Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу орта коркем әдеб+.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.27 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:18.03.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Наурыз-думан»

Мақсаты: а) Қазақ даласына жыл басы Наурыз мерекесінің келгенін айту;

ә)Наурыз-жыл басы, көктемнің алғашқы мерекесі. Малдар төлдеп, ағаштар бүршік атып, тіршіліктің оянған кезі екенін түсіндіріп, ой-өрісін кеңейту; б)Ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Наурыз мерекесінің суреттері, альбомдар, буклет.

Билингвальді компонент: наурыз –

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Көктем келді, құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп.

Біздің жаққа құс келді,

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

Педагогпен бірге қайталап айтып,қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар,Наурыз мейрамын қалай түсінесіңдер?

-Наурыз айы сендерге ұнай ма?

-Наурызды біз қалай атаймыз?

-Ендеше балалар, мына өлең шумағына назараурып көрейікші. «Наурыз тойы» өлеңін мәнерлеп оқу.

Наурыз тойы

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кеңелді

Соны тойлар ел енді

Наурыз тойы – салтымыз

Көгерсін деп халқымыз

Көшеге тал егеді.

Сұрақ-жауап

-Өлең шумағы нені білдіреді?

-Өлең жолдары ұнады ма?

-Наурыз думан мерекесін бүкіл халық тойлайды.Қазақ даласына жаңа жыл,ұлыстың ұлы күнікүн мен түннің теңелетін кезі келді.

Сергіту сәті

Бүгінгі ел ішінде

Дәстүрді жалғастырған,

Ей,менің асқар тауым,

Қазақы дастарханым.

Ұлттық киім киеміз, дастарқан жайылады.

Ұнайды

Жыл басы

Балалар бірге қайталайды.

Балалар ұйып тыңдайды.

Балалардың жауабы.

Қимылды жаттығулар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

Балалардың барлық жасаған іс-әрекеттерін сипаттап мақтайды. Балаларға не ұнағанын сұрайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: Наурыз-жыл басы екенін біледі.

Түсінеді:ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуді.

Қолданады: наурызкөже жеті тағамнан жасалатынын,олардың аттарын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:01.04.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Алдаркөсе мен бай» ертегісі

Мақсаты:а)Көркем шығарманың мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету;

ә)Халық ауыз әдебиетінің туындыларын тыңдауға деген қызығушылығын арттыру;

б) Шығарманың тәрбиелік мазмұнын түсіндіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия,ертегі мазмұнына сай суреттер,доп.

Билингвальды компонент:

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Бақшамызға барамыз,

Досымызды табамыз

Сәлемет пе,міне мен

Доспын енді сенімен.

Қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар,сендер ертегітыңдағанды ұнатасыңдар ма?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?

-Ендеше балалар, «Алдар көсе мен бай »ертегісімен танысамыз.

«Алдар көсе мен бай»ертегісі оқылады.

Сұрақ-жауап арқылы ертегінің мазмұнын сұрау:

-Алдар көсе деген кім?

-Алдар көсенің шапаны қандай еді?

-Алдар көсе неге тоңды?

-Алдар көсенің алдынан кім шықты?

-Бай Алдар көсеге не деді?

-Бай мен Алдар көсе не туралы армандады?

-Ертегі қандай сөздермен аяқталды?

Сергіту сәті.

Біздер тату балдармыз

Гүл-гүлжайнап жанамыз

Жаттығулар жасайық

Жақсы сергіп қаламыз

Орнымыздан тұрамыз

Қолды белге қоямыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Бір, екі, үш

Жоғары қолды созамыз

Балалардың жауабы.

Зейін қойып тыңдайды.

Қу,байды алдайды.

Жыртық.

Шапаны ескі еді

Бай

Балалардың жауабы

Қимылды жаттығулар жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

«Кім жылдам» ойыны арқылы оқу іс-әрекетін аяқтау.

Балаларды мадақтау,бағалау,мақтау.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: шығарманың мазмұнын

Түсінеді:жаман мен жақсы қасиеттерді ажырата біледі.

Қолданады:шығарманың тәрбиелік маңызын.