- •Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
- •«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:08.01.2015жТәрбиеші:
Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қолғап»
Мақсаты:а)Өлең мазмұнын түсіне отырып жаттауға үйрету;
Ә)Балалардың ой-өрісін кеңейту;
Б)Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.
Билингвальді компонент:қолғап - варушки
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
|
Балаларды шеңберге жинап, күн нұрының сәулесіндей бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
Жүрек жылуын айтады.Балалардың жүрегінен шыққан сөздер:ақылды, тәртіпті. |
Ұйымдастырушылық -ізденістік |
Жұмбақ жасыру: Ағайынды бесеуі, бірге киінеді,бірге шешінеді. Ол не? Кіріспе әңгіме -Ендеше бүгін біз ақын Ә.Дүйсенбиевтің «Қолғап» өлеңімен танысамыз. Жоғалыпты қолбағым Тыз-тыз етті қолдарым Сорып аяз тастады Естен кетпес тоңғаным Қолғаптық жіп шығарып Тоқыты әжем біз алып Мен отырмын ұяттан Тоңғандай боп қызарып. Сұрақ-жауап арқылы оқылған өлең-шумақтың мазмұнын әңгімелеу: -Өлеңнің авторы кім? -Қолғапты қай кезде киеміз? «Бөлшектен бүтін құрастыру»ойыны. Шарты:қиылған қолғап,малақай, т.б қысқы киімдердің суреттері беріледі,балалар құрастырады. |
Қолғап
Балалар өлең жолдарын тыңдайды.
Әнуарбек Дүйсенбиев Қыста Балалар ойынға ерекше қызығушылық танытады. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші бүгін не туралы әңгімелегендерін сұрап қорытындылайды.
|
Балалар сұраққа жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:өлең мазмұнын түсінеді.
Түсінеді: қолғап түрлерін ажыратуды.
Қолданады:қолғап қолымызға жылулық беретінін,адамдарға пайдасы барын.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:22.01.2015жТәрбиеші:
Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:а)Үй жануарлары туралы түсінік беру;
Ә)Олардың ерекшеліктерін,адам өміріне пайдасын,төрт түлік малға не жататынын,олардың қимылын келтіруді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия,төрт түлік мал суреттері,буклеттер.
Билингвальді компонент:үй жануарлар – домашние животные
-
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
«Қошақан» әніне музыка әуенмен жасалады.
Шеңбер бойына тұрып орындайды.
Ұйымдастырушылық
-ізденістік
-Балалар үй жануарларын атап бере аласыңдар ма?
-Төрт түлік малға не жатады?
-Малдың төлдерін қалай атайды?
Ақын-жазушылардың төрт түлік малға арналған шығармаларымен таныстыру.
Төрт түлік малдың адам өміріне пайдасын толықайтып кету.Олардың етін жейміз,сүтін ішеміз, құрт, майын ірімшігін жейміз.Сондықтан малды қадірлеу керек.
Сергіту сәті
(Үй жануарларының қимылын жасату)
Лақша секіріп,
Қозыдай маңырап,
құлындай ойнақтап,
Сиырша асықпай,
Ботадай маң-маң басып жүріп,
Іс қимыл жасау
Балалар ауылға,зообаққа барғанда көргендерін айтады.
Қозы-лақтармен ойнаймыз. Атқа отырамыз,әжеміз бізге сүтін,құртын,майын,қымызын ішкізеді.
Қимылдарын жасап,шеңбер бойымен жүреді.
Рефлексиялық-түзетушілік
Қорытындылау.
-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетін ойын арқылы аяқтаймыз.
Ойын шарты:төлдердің дыбысын салу.
Қой маңырайды,сиыр мөңірейді,жылқы кісінейді, ешкі маңырайды,түйе боздайды.Балаларды мадақтау.
Балалар ойынды қызыға қабылдайды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:үй жануарларының пайдасын,төрт түлік малдың қалай аталуын біледі.
Түсінеді: төрт түлік малды күтіп баптауды үйренеді.
Қолданады: неқалай дыбыстайды,олардың қимылдарын көрсете білуді.