүрлі, бірақ белгілі бір қызмет атқаратын мүшелер (ағзалар) құрайды.

Құрылысына байланысты органдардың:

қабатты (тері),түтікше (ішкі мүшелер) жәнепаренхималы түрлері болады.Организмнің құрылым бірліктері – жасушалар, ұлпалар (тіндер), мүшелер. Организмдер бір жасушалы және көп жасушалы болып бөлінеді. Бір жасушалы Организмдердің ішінде колониялы (шоғырлы) түрлері де бар. Мысалы, вольвокс, т.б. Әрбір жеке дарабастар да өз алдына жеке ағза болып саналады.

Ауыл тұрғындарының жеке тұрғын үйлері, ауылдық жерлердегі кейбір өзіне тән тіршілік жағдайларын ескеріп, жоғарыда аталған барлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Мысалы, ауылдық адамдар тұратын үйлерде, тұрғын бөлмелерден, асүй, әжетхана, ванна бөлмесі, кіреберістен басқа, әйнектелген верандалар салынуы, жұмыс киімдері мен қысқы киімдер, сыртқы киім сақтайтын орындарды қарастыру қажет.

3. Тұрғын үйлердің ішкі ортасын ұйымдастыру

3.1. Микроклимат жағдайлары.

Тұрғын үйдің бөлмелеріндегі микроклимат жағдайлары адам ағзасының жылу алмасуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуі және суық кезде де, жаздыгүні де жақсы жылу сезінуін беруі керек (ΙΙΙ –тарау). Жасалған жайлы жылылық адамның бөлмеде белгілі бір уақытта болуымен шектелмеуі керек және қосымша бейімделу механизмдерінің іске қосылуын талап етпеуі тиіс. Жеңіл үй киімін киген адам салыстырмалы түрде аз қозғалу жағдайында да, өзін жайлы сезінуі қажет.

Тұрғын үйдің микроклимат көрсеткіштерін нормалағанда, адамдардың жасы, жыл мезгілі, климат жағдайлары, бөлменің қандай мақсатта пайдаланатыны ескерілуі керек, яғни нормативтер дифференциалды түрде бекітіледі. Бөлмедегі ауа температурасының орташа деңгейі және ауа температурасының тәуліктік ауытқулары, температураның тігінен және көлденінең алғандағы ауытқулары, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен қозғалу жылдамдығы нормаланады

Қыс мезгілінде орта және жылы климаттық аймақтарда бөлмелердегі ауаның ең қолайлы температурасы - 18-20ºС, суық аймақтар үшін - 20-22ºС, ыстық аймақтар үшін - 17-18ºС болып табылады. Жылдың суық мезгілінде жылылық жағдайды қалыпқа келтіру үшін үйдің ішіндегі температура біршама жоғарғы болуы керек, себебі энергия ағзаның салқындауның алдын алуға бағытталған зат алмасуын ынталандыруға, қан тамырлары реакцияларын іске қосуға жұмсалады. Қазіргі үйлердегі үлкен әйнектелген беттер қыста өздері салқындап, сәулелену арқылы жылу берілуі нәтижесінде, адам ағзасынан жылудың көп мөлшерде жоғалуына әкеп соғады. Микроклиматты қалыптыстыруға, сонымен бірге, құрылыс материалдарының ауа өткізгіштігі мен гигроскопиялылығы, қабырғалардың қалыңдығы да әсер етеді. Ауа өткізгіштігі және гигроскопиялылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бөлмеде температура тез төмендейді. Осыған байланысты, көп адамдар үшін бөлмедегі қолайлы ауа температурасы 20-23ºС болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]