Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу орта коркем әдеб+.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.27 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:18.02.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Айна» халық ертегісі

Мақсаты: а)Ертегінің мазмұнын түсіндіру; ә) Сөйлеуге,әңгімелей білуге үйрету; б) Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:ертегі суреттері,саусақ театрының кейіпкерлері.

Билингвальді компонент: а йна - зеркало

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әр екеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Домбырам күмбірлеп,

күй шерте аламын.

Бұрала би билеп,

сурет те саламын.

Әуен ырғағымен қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Айна» ертегісімен танысамыз.Мұқият зер салып тыңдаңдар.

«Айна»ертегісі оқылады.

Сұрақ-жауап

-Ертегі не жайлы?

-Ертегі кейіпкерлерін естеріңе түсіре аласыңдар ма?

Ертегі кейіпкерлердің айырмашылығы неде?

Сергіту сәті

Кірпідей жиырылып,

Қояндай секіріп,

Керіктей керіліп,

Бой түзеп аламыз.

Балалар ертегіні тыңдайды.

Айна жайлы

Қоян,кірпі,керік.

Балалардың жауабы.

Қимылдарын балалар көрсетеді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың белсенділік танытқанына ризашылық білдіріп,мақтап,мадақтау.Белсенді балаларды атап өту.

Берілген жұмыс дәптеріндегі тапсырманы аяқтау

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ертегінің мазмұнын

Түсінеді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауды

Қолданады: ертегінің мазмұнын айта білуді

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:04.03.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Менің әжем»

Мақсаты:а)Өлеңнің мазмұнын түсініп,оны жаттай білуге үйрету;ә)Есте сақтау,ойлау қабілеттерін жетілдіру;б)Кішіпейілділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:суреттер,үнтаспа,аудио-диск,хрестоматия

Билингвальді компонент: әже – бабушка

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Үнтаспаға қосылып «Әже» әнін орындау:

Әже

Сағындым, әже, өзіңді,

Мейірімді, көзіңді.

Ертегіңді сағындым

«Құлыным» деген сөзіңді

Әнге қосылады

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар,өлең кім туралы?

- Сендердің әжерелерің бар ма?

-Ендеше бүгін ақын Қадыр Мырза Әлидің «Менің әжем» өлеңімен танысып,ол өлеңді жаттаймыз.

Өлең оқып беру.

Менің әжем,ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десең

Айтып берер тағы әжем.

Сұрақ-жауап(суретпен жұмыс)

-Суретте кімді көріп тұрсыңдар?

-Әже үстіне қандай киім киген?

-Әже не істеп отыр?

Сергіту сәті

Күндей болып күлеміз,

Гүлдей болып өсеміз.

Құстай болып ұшамыз,

Көбелектей қонамыз.

Әже туралы

Бар

Тыңдап,мазмұнын түсінеді және педагогтің көмегімен жаттайды.

Әжені

Кимешек

Сырмақ сырып,көрпе құрап отыр

Қимылдар жасайды

Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларға тәлім-тәрбие туралы мақал-мәтелдер айтып аяқтау.

1.Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені.

2.Сыйласаң,сыйлы боларсың.

Қайталайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: өлеңнің мазмұнын түсініп,жаттай біледі.

Түсінеді: өлең жаттауды.

Қолданады:жақсы қасиеттерді.