Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қатынас-көркем әб +.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.22 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:04.12.2014жТәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»

Мақсаты:а)Жылдың төрт мезгіліндегі құбылысты салыстыру және айыра білу;

Ә)Қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;

Б)Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия,жыл мезгілінің суреттері,үнтаспа,өлеңнің тірек сызбасы.

Билингвальді компонент: жыл мезгілдері времена года

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Амансың ба,алтын Күн!

Амансың ба,Жер-Ана!

Амансың ба,достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Жылдың неше мезгілі бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атаңдар?

«Бұл қай кезде болады?»өлеңін оқу.

Сұрақ-жауап

-Өлең жолдарында не туралы айтылған?

-Сендерге қай мезгіл ұнайды?

-Несімен ұнайды?

Сергіту сәті

Жаңбыр,жаңбыр жауасың,

жанымызға дауасың.

Біз ойнайтын ауланың

тазартасың ауасын.

Жыл мезгілдерінде, құбылыстарына байланысты жұмбақтар жасыру.

Аспаннан домалап

көп моншақ төгілді.

Бусанды бар алап,

Терілді, керілді.

Төрт мезгілі

Күз

Қыркүйек, қазан, қараша.

Балалардың жауабы

Қимыл қозғалыстар жасайды.

Жаңбыр

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог жүргізілген оқу іс-әрекеттеріне қорытынды жасайды.

«Жер,су,ауа» ойынын ойнату арқылы аяқтау.

Ойын ойнауда қызығушылық танытады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығын ажырата біледі.

Түсінеді: тірек-сызба арқылы жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін.

Қолданады:табиғатты аялауды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:18.12.2014жТәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің сүйікті қалам,ауылым,және ел ордасы Астанам»

Мақсаты:а)Балаларға қала,ауыл және ел ордасы Астана туралы түсінік беру;

Ә)Балалардың ой-өрісін дамыту;

Б)Елін,жерін,туған қаласын сүюге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:ауыл,қала туралы мазмұнды суреттер,хрестоматия

Билингвальді компонент: кала – город

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Отаным менің кең байтақ,

жайнаган сансыз қаласы.

Жайқалған жомарт даласы

Ел-Отан біздің кең байтақ

Отанның біздер баласы.

Шеңбер бойына тұрып қайталайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

Кіріспе әңгіме

-Балалар,айтылған өлең шумағы не туралы?

-Ендеше,бүгін ауылымыз,қаламыз және ел ордасы Астана туралы әңгімелесеміз.

-балалар, біз қайда мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстанның ел ордасы қай қала?

Астана көрінісінің әсем көрінісі бейнеленген суреттер бойынша әңгімелеу.Т.Молдағалиевтің «Астана» өлеңін оқу.

Астана – арман қала,

Бағы бір жанған қала

Тұрады ол жап-жасыл боп

Мен үлкен болғандада.

Төкті оған нұрын дала

Астана сұлу қала

Біз оны анамыздай

Сүйеміз шынында да.

Сұрақ-жауап

-Өлең шумағында не туралы айтылған?

Сергіту сәті

«Ауылға саяхат»ойыны

Отан туралы

Қазақстан

Астана

Балалар өлең шумақтарын тыңдайды.

Балалардың жауабы.

Өлең мазмұныны сай қимылдар жасайды.

Ойынға белсене қатысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау

-Енді бәріміз шеңберге тұрып,атамыз бен әжемізге жақсы тілегімізді айтып,оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

Әр бала өзінің тілектерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:ауыл мен қаланың айырмашылығын ажырата білуі тиіс.

Түсінеді: суреттер бойынша еліміздің көрікті жерлерін біледі.

Қолданады::туған елін,жерін сүйе білуді.