Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
әлеу орта коркем әдеб+.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.27 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:21.01.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Қасқыр мен ит» ертегісі

Мақсаты: а)Балаларға ертегіні тыңдата отырып, мазмұнын түсіндіру; ә) Әңгімедегі жағымсыз кейіпкердің бейнесін саусақ театры арқылы көрсете отырып, қасқыр-жағымсыз, ит-жеті қазынаның бірі екенін айтып түсіндіріп, дүниетанымын кеңейту; б)Көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: саусақ театры, суреттер, хрестоматия.

Билингвальді компонент:қасқыр-волк, ит-собака

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Мен көкжал қасқырмын,

малшыны салыстырдым.

Аш болсам ұлимын,

ауылды торимын.

Аңшыдан қорқамын,

сайларда жортамын.

Іс-қимыл арқылы бойларын сергітеді.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар, қандай жабайы аңдарды білесіңдер?

-Қасқыр қайда жүреді?

-Үйді күзететін қандай жануар?

-Ит-жеті қазынаның бірі.

Адамның досы,қорғаушысы.

-Ендеше,бүгінгі оқу іс-әрекетінде «Қасқыр мен ит» ертегісімен танысамыз.

Сұрақ-жауап арқылы талқылау.

-Жағымды,жағымсыз кейіпкерлерді ата.

Қасқыр, аю, түлкі, жолбарыс

Орманда

Ит

Ертегіні тыңдайды.

Қасқыр-жағымсыз,Ит- досымыз.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

«Қасқыр мен қойшы» ойыны

Ойын барысы: қойшы қойларын жайып,өріске шығады.Жайылып жүрген қойларға қасқыр шауып,бір-бір қойдан әкете береді,ойын жалғаса береді.

Ойынға қызығушылықтан танытады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ертегінің мазмұнын біледі.

Түсінеді: Жағымжы, жағымсыз кейіпкерлерді ажыратуды.

Қолданады: ит-адамның досы, қасқыр-жабайы аң екенін.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:04.02.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ақылды лақ» (ертегі)

Мақсаты: а)Ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету; ә)Балалардың сөздік қорын молайту; б)Көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, үй жануарлары түріндегі ойыншықтар.

Билингвальдик компонент:ақылды-умный, лақ-козленок

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

«Төрт түлік» жыры

Шөре-шөре, шөлдедің бе, лағым,

Сонша неге елеңдейді құлағым?

Қойшы лағым, әлде қарның аштыма,

Сен жаласаң менің келер жылағым

Балалар қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық

-ізденістік

-Балалар,үй жануарларына не жатады?

-Мына жайлаудағы суретке қараңдаршы.Үй жануарлары төлдерімен жайылып жүр екен,осы үй жануарларының төлдерін атайық.

-Ендеше,сендерге үй жануарларының бірі «Ақылды лақ»туралы ертегіні оқып берейін. «Ақылды лақ»ертегісін мәнерлеп оқу.

Сұрақ-жауап арқылы ертегі мазмұны не жайлы екенін білу.

-Ертегі қалай аталады?

-Ертегі ұнады ма?

-Ел көшкенде қандай төлдер қалып қойды?

-Олар не істеді?

Сергіту сәті

Қошақана қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың

Секең секең ей лақ

Жүрмін саған кейіп-ақ

Тыным тапсаң болмайма

Секірмей ақ кейіп ақ

Ботақаны нардың,

Жарға неге бардың?

Тілерсегің дірілдеп

Секіре алмай қалдың

Түйеніңтөлі-ботақан,қойдыңтөлі-қошақан,ешкінің төлі-лақ,жылқының төлі-құлын,сиырдың төлі-бұзау.

Ертегіні мұқият тыңдайды.

«Ақылды лақ»

Ұнады

Лақ,бұзау,тоқты

Дос болды

Төлдердің қыймылдарын жасайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Қортындылау.

Балалармен бірге «Ақылды лақ» ертегісін рөлдерге бөліп сахналау.Балалардың өнеріне ризашылық білдіріп,мақтау.

Балалар қызығушылық танытады.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ертегінің мазмұнын.

Түсінеді: малдың төлдерін қалай атау керектігін.

Қолданады:көркем әдеби тілде сөйлеуді.