Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қатынас-көркем әб +.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.22 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:05.02.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Екі әтеш» ертегісі

Мақсаты:а)Ертегіні тыңдай білу;

ә)Өз түсінігін жүйелі айта білуге баулу;

Б)Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру;

Қолданылатын көрнекі құралдар:саусақ театры,суреттер,хрестоматия

Билингвальді компонент:әтеш петух

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Ғажайып түс көрдім,

таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемнің

нұрына шомылдым.

Жұлдыз-айы көркем,

әдемі еді неткен.

Құстары сөйлейді,

бұлттары тербейді,

Мен оянып кеттім,әттең....

Үнтаспадан «Ертегілер»әнін тыңдата отырып,қимылдар жасату.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар,өлең ұнады ма?

-Өлең не туралы?

-Бүгін біз «Екі әтеш»ертегісімен танысамыз.

«Екі әтеш» ертегісін мәнерлеп оқу.

Сұрақ-жауап

-Ертегі қалай аталады?

-Әтеш қандай құсқа жатады?

-Екі әтеш нені қызғанады?

-Не үшін төбелесті?

Сергіту сәті

Қораз,қораз,қорқылдақ,

ерте тұрып қоңқылдап,

Алтын айдар басында,

ән салар үй қасында.

Ұнады.

Үй құсы

Екі әтеш

Үй құсы

Балалардың жауабы

Бойларын сергітіп алады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Оқу іс-әрекетін «Үй құстарын ата» ойынымен аяқтау.Ойын арқылы пысықтайды.

Балалар ойынды қызыға қабылдайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:ертегінің мазмұнын.

Түсінеді: жаксы қасиеттерді игереді.

Қолданады:әтештердің жағымсыз қылықтарын түсінеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:19.02.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Әтеш пен Тоты» ертегісі

Мақсаты:а)Ертегінің мазмұнын түсіндіру;

ә)Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып,тіл байлығын дамыту;

б)Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия,үнтаспа.

Билингвальді компонент:әтеш – петух, тоты - павлин

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар,күн нұрына қарай қол созып,алақанымызды жаяйық:

Қуан,шаттан,алақай,

қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Қайырлы күн,балалар!

Өлең жолдарында берілген қимылдарды жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

Жұмбақ жасыру:

Бұрап қойған сағаттай

айғайлайды таң атпай.

-Бүгінгі тақырыбымыз «Әтеш пен Тоты» ертегісі.

«Әтеш пен Тоты»ертегісі оқылады,ертегі мазмұнын ашады.Ертегіге байланысты сұрақтар қойылады.

Сұрақ-жауап

-Ертегіде тоты қайда бармақшы болды?

-Әтештен не сұрайды?

Сергіту сәті.

Алтын айдар басында

Қонды ағаш басына

Таң атты, таң атты!

Елдің бәрін оятты.

Әтеш

Қонаққа

Көйлегін

Қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

Е.Өтетілеуұлының «Қораз»өлеңін оқып,іс-әрекетті аяқтау.

Мен қоразбын,қоразбын,

жалқаулармен аразбын.

Таңды бұрын қарсы алып,

елді оятам жар салып.

Тақпақта жаттайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:ертегінің мазмұнын.

Түсінеді: өз сөзімен әңгімелей білуді.

Қолданады:құстарға қамқор болуды.