Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу-экология+.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.06 Кб
Скачать

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Күз. Күзгі ағаштар. Мақсаты: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру. Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету. Олардың жапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтармен салыстыру. Ағаштардың экологияға оңды әсерін түсіндіру. Керекті құралдар: жұмыс дәптері.

Әдіс –тәсілдер: сөздік,көрнекілік,практикалық. Билингвальді компонент: күз-осень, ағаштар-деревья, үйеңкі-клен

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Сендер табиғаттан қандай өзгерісті байқадыңдар?

Педагог балаларға күз маусымының өзгерістері туралы қосымша ақпарат береді.

-Күз мезгілі?

-Ауа –райы суытады, жаңбыр жауады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар қараңдаршы өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма,ол қандай ағаш? Қайың ағашы туралы қосымша сұрақ қойылады.

Ағаштың түрлері көп.Мына екі ағашқа назар аударыңдаршы.Екі ағаш бір-біріне ұқсай ма, әлде өзгешеліктері бар ма?

Мынау үйіңкі ағашы, Үйіңкінің жапырақтары пішіні жағынан әртүрлі, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді.Маусымға байланысты жапырақтарының түсі өзгереді. Қазір үйіңкі ағашының жапырағының түсі қандай болып тұр?

Енді, балалар мына ағашқа қараңдар, бұл ағаш қалай аталады?

Бұл- емен ағашы

-Қане, емен ағашын құшақтап көріңдерші, қандай екен?

Енді үйіңкі ағашын құшақтап көріңдер, ол қандай, жуан ба әлде жіңішке ме?

Енді жоғарыға қарап,екі ағаштың биіктігін салыстырайық.Қайсысы биік, қайсысы аласа?

Сурет арқылы ағаштардың түрлерімен, жапырақтарды түрлерімен таныстырады. Пайдасы жайында әңгімелейді.«Жапырағынан таны» ойыны. Ойын шарты бойынша әртүрлі ағаштардың жапырақтарын жинайды, жинаған жапырақтарыны ішінен үйеңкі және емен жапырақтарын тауып, сипаттап береді.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

Тәрбиеші дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

Бірдей емес өзгешеліктері бар

-сары,қызғылт түс

Балалар білетін ағаш болса,жауап береді.Білмесе тәрбиеші өзі толықтырады.

-Жуан

-Емен ағашына қарағанда жіңішкерек.

-Емен ағашы биік, үйіңкі ағашы аласа

Ағаш түрлері және олардың жапырақтарымен танысады. Ойынды қызыға ойнайды. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар орындайды. Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже: жасайды:күзгі табиғаттағы бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атауды, емен және үйеңкі ағашын танып, атауды.

түсінеді:күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді. қолданады.:емен ағашының емдік пайдасы мен құрылыста пайдалануды, ағаштан бұйым жасайтындығын, өсімдіктері күтуді, қамқорлықпен қарауды.

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Үй жануарлары жылқы және есек. Мақсаты: екінші кіші топта меңгерген үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру. Жылқы мен есектің ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар: үй жануарларының суреттері.

Әдіс –тәсілдер: сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық Билингвальді компонент: үй жануарлары-домашние животные, жылқы- лошат, есек-осел

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын.

«Дұрыс тап» ойыны

Балаларды үш топқа бөліп,жүннен тоқылған киімдер,сүт тағамдары мен еттен жасалған тағамдардың суреттерін араластырып,үстелдің үстіне шашыратын қояды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады.

Ойын ережесі бойынша іріктеп, қолданылуын, пайдасын, айтып береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар біз бүгін үй жануарлары туралы көп ақпарат алдық. Енді ата мен әженің ауылына саяхатқа барамыз. Балаларды керекті құрал-жабдықтары алдын ала дайындалып жасалған «Әлеуметтік» « Таным» орталығына бөледі.

Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

«Жұмбақтар мен оның шешуі» ойыны.

Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. Ол қай жануар?

«Сыңарын тап» ойыны. Жануар бейнеленген суреттің сыңарын табу тапсырылады. Педагог балаларды екі ортылыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға «өрістегі малдар» тақырыбында тасырма беріледі. Екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген жануарларды құрастыру тапсырылады

Ауыл кейпінде жасалған

«Әлеуметтік» « Таным» орталығына келеді. Ата, әжемен амандасып болғаннан кейін қыз балалар «Әлеуметтік» орталығында әжеге құрт жасап көресетеді.

Ал ұл балалар «Таным» орталығында үй жануарларына арнап қора құрастырады

Балалар жұмбақтардың шешуін табуға тырысады.

Түйе ешкі, сиыр. Ойынды қызыға ойнайды.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді. түсінеді: жылқы мен есекті танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы. қолданады: жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта Бөлімі: Экология

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері жүз жылдық (алоэ) және аспидистра.

Мақсаты: алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруге үйрету. Өсімдіктің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің күтіп-баптай білуге баулу.

Көрнекіліктер: ыдысқа отырғызылған алоэ және аспидистра өсімдігі, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері,гүлдеріді күтіп баптауға арналған құралдар

Әдіс –тәсілдер: сөздік,көрнекілік,практикалық

Билингвальді компонент: өсімдік- растение, ауа-воздух, жарық- светло, ылғал- влага.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме қуаныштымын.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өздері білетін өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер шешуін табыңдар

Қысы-жазы жасыл боп,

Терезе алдында тұрады,

Шаңды өзіне жұтып ап

Ауаны да тазартады.

Ол не балалар?

Қонаққа қолында екі түрлі бөлме өсімдігін ұстаған гүл патшайымы келеді.

-Балалар,мына гүлдің аты-алоэ, ал мына гүл-аспидистра. Қане қайталаймыз

-Алоэ өсімдігі бізге Африкадан және Мадагаскар аралынан келген екен.Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас өсімдіктер көп кездеседі. Алоэ өсімдіктерінің жапырақтары сүйір,шырынды, қатты, қалын қабықты,шеттері өткір тікенді болып келеді.Әрбір суарудан соң топырағының кебуі керек. Қыста салқын жерде тұратын болса ,көп суарудың қажеті жоқ.

-Аспидистра өсімдігі туралы кім не біледі? Жаңа өздерің бақылау жасадыңдар.

-Жарайсыңдар балалар, бақылауды жақсы жасапсыңдар.Дегенмен біз аспидистра өсімдігі туралы толық білмейтін сияқтымыз.Сондықтан гүл патшайымын шақырайық. Осы кезде үнтаспадан дауыс естіліп, аспидистра туралы мағлұмат беріледі: «Үй жағдайында жиі өсірілетін аспидистраның жапырағы ұзын, түсі қою жасыл,қабығы жылтыр болады. Жапырағының ұзындығына бола ,оны «Биік аспидистра» д.а. Жарықты жақсы көреді.Көктемнен күзге дейін топырағын құрғатпай, жиі суару керек.Қыста суару азайтылады.»

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс

-Гүл

Балалар білетін гүлдердің аттарын атап береді.

-Алоэ,аспидистра

Жұмбақтың жауабын табуға тырысады. Қонақпен амандасып, білетін гүлдің атын атайды. Алоэ, аспидистра. Балалар гүлдерді ұстап, олардың жапырағы мен сабағына т.б. бөліктеріне мән беріп қарайды.

-Аспидистра өсімдігінің жапырағы ұзын.Өздері топтасып өседі.Жапыраға жасыл.Алоэның жапырағына қарағанда жұқа. Оның да тамыры бар.Ол топырақтың астында жасырынып жатыр.

Балалар қарсы еместіктерін білдіріп , қолдарын үш рет шапалақтап: «Гүлдер патшайымы бізге аспидистра өсімдігі туралы айтып беріңіз»,- дейді.

Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып,қимылдар жасайды

Дәптерде берілген тапсырмаларды ойнайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруді; өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.

түсінеді:алоэ, аспидистра өсімдіктерінің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігін.

қолданады: бөлме өсімдіктерін күтіп-баптауды, оларға қамқорлықпен, құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнатуды.

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: Тиін

Мақсаты: Тиіннің қоректенуі, тіршілігі туралы түсіндіру. Жануарлар әлеміне танымдық қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту.

Көрнекіліктер: тиіннің суреттері, тиіннің тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Билингвальді компонент: Тиін - белка

Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттың шеңбері:

Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне жинайды.

Бір – біріне алақан арқылы жылу беріп, бір – біріне жылы сөздер айтады.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар хайуанаттар бағына кім барды?

Ол жерден қандай аңдар көргендеріңді еске түсіріңдерші?

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін табыңдар. Шешуін дұрыс тапқан бала сол аңның суретін тақтаға іледі.

1. Өзі бір қу

Жүрген жері айқай мен шу. Ол қай аң?

2. қорбаң, қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді. Бұл не?

3. Сұр түсті

Ақсиған көп түсті.

4. Секең, секең етеді

Орман оның мекені

-Жарайсыңдар, балалар, енді осы аңдар туралы кім айтып береді?

-Ал тиінді көргендерің бар ма? Сендердің көпшілігің тиінді байқамай қалуларың да мүмкін, себебі: ол кішкентай әрі көбінесе ағаштардың басында жүреді. Біз бүгін тиін жайлы әңгімелесеміз.

Міне, мынау-тиін (суретін көрсетеді).

-Дұрыс айтасыңдар, демек, тиін қарағайлы ормандарды мекендейді екен. Тиін туралы білгілерің келсе, алдарыңда тұрған суретке назар аударыңдар.

-Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы қандай?

Енді мен сендердің айтқандарына кішкене толықтырулар енгізейін. Ол үшін біз қазір тиін туралы түсірілген бейнетаспаны қараймыз. (Бейнетаспадан балалар тиіннің тіршілігі туралы толық ақпарат алады.) Тиіннің түсі ақшыл сұр не жирен, үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын, құлағында шашағы болады. Аяқтарында ұзын тырнақтары бар, қалай ойлайсыңдар тырнақтары қандай қызмет атқарады?

-Ал мықты тістері мен әдемі әрі ұзын құйрығы қандай қызмет атқарады?

Дұрыс айтасыңдар, олар құйрықтарын ағаштан-ағашқа секіру кезінде тепе-теңдікті сақтау үшін және аязды күні суықтан қорғану үшін қолданады. Олар қатты суық болған кезде домаланып жатып, құйрықтарын жамылғы ретінде пайдаланып ұйықтайды. Қыстыгүні тиіндердің жүндері үлпілдек, жұмсақ, қалың, ұзын, ал жазға қарай керісінше жұқа, сирек, қысқа әрі қатайған болып келеді. Тиіндер жылына екі рет күзде және көктемде түлейді. Ұясын ағаш басына, кейде кеуесіне не жартас жарығына салады.

-Тиіндер қысқа қандай дайындық жасайды?

Жаз, күз мезгілінде тиіндер тоқ жүрсе де, қыс маусымына дайындық жасайды екен. Олар қыс маусымына қалай дайындалады?

-Олар қай жерге жинайды?

-Дұрыс айтасыңдар, ағаштардың қуыстары мен ойық жерлеріне тасып қор жинайды. Уақыт өте келе олар жемін қай жерге көмгендерін ұмытып қалады. Қыс түскенде олар жинағын қорларының кейбіреуін ғана кездейсоқ тауып алады. Тиіндердің бұндай аңқаулығын басқа жануарлар мен құстар жақсы пайдаланады.

Миға шабуыл:

-Балалар, тиіндердің де табиғаттың көркеюіне, өсіп-өнуіне көмегі тиеді екен. Олар да адамдар сияқты өсімдіктерді отырғызады. Кәне, ойланайықшы, олар өсімдіктерді қалай отырғызуы мүмкін?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді.

Балалар хайуанаттар әлемінен аю, қоян, түлкі, қасқыр, піл, арыстан, маймыл, т.б аңдарды көргендерін айтады.

-Түлкі (түлкінің суретін іледі.)

-Аю (аюдың суретін іледі.)

-Қасқыр (қасқырдың суретін іледі.)

-Қоян (қоянның суретін іледі.)

Балалар суретке қарап, аңдар туралы білетіндерін әңгімелейді.

-Бар.

-Тиіннің түсі қызғылт, үстінде жүні бар, құйрығы ұзын, құлағында шашы бар, әдемі көздері жылтырап тұрады.

-Ағаштың діндерін ойып, қуыс етіп жасайды.

-Шырша, балқарағай жаңғақтарымен қоректенеді. Олар ағашқа өрмелеп шығуы және қорегін ұстап тұруы үшін ыңғайлы.

-Тиіндер тісімен қатты жаңғақтарды шағып әрі кеміріп жей алады. Ал құйрығы ағаштан – ағашқа секіру үшін керек.

-Қыста жеу үшін жаңғақтар мен саңырауқұлақтар жинайды.

-Ағаштардың жемістері мен жаңғақтарын, бүрлерін, саңырауқұлақтарды жинайды. Ағаштардың түбін қазып көміп тастайды.

-Тиіндер жерге көмген жаңғақтары мен дәндердің орнын ұмытып қалады. Сол көмілген жаңғақтардан көктемде өсімдіктер өсіп шығады.

Сергіту жаттығуын жасайды.

Дәптермен берілген тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: Тиіннің жабайы аң екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасын, олардың көбінесе орманда тіршілік ететіндігін, қыс маусымына қалай дайындалатыны туралы.

түсінеді: Тиінді танып байқап, сипаттап береді; тіршілігін, мекенін, құйрығы мен тырнақтарының қызметін, олардың табиғаттың көркеуіне, өсіп-өнуіне көмегі тиетіндігін.

қолданады: тиіндердің табиғаттағы орны, тіршілігі, қозғалысы, қорегі, адамға пайдасы, тиіндердің түстерінің тіршілік етіп жүрген ортасына қарай өзгеріп тұратындығы туралы және бейімделуі туралы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]