Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аппликация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.71 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: бұрыштарын қайырып,сопақша пішін қияды.

Түсінеді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды,пирамиданы өсу ретімен жинау керектігін.

Қолданады: бірнеше бөліктерден тұратын ойыншық бейнесін құрастырып,желімдейді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 27.11.2014ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Бауырсақ»

Мақсаты:шыршадан дөңгелектері қиюға үйрету; жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру; қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіз техникасын сақтауды үйретуді жалғастыру;балалардың шығармашылық ойын дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Халық ертегілеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: «Бауырсақ» ертегісінің желісін көріп,ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.

Сөздік жұмыс: домалау.

Билингвальді компонент: бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Педагог балаларға жұмбақ жасырады:

Атасынан да қашты,

Апасынан да қашты,

Өзінің домалақ басына

Кездестірді түлкіні,

Жоқ боп кетті бір күні

-Балалар бауырсақ жоғалмапты,мінекей ол

-Бауырсақпен амандасайық,балалар.

Педагог балалармен бірге ойыншық Бауырсақпен амандасады.

Сөздік жұмыс: домалау.

-Балалар,Бауырсақпен ойын ойнайық

«Ұқсас пішіндерді тап» ойыны

Билингвальді компонент: бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг.

Тәрбиешіні тыңдайды,жұмбақты шешеді.

Жауабы: бауырсақ

Бауырсақты көреді, амандасады.

Қайталайды : бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар аппликация жасау үшін бізге не қажет?

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.

Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.

-Алдымен қағазды жырту тәсілімен жол жасаймыз, желімдейміз

-Мен шаршыны аламын. Түсі қандай?

Мен неге осы түсті таңдадым?

-Сары шаршының бұрыштарын әдемілеп қайырып,дөңгелектеп қиямыз.

-Екінші жағына желім жағып,суреттегі жолға желімдейміз.

-Ал оны не күтіп тұр?

-Бұған бірдеңе жетіспей тұрған сияқты

-Жұмысқа кіріспес бұрын,қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын еске түсірейік.

Сергіту сәті.

Оңға,оңға түзу тұр

Солға,солға түзу тұр.

Алға қарай бір адым.

Жоғары,төмен қарайық

Орнымызды табайық

Жұмысқа кірісуді ұсынады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

-Қайшы ,қағаз және желім

Үлестірмелі материалды құрастырады. Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.

-Сары түсті,себебі бауырсақ қамырдан жасалып, қуырылған

-Түлкі

-Оған көз,мұрын және ән айту үшін ауыз жабыстыру керек немесе салу керек. Балалар естеріне түсіріп айтады.

Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Жұмысқа кіріседі,

Аппликацияларды жасайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген, бірақ бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталды!

Бауырсақ шыршаның артына тығылып қашып кетеді.

Жол бойында жүгіріп ән шырқайды.

Апамнан да қаштым,

Атамнан да қаштым

Түспедім мен ауызға,

Ас болмадым тағы да

Бауырсақпын осындай!

Аяқталды ертегіміз,

Сәтті болды күніміз!

Бауырсаққа балалар рақмет айтады. Балалармен қошатасады

Қуаныштарын білдіреді. Жұмыстарын Бауырсаққа сыйлайды.

Балалар бауырсақпен қоштасады