- •«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:09.04.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Түлкі бикеш»
Мақсаты: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту; аппликацияда бірнеше бөліктерден бейнелерді суреттерге баулу; түстерді тану білімін тексеру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Жануарларды қорғауға үйрету.
Қажетті көрнекіліктер: жабайы аңдар және олардың төлдерінің суреттері, түлкі бейнесі салынған сурет, жұмсақ ойыншықтан жасалған түлкі, желім, сулық, үлестірмелі материалдар.
Алдын-ала орындалатын жұмыс: аңдар туралы әңгімілесу.
Сөздік жұмыс: орман тұрғындары.
Билингвальді компонент: түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-заяц, кірпі-еж.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Ойын жағдаят Педогог балаларды орманға серуенге шақырады. Ұшақпен ұшып баруға ұсыныс жасайды. -Балалар, мінекей біз ормандағы алаңқайдамыз. Мына жерлерде нелердің суреттері бейнеленген? -Қандай орман тұрғындарын білесіңдер? Сөздік жұмыс: орман тұрғындары. Билингвальді компонент: түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-заяц, кірпі-еж. «Енелері мен төлдері» ойыны Педогог жабайы аңдар бейнеленген карточкаларды көрсетеді, олардың төлдері қалай аталатынын сұрайды. Мысалы: қоян-көжек. Педогог жұмбақ жасырады: Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айқай шу. -Балалар, біз бүгін түлкінің аппликациясын жасаймыз.
|
.Бірінің артына бірі тұрып, қолдарын жайып, ұшақтың ұшуын бейнелеп көрсетеді. Суреттерге қарап, жауап береді. -Жабайы аңдар. -Қасқыр, аю, қоян, түлкі, кірпі. Қайталайды: орман тұрғындары. Қайталайды: түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-заяц, кірпі-еж. Балалар жабайы аңдардың төлдерін атайды: аю-қонжық, түлкі-жаутаң, қоян-көжек, қасқыр-бөлтірік. Жұмбақ шешеді. Шешуі: түлкі. Түлкінің аппликациясын жасауға ынта білдіреді. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Үлестірмелі материалдарға назараларын аударады, суреттерді көрсетеді. -Түлкінің денесі, түсі қандай? Педогог жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді. -Үлкен үшбұрышты шаршыдан қиып аламыз. Үлкен үшбұрыштан денесін жасаймыз, бұдан кішірек үшбұрышты алып, түлкінің басын жасаймыз. Енді құлақтарын желімдейміз. Түлкіміз қандай көңілді болып шықты. Сергіту сәті:
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді. Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
|
Үлестірмелі материалдарды қарап, сұрақтарға жауап береді.
Қызғылт сары түсті.
Әртүрлі пішінді үшбұрыштар. Жұмыстың жасалу ретімен танысады, педогогты тыңдайды. Оңға бұрылады, солға бұрылады, қолдарын артқа ұстайды. Қауіпсіздік техникасын айтады. Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық- Түзетушілік |
Педогог балаларды мадақтайды. -Түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? Мен сендерге ертегілерден үзінді оқимын, сендер қандай ертегі екенін еске түсіріп айтыңдар.
-Маған қонаққа кел, мен дәмді иамақ пісіріп қомын... 4. «Менің құлағым дұрыс естімеуші еді, әніңді менің мұрныма отырып қайталашы...» - Тамаша, қандай көп ертегі білесіңдер. - Ертегілерде түлкі қандай? Оны қалай айтады?
|
. Бірін-бірінің жұмыстарын қарайды, қуаныштарын білдіреді. Ойынға кіріседі. Ертегілердің атын айтады.
«Қасқыр мен түлкі»
«Қу түлкі»
«Түлкі мен тырна»
«Бауырсақ»
-Ертегілерде түлкі қу болады. Оны құ түлкі деп айтады. |
Күтілетін нәтиже
жасайды: қайшыны дұрыс ұстап, қияды; қағаз бетіне заттардың суретін дұрыс орналастырады; үшбұрыштардын түлкінің денесін құрастырады.
түсінедi: жабайы аңдар орманда мекендейтігін, түлкінің ертегілерде қу болатынын.
қолданады: жұмбақтарды шешеді, оқу іс-әрекеті барысында алынған даңдыларды.