Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қатынас-көркем әб +.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.22 Кб
Скачать

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Күзде»

Мақсаты:А)Күз мезгілі туралы түсінік беру;

Ә)Өлеңді тыңдап,өз түсінігін жүйелі айтып беруге баулу;

Б)Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Суреттер, хрестоматия, «Көркем әдебиет» әдістемелік кітап

Билингвальді компонент: күз - осень

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Күлімде күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін

Кешегідей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін

Балалар шеңбер бойына

тұрып,өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

«Алтын күз» туралы әңгіме жүргізу.Күзді неліктен алтынға теңейтіндігі айтылады.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ендеше балалар,бүгін біз І.Байжұманованың «Күзде»өлеңімен танысып жаттаймыз.Өлеңді 2-3 рет оқып беру.

Күзде

Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

Сұрақ-жауап

-Өлеңде не туралы айтылған?

Сергіту сәті.

Жаңбыр жаңбыр жауасың.

Жанымызға дауасың,

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.

Күз

Өлеңді қайталап жаттайды.

Күз мезгілі

Қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау

-Жемістің барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді.Бізоларды күтіп баптасақ,жемістер бізге мәуесін береді.

«Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мәтелосыдан шыққан.

Жемістің барлығы үлкен еңбектің арқасында келетінін түсінеді

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:өлеңді жатқа айтуға үйренеді.

Түсінеді:күз мезгілінің ерекшеліктерін.

Қолданады:табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға.

«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы

Күні: 30.09.2016ж.

Тәрбиеші: Алиева А.Т.

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ойдан шыққан әңгіме»

Мақсаты: а)Қиялдап,ойдан әңгіме құрауға үйрету;

ә )Тілдерін дамыту; б)Өз ойларын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер, «Көркем әдебиет» әдістемелік кітап

Билингвальді компонент:ой-мысль, әңгіме - рассказ

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Арайлап таң атты алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар,қайырлы таң,апайлар!

Сәлем саған,алтын Күн!

Балалар біргеайтып,жаттығулар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар бүгінгі оұу іс-әрекеті өте ерекше және қызықты түрде өтеді.Себебі,бүгінгі тақырып- «Ойдан шыққан әңгіме».

Әңгіме желісін өрбіту.

-Балалар,ойдан құрастыруды қалай түсінесіңдер?Мысалы, бүгін әрбір бала өз ойын,қиялдап отырғаны жайлы әңгіме құрайды.Ілінген тақта суреттеріне қарап құрауға да болады.Әрбәр баланың ойдан шыққан әңгімесін сұрақ-жауап арқылы сұрап білу.Ойдан бір ертегіні құрастыру. Балалардың ойын, тілін дамыту.

Сергіту сәті

Гүлдер,гүлдер,шоқ гүлдер,

қызыл,жасыл көп гүлдер.

Тұра берші жайқалып,

тұра берші нұрланып.

Балалар ойлау қабілеттерімен жұмыс жасайды.

Қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

Ойларын тиянақты айтқан балаларды мадақтау,

еңбектерін бағалау.