Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қатынас-көркем әб +.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.22 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:05.03.2015жТәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Көктем өрнегі»

Мақсаты:а)Көктем мезгілі туралы балаларға түсінік беру;

ә)Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыра отырып,дүниетанымын кеңейту;

б)табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:көктем бейнеленген мазмұнды суреттер,хрестоматия.

Билингвальді компонент:көктем - весна

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Дала гүлге оранады,

түрлі түске боянады,

Нұрлы көктем келген кезде

Табиғат та оянады.

Шеңбер бойына тұрып,тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Өлең жылдың қай мезгіліне арналған?

Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ендеше, бүгін біз «Көктем өрнегі»өлеңімен танысып,жаттаймыз.

«Көктем өрнегі» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Қар еріді, су ақты

Күндер келді шуақты

Байтақ дала келбеті

Түкті кілем сияқты

Көкке бояп өңірді

Көктем келді көңілді

Бау бақшада орманда

Құстар әні төгілді

Жаңбыр жауып басылды

Күлімдейді көкте күн

Кемпірқосақ асылды

Өрнегіндей көктемнің

Сұрақ-жауап

-Көктем мезгілінде қандай табиғат құбылыстары болады?

-Көктемде ең алғаш қандай гүлдер шығады?

-Көктемде қандай жұмыстар атқарылады?

«Жыл ағашы» ойыны

Көктемге

Көктем мезгілі

Жаңбыр жауады,күн күркірейді.

Бәйшешек

Балалардың жауабы

Ойын ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

«Бұл қай кезде болады?»өлеңімен аяқтау.

Көктемде

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:жыл мезгілдерін ажырата білу.

Түсінеді: табиғатты сүйе білуді,қорғауды.

Қолданады: көктем мезгілі туралы түсініктерді,ай аттарын атауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:19.03.2015жТәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әшекей бұйымдар»

Мақсаты: а)Ұлттық зергерлік жайлы білім беру;

Ә)Қазақ халқының қолөнері туралы ұғымдарын кеңейту;

Б)Әшекей бұйымдарға деген қызығушылықтарын арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:әшекей бұйымдар салынған қобдиша

Билингвальді компонент: әшекей бұйымдар – украшение

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Көк аспанда күн күлсін,

бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда күн күлсін,

жерге ұдайы нұр құйсын.

Қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекеті ерекше өтейін деп тұр,себебі әжеміздің сиқырлы қобдишасы бүгін бізде қонақта.Ендеше ашайық ішінде не бар екен?

Музыка әуені ойналған қобдишаны ашқанда ішінен қазақтың ою-өрнегімен әшекейленген бұйымдарды алып балаларға таныстыру,әрбіреуінің атын айту.

-Бұл қазақтың әшекей бұйымдары олар күміс металдан жасалған.Әшекейлерді жасау өнер рі зергерлік өне деп аталады.Ал оларды дайындайтын шеберді зергер деп атайды.

-Олар қандай өрнектермен безендірілген?

Сергіту сәті

Сыңғыр – сыңғыр сырғалар

Құлағымда ырғалар

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Сауақтарда сақина

Санап қане көрсетші.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Сыңғырлайды сырғалар.

Сиқырлы қобдиша әуенмен ашылған кезде балалар қуанышпен қарсы алды.Балалар әжелерінің сақинасы,білезік сырғалары бар екенін айтып отырады.

Қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

-Бүгін қандай бұйымдармен таныстық?

-олар неден жасалады?

Мақал: шебер көп жерде өнер көп.

Білімдерін қорытындылау,бағалау.

Әшекей бұйымдармен

Металдан

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:қазақтың қолөнерін,әшекей бұйымдарды кімдер,неден жасайтынын.

Түсінеді: әшекей бұйымдарға нелер жататынын.

Қолданады: шашбаудың-шашқа,алқаның-мойынға,білезіктің-қолға,сырғаның-құлаққа,сақинаның-саусаққа тағылатынын.