Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аппликация.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.71 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:23.04.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Әдемі мерекелік жалаушалар»

Мақсаты: қоршаған орта туралы түсінітерін кеңейту, қайшымен және желіммен жүмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту, эстетикалық қабылдауды дамыту, қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер: шақыру хат, күн мен бұлт, ағаш немесе суреті, желім, сулық, үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыс: түрлі түсті.

Билингвальді компонент: мейрам-праздник, жалауша-флажок.

Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Ойын жағдаят

-Балалар, топқа қонаққа Ақтөс ит келіп тұр. Ақтөстің көңіл қошы жоқ, өйткені бүгін туған күні. Ол бұл мерекеге ұзақ дайындалды, айналаның бәрін әдемі шыршалармен және түрлі түсті жалаушалармен безендірді. Бірақ жаңбыр жауып, жалаушалардың түсін шайып кетті.

Ақтөске көмек көрсетсек қайтеді?

Сөздік жұмыс: түрлі түсті.

Билингвальді компонент: мейрам-праздник, жалауша-флажок

Қонақпен амандасады, қызығушылық білдіреді.

Итке көмектесуге ынта білдіреді.

Қайталайды: түрлі түсті.

Қайталайды: мейрам-праздник, жалауша-флажок.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

Бұлт Ақтөстің мерекесін бүлдіргісі келетін сияқты. Итті бәрі жақсы көреді. Ал бұлтты ешкім жақсы көрмейді, сондықтан ол жалаушалардан түстерді жаңбырмен шайып тастады.

-Сендер қалай ойлайсыңдар, бұлтты не үшін ешкім жақсы көрмейді?

-Жалаушаларыңыз қандай түсті болады?

Үлестірмелі материалдарға назар аудартады.

Жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді, көрсетеді.

Саусақ жаттығуы

Бас бармақтың үйіне

Келді бүгін қонақтар

Бес саусағым-бақытың

Сонда болар, бақ құтың

Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.

Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Педогогты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

-Түнеріп тұрады, жаңбыр жауғызады, себебі ол қайғылы.

-Қызыл, сары, көк...

Үлестірмелі материалдарды қарастырады, жұмыстың жасалу ретімен танысады...

Рефлексиялық-

түзетушілік

Педогог Ақтөс иттің атынан балаларға көмектері үшін алғысын айтады.

-Қараңдаршы, балалар. Ақтөс сендерге сый дайындапты, әуе шарларын әкеліпті.

Ақтөс балалармен қоштасады.

Қуаныштарын білдіреді, әуе шарларымен ойнайды.

Ақтөспен қоштасады.

Күтілетін нәтиже

жасайды: тіктөртбұрыштан, шаршыдан үшбұрыш қиып, түрлі-түсті жалаушалар жасайды.

түсінедi: мереке өтетін орынды безендіру, мерекенің көңілді өтуіне себеп болатынын.

қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.