- •«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 25.12.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Шыршаны шарлармен безендіреміз»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту;шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету;жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: шырша суреттері,шыршаның қағазға желімденген үлгі суреті,жасыл түсті қағаз,қайшы,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:жаңа жыл-новый год,шырша-елка.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері Күнім күлім қағады, Шуағын маған шашады! Қуан,қуан,алтын Күн! Қуан,қуан,Жер-көгім! (Г.Бектұрова) -Балалар,қараңдаршы,сиқырлы қобдиша тауып алдым. Сөздік жұмыс: қобдиша.
|
Балалар шеңбер жасап тұрады,өлең жолдарын бірге қайталайды. Қызығушылық танытады.
Қайталайды: қобдиша. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Сиқырлы қобдишада не бар екен?Оның ішінде қағаз бар екен,қағазда жазылғанды оқып көрейік: Ағаштардың көріктісі, Мәңгі жасыл бұтағы. Мекен ғып тау,өлкені, Кәусар ауа жұтады. Бұл не? «Пішінді ата» дидактикалық ойыны. Үлестірмелі материалға назарларын аударады. Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді. Тәрбиеші моншақ жасау техникасын түсіндіреді:домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз.Пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп,орналастырып,шыршаға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеді. Сергіту сәті Балаларға жұмысқа кірісуді ұсынады. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
Тыңдайды,жұмбақты шешеді.
Жауабы: шырша.
Ойынға кіріседі,пішіндердің атауын айтады:дөңгелек,сопақша,шаршы. Үлестірмелі материалды қарайды.Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Балалар жаттығу жасайды. Жұмысқа кіріседі,шыршаға моншақтар жасайды.
|
Рефлексиялық- Түзетушілік |
-Біздің шыршамыз әдемі болып кетті.Аязата мен Ақшақарға көрсетеміз. Тәрбиеші шыршадағы моншақтарды балалармен талдайды.Мадақтайды. |
Балалар өз жұмыстарын тамашалайды,талдау жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын қиып,пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп жабыстырады.
Түсінеді: шыршаны тек Жаңа жыл мерекесінде ғана безендіретіндігін.
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдылары.