Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қатынас-көркем әб +.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.22 Кб
Скачать

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Кел,балалар,оқылық!»

Мақсаты:а)Өлеңді жатқа үйрету;ә)Қазақтан шыққан тұңғыш педагог Ы.Алтынсарин өмірі және шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру;б)Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Хрестоматия,Ы.Алтынсариннің портреті,суреттер.«Көркем әдебиет» әдістемелік кітап.

Билингвальді компонент: Учиться –оқу: Білім - знания

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл-қыздар

Тату тәтті ойнаймыз.

Өлең шумақтарына қосылып қимыл-қозғалысын жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсариннің «Кел,балалар,оқылық!»өлеңімен танысамыз.

-Суреттен кімді көріп тұрсыңдар?

Өлең шумақтарын алдымен балаларға мәнерлеп оқып беру, мазмұнын ашу.

Кел,балалар,оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенін алдынан

Іздемей-ақ табылар,

Кел, балалар оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

Сұрақ –жауап арқылы өлеңнің мазмұнын сұрап білу.

  • Өлеңде не жайында айтылған?

Сергіту сәті.

Күндей болып күлеміз

Гүлдей болып өсеміз

Құстай болып ұшамыз

Көбелектей қонамыз.

Тәрбиешінің көмегімен жауап береді.

Балалар өлең жолдарын мұқият тыңдайды.

Тәрбиешімен бірге қайталап жаттайды.

Балалардың түсінігі, ойлары.

Оқу білім алуға шақырады.

Қимыл жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

1.Өлеңді жаттау.

2.Өнер-білім туралы мақал-мәтелдер айту.

Оқу-инемен құдық қазғандай.

Оқу-білім бұлағы,білім-өмір шырағы.

Тәрбиешімен бірге өлең жалдарын жаттап,мақал-мәтелдерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды:өлеңді мәнерлеп жатқа айта біледі.

Түсінеді: ақынның шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастырады.

Қолданады:Сұрақ-жауап арқылы білімге деген қызығушылығын арттыруды.

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ойыншықтарым»

Мақсаты:а)Өлең мәтінін түсініп,жатқа айтуға үйрету;

ә)Ойыншықтардың түрлерін ажырата білуге баулу;

б)Ой-өрісін дамытып,ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия,ойыншықтар, «Көркем әдебиет» әдістемелік кітап.

Билингвальді компонент:игрушки - ойыншықтар

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Кел,балалар,күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі өмір ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Қимыл арқылы жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

Оқу іс-әрекеті жұмбақ жасыруданбасталады. * Шіркіннің өзіне обал-ақ,

Жүреді аяқта домалап.

  • Балалар доп қуыршақты бір сөзбен не дейміз?

  • Ендеше ақынның Н. Әлімқұловтың «Ойыншықтар» өлеңін танысып жаттаймыз.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Ойыншықтар

Сергіту сәті

Биік болып өсеміз

Жапырақтай жайқалып

Шетімізден шеберміз

Біз тынығып аламыз

Әсем сурет саламыз.

Сұрақ-жауап

-Балалар,өлең сендерге ұнады ма?

-Өлеңде не туралы айтылған?

-Ойыншықтар неден жасалады?

Жұмбақтың шешуін табады.

Доп.

Ойыншықтар.

Өлең жолдарын мұқият зейін қойып тыңдайды.

Жаттығу жасайды.

Ұнады.

Ойыншықтар

Әр түрлі заттардан

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

Сюжетті-желілі ойын:

«Ойыншықтар әлеміне саяхат» жасау.

Мақтау,мадақтау,жұлдызшалар беру.

Балалар қызықтап ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

жасайды:өлеңнің мазмұнын түсініп,жатқа айта біледі.

түсінеді:ойыншықтар туралы тақпақ,жұмбақ,суретке қарап әңгіме құрауды.

қолданады:ойыншықтардың түрлерін ажыратуды.