Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аппликация.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.71 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ПВА –желімімен,сулықпен жұмыс жасайды,сулықты домалату арқылы қойдың жүндерін жасайды.

Түсінеді: қой мен қозы үй жануары екенін,оларға қамқорлық керектігін

Қолданады: сулықты кішкентай бөліктерге бөлуде қауіпсіздік техникасын сақтайды, оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:28.05.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Камзол мен тақияны әшекелейміз»

Мақсаты: қазақтың ұлттық киімінің атауларын ажыратулы үйрету; қайшыны және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту,қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: қазақтың ұлттық киімдері,үлестірмелі материалдар,желім,қайшы, сулық,қуыршақ Айсұлу

Сөздік жұмыс: тақия,камзол

Билингвальді компонент: тақия-тюбетейка,кошқармүйіз оюы- орнамент бараний рог.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ғажайып сәт:

Топқа қонаққа Айсұлу келеді. Балалармен амандасады.

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қазақтың ұлттық киімдерін сатып алдым.

Көргілерің келе ме№?

Сондықтан киімдерді алып,балаларға көрсетеді.Ою-өрнектерге көңіл бөледі.

-Қараңдаршы,киімге қандай ою-өрнектер салынған. Қандай әдемі!

-Мынау-тақия, мынау-камзол

Сөздік жұмыс: тақия,камзол

-Балалар қазір осындай киімдер кие ме?

-Қазақтың ұлттық киімі екенін қалай білеміз?

Қызығушылық танытады

Қонақтармен амандасады.

Киімдерді,ою-өрнектерді қарайды

Қайталайды

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші киімдерді жақсылап көруге ұсыныс жасайды

Үлестірмелі материалға назарын аударады.

Жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді, көрсетеді. Камзолды әшекейлеу үшін «сүйек», «қошқармүйіз» өрнектерін таңдаймыз. Қағазды бірнеше бөлікке қиып «сүйек» өрнегін камзолдың шетіне желімдейміз.

-«Қошқармүйіз» өрнегінің дайын жапсырмаларын өздеріңнің қалауларың бойынша жапсырасыңдар

Осы өрнекті тақияға да желімдейміз.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз

Бір отырып, бір тұрып

Тез шынығып аламыз

Иіліп,оңға бір,

Иіліп солға бір,

Денемізді дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап

Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.

Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді

Көреді, өлшейді

Үлестірмелі материалды қарастырады, тәрбиешіні тыңдап, жұмыстың жасалу ретімен танысады.

Қимыл-қозғалыстар жасайды

Жұмысқа кіріседі, аппликацияны жасайды.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

Қуыршақ Айсұлу балалардың жұмыстарын мадақтайды

-Өзіміз жасаған жұмыстарымызды көрейік

Әр бала өзіне ұнаған жұмысты таңдап,неге таңдағанын айтады

-Жұмыстарымыз көрмеге жіберуге жарай ма? Қалай ойлайсыңдар?

Қуаныштарын білдіреді, талдауға қатысады.