Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аппликация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.71 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 26.03.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жапсыру

Тақырыбы: «Сәукелені әшекелейміз»

Мақсаты: қазақтыі ұлттық бас киім атауларын ажыратуды үйрету; ұлттық өнер түрлерімен таныстыру; сәукелені өрнектермен әшекелеуді үйрету; эстетикалық талғамды қалыптастыр; қазақтың һнеріне қызығушылықтарын тудыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:

Қажетті көрнекіліктер: «Суретті құрастырайық» карточкалары, қазақтың ұлттық киімдер мен бас киімдерінің суреттері. Айсұлу қуыршағы, түрлі түсті жапсырмалар., желім, сулық, үлестірмелі материалдар.

Сһздік жұмыс: сәукеле, тұмар.

Билингвальді компонент: әдемі-красивый.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Ғажайып сәт.

Топқа қазақтың ұлттық киімін киген Айсұлу келеді.

-Балалар, бізге қонаққа Айсұлу келді. Балалар «Үш ағайынды және Айсұлу» ертегісі естерінде ме?

Педогог қазақтың ұлттық киімін киген қыздарының суретін көрсетеді.

  • Сәукеле үйлену тойында қалыңдық киетін бас киім.

  • Қазақ қыздары өздеріне көйлек тігіп, сәукелесін әшекейлеген. Басты бөлігі желек, жеңіл матадан жасалған. Сәукеленің жоғарғы бөлігіне тіл-көзден сақтайды деген тұмар үкі таққан.

Сөздік жұмыс: сәукеле, тұмар.

  • Ал, біздің Айсұлуымыздың сәукелесі дайын емес. Әдемі аппликация жасап, көмектесейік.

Билингвальді компонент: әдемі-красивый.

Қызығушылық көрсетеді, қуыршақпен амандасады, киімдерін қарастырады. Педогогтың әңгімесін тыңдайды.

Суреттерді қарайды.

Қайталайды: сәукеле, тұмар.

Көмектесуге ынта білдіреді.

Қайталайды: әдемі-красивый.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

  • Балалар, Айсұлу «Суретті құрастырайық» ойынын әкеліпті. Педогог үстел үстіне ойын карточкаларды-кесілген суреттерді, қазақтың ұлттық киімдері салынған бейнелерді қояды.

Үлестірмелі материалдарға наар аударады, сәукеленің үлгісін қарастырады.

-Сәукеленің пішіні қандай?

-Қандай түстер қолданамыз?

-Өрнектер қалай орналасқан?

-Бас жағында не бар?

Педогог жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді.

-Дайын сәукелеге үлестірмелі материалдағы жапсырмаларды жапсырамыз.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,

Бір шынығып аламыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Тез шынығып аламыз.

Иіліп оңға бір,

Иіліп солға бір.

Денемізді дұрыстап,

Тұрамыз тік ұстап.

Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.

Жұмысқа кірісуді ұсынады.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар кесілген суреттердегі киімдерді қарайды, құрстырады, түрлерін айтады.

Үлестірмелі материалдарды қарастырып, сұрақтарға жауап береді.

-Үшбұрышты.

-Қызыл, сары түстер қолданамыз.

-Ортасында.

-Тұмар ретінде тағылған үкісі.

Педогогты тыңдайды, жұмыстың жасалу ретімен танысады.

Қимыл-қозғалыстар жасайды.

Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды, сәукелеге дайын жапсырмаларды жапсырады.

Рефлексиялық-

Түзетушілік

Педогог балалармен бірге көрме ұйымдастырады.

-Балалар, Айсұлу сендердің көмектерің үшін өте қуанышты. Рақмет айтып жатыр.

«Тақия тастамақ» ойынын ұйымдастырады.

Айсұлу балалармен қоштасады.

.Балалар өздерінің және достарының жетістіктеріне қуанады.

Ойынға кіріседі. Балалар Айсұлумен қоштасады.

Күтілетін нәтиже

жасайды: қайшымен жұмыс жасайды, геометриялық пішіндерден сәукеленің бейнесін жасайды.

түсінедi: қазақтың ұлттық бас киімі сәукеленің ұзатылатын қалыңдық киетінін.

қолданады: сәукелені әшекейлеу кезінде оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.