Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аппликация.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.71 Кб
Скачать

«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы

Күні: 26.09.2016ж.

Тәрбиеші: Алиева А.Т.

Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Аппликация

Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»

Мақсаты:қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту;балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету;техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру;төртбұрыш,шаршылармен үйдің қабырғасын,үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Керекті құралдар: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті,түрлі-түсті қағаздан жапсырмалар,қайшы,сулық,желім,үлестірмелі материалдар,қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары.

Билингвальді компонент:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу.

Жұмбақ

Ырылдайды,үреді,

Үй маңында жүреді.

Иесін ол біледі,

Бөтен біреу келсе егер,

Үріп белгі береді.

Суреттерді қызыға қарайды.

Жұмақты шешеді.

Жауабы:ит.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт

-Балалар,бізге ит және мысық қонаққа келді.Олармен танысайық.

Тәрбиеші жұмсақ ойыншықтар: ит және мысқыты көрсетеді.

Билингвальді компонент: ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик.

Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн-жосығымен,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстырады.

1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттісің.

2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.

3.Қолындағы қайшымен жүгіруге болмайды.

4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.

5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек.

Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Сергіту сәті.

Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады.

Қонақтармен амандасады,қуаныштарын білдіреді.

Қайталайды:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик.

Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды,жұмысқа кіріседі.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Қараңдаршы,балалар,қандай керемет үйлер бой көтерді!

Балалар,Дос және Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады.Сендермен қоштасып,қолдарын бұлғайды.

Балалар қуанышты көңіл-күймен ойыншықтарды құшақтап,итпен және мысықпен қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды,үйшік жасайды.

Түсінеді: ит және мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екендігін,олардың бір-бірінен айырмашылықтарын.

Қолданады: шаршы,тіктөртбұрыш,үшбұрышты қолданып үйшік жасайды.